«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет27/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Дәрістің мақсаты: Докторнаттардың педагогика ғылымының өзін өзі ұйымдастыру мәселелері, педагогиканың ғылыми жүйе ретіндегі құрылымы мен оның даму көздері, педагогиканың ғылыми жүйе ретіндегі қалыптасу тарихы туралы білімдері мен біліктіліктерін дамыту.
Дәрістің негізгі терминдері: педагогика ғылымы, ғылыми жүйе, ғылыми таным, таным теориясы.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Педагогика ғылымының өзін өзі ұйымдастыру мәселелері.
2. Педагогиканың ғылыми жүйе ретіндегі құрылымы және оның даму көздері.
3. Ғылым философиясы тұрғысынан білім берудің мақсаттарының және оның субъектілерінің дамуына көзқарас.


1. Педагогика ғылымының өзін өзі ұйымдастыру мәселелері.


Педагогика ғылымының ерекшеліктері. Педагогика ғылымы да кез келген басқа ғылыми пән сияқты қызметтер атқарады: сипаттау, түсіндіру және өзі зерделейтін шындық болмыстың бөлігіндегі құбылыстарды алдын ала болжай білу. Бұл қызметтер өзара байланысты. Айталық, алдын ала болжау (болжамдық қызмет) үшін алғышарт осы жағдайлардағы қағида шығатын заңдылықтарды іздестіру арқылы нәтижелердің шығу жәйін түсіндіру. Мысалы, мына немесе басқа оқыту әдісінің тиімсіздігін түсіндіру – сол әдісті қолданған кезде оқушылардың нақты оқу материалын меңгере алмауын көрсететін дәлелдерді сипаттау негізінде жүзеге асады.
Бірақ педагогика ғылымының объектісі әлеуметтік-гуманитарлық салада болғандықтан, оның өзіндік ерекшелігі бар. Дегенмен, педагогикалық білім алу үдерісі ғылыми танымның жалпы заңдылықтарына бағынады және бұл үрдіске нақты ғылыми әдістерді ендіру қажет, педагогикалық зерттеудің сипаты мен нәтижелері негізінен әлеуметтік-гуманитарлық салаға тән практикалық құндылық сананың әсерімен анықталады. Сондықтан педагогика ғылымын жаратылыстану ғылыми циклі пәндерінің үлгісімен құруға мүмкіндік жоқ. Сондай-ақ, бұл жүйені қалай жақсартуға, жаңартуға болатынын көрсету қажет. Міндет өзара байланысты екі бөлікті тек зерттеп қоймай, сондай-ақ құрастыру қажет. Ғылымның жоғарыда келтірілген қызметтеріне кейбір толықтырулар жасау керек. Шындық болмысты теориялық немесе эмпирикалық білім деңгейінде бейнелейтін педагогикадағы білім алу үдерісінің физика, химия немесе мысалы, тарихтағы болып жатқан үдерістерден ұстанымдық айырмашылығы жоқ. Бірақ педагогикалық болмыс зерделеніп отырғанда, тіпті ол нақты дәлелді болса да, бейнеленумен шектелмеу керек. Одан педагогикалық болмысқа әсер ету, жаңарту, жетілдіру талап етіледі. Өйткені педагогика басқа ғылымдарда түрлі пәндер арасында бөлінген екі қызметті атқарады: ғылыми-теориялық және құрастырушылық-техникалық (нормативтік, реттеушілік). Ғылыми-теориялық қызмет физика, химия, биология сияқты іргелі ғылымдарға, құрастырушылық-техникалық қызмет техникалық ғылымдарға, медицинаға және т.б. ғылымдарға тән. Педагогикада бұл екі қызмет біріктірілген. Педагогиканы тек теориялық ғылым немесе тек қолданбалы ғылым деп қарастыруға болмайды. Ол, бір жағынан, педагогикалық құбылыстарды сипаттайды және түсіндіреді, екінші жағынан қалай оқыту және тәрбиелеу керек, соған нұсқау береді. Ғылыми-теориялық қызметті іске асыра отырып, зерттеуші педагогикалық болмыстың мәнін көрсетеді. Нәтижесінде мұғалімдердің жаңа оқулықпен жұмысының табысты немесе табыссыз өтуінің себебі, оқушылардың белгілі бір типтегі оқу материалдарын оқып-үйренудегі қиындықтары, білім мазмұнының құрамы, қызметтері мен құрылымы туралы білімдер алынады.
Зерттеуші құрастырушылық-техникалық қызмет атқара отырып, педагогикалық болмысты нақты күйінде көрсетеді. Бұл керек білімдер – оқу-тәрбие үдерісінің мақсаттарына сәйкес педагогикалық әрекетті қалай жоспарлау, іске асыру және жетілдіру туралы білімдер. Бұған оқыту мен тәрбиелеудің жалпы ұстанымдары, жеке пәндерді оқыту ұстанымдары, педагогикалық ережелер, әдістемелік нұсқаулар және т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет