«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


-ғылымдарды жіктеу тұжырымдамалары және олардың гуманитарлық білімдегі орны



бет29/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

ылымдарды жіктеу тұжырымдамалары және олардың гуманитарлық білімдегі орны (Әл-Фараби, Ж.М. Әбділдин, Б.М. Кедров, В.С. Леднев, Б.Г. Юдин);
-ғылымның пәндік құрылымы туралы тұжырымдамалар (О.Ж. Әлиев, Н.А. Вершинина, Э.Г. Мирский, А.П. Огурцов, В.С. Степин);
-философия саласындағы ғылыми білімнің дамуы туралы тұжырымдамалар (Ж.М. Әбділдин, О.Ж. Әлиев, Ә. Нысанбаев, Г.М. Добров, В.В. Ильин, И. Лакатос, Т. Кун, М. Полани, К. Поппер, С. Тулмин, П. Фейерабенд);
-жалпы ғылымда және педагогикада ғылыми-педагогикалық білімнің маңызының артып отыруы туралы идеялар (Г.А. Уманов, А.П. Сейтешев, Г.Қ Нұрғалиева, В.А. Дмитриенко, В.И. Журавлев);
-ғылым дамуын зерделеу теорияларының ғылымның ақпараттық (Г.Қ. Нұрғалиева, Қ.М. Беркімбаев, Е.Ы. Бидайбеков), логикалық (Ж.М. Әбділдин, П.В. Копнин, Н.П. Коршунова), гносеологиялық (Ж.М. Әбділдин, Г.Х. Валеев, Г.В. Воробъев), социологиялық (М. Тажин, К. Биекенов, А.Е. Левин) модельдеріндегі көріністері;
-педагогиканың жалпы әдіснамасы және педагогикалық зерттеулер әдіснамасы (М.А. Данилов, В.Е. Гмурман, В.В. Краевский, Б.Т. Лихачев, А.М. Новиков, В.М. Полонский, В.И. Загвязинский, М.А. Лукацкий, Я.С. Турбовской, Н.Д. Хмель);
-педагогикалық ғылыми таным. инновациялар мен өлшемдер әдіснамасы (М.В. Богуславский, В.С. Лазарев, В. Ляудис, З.А. Малькова, Л.В. Мардахаев, Н.Н. Найденова, В.С. Шубинский, Н.Р. Юсуфбекова, В. Звонников).

3. Ғылым философиясы тұрғысынан білім берудің мақсаттарының және оның субъектілерінің дамуына көзқарас.


Педагогика дегеніміз не? Педагогика ғылымының объектісі мен пәні. «Педагогика» деген сөздің бірнеше мағынасы бар. Біріншіден, педагогика ғылымын осылай атайды. Екіншіден, педагогика өнер, сондықтан да ол практикаға теңестіріледі деген де пікір бар. Кейде педагогика деп оқу материалдарында, әдістемелерде, ұсыныстарда, нұсқауларда жоьаланатын әрекет жүйесін түсінеді. Осындай бір мағыналықтың болмауы шым- шытырыққа әкеледі, педагогиканың мәнін түсінудің анық болмауын туындатады. Соңғы уақытта бұл сөзбен оқытуға деген түрлі көзқарастар, әдістер және ұйымдастыру формалары туралы түсінік көрсетіп жүр (ынтымақтастық педагогикасы, қауіп-қатер педагогикасы, даму педагогикасы, мұражайлық педагогика және т.б.)
Дегенмен, осылайша терминді екі мағынада сипаттау анық түсіну мен ғылыми түрде көрсетуге кесірін тигізіп отыр. Мұндай жағдайда дәлел керек етпейтін ереже былай: негізгі түсініктер, дәлелдемелер анық және айқын бейнеленуі керек. Күрделі педагогикалық мәселелердітүсіндіруден бас тартпау үшін бір мағынадағы түсініктің анықтамасын қабылдаймыз: педагогика «педагогика ғылымын» білдіреді және бұл сөзді осы мағынада ғана қолданатын боламыз.
Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру үшін ғылым деп нені түсінеміз, соны қарастырайық. Бұл түсініктің көптеген анықтамалары бар. Тек бір анықтама дұрыс деп табу негізсіз болар еді. Қисын ережесінің біріне сай, ұқсас анықтаманы таңдау осы анықтама көмегімен шешілетін міндеттің ерекшелігіне сүйенеді. Мысалы, дін мен ғылымның айырмашылығын анықтау мақсатында бағытталған жұмыста ғылымды «институционалдаудың күдікті облысы » деп атаған. Институционалдау- жекеден қоғамдық салаға көшіру деген сөз. Бұл ретте күдік әрбір адамның жеке жетістігі болудан қалады және ол ғылыми танымның жинақталған, жалпыланған сипаттамасына айналады. Дін болса күдікті мойындамайды. Сенуші тек қана сенеді, күдіктенбейді. Автор, сонымен, әлемде рухани меңгерудің екі саласының - ғылым мен сенімнің арасындағы айырмашылықты: ғылымның негізгі белгісі- діннен бөлек ол әрнәрсені сеніммен ғана қабылдамайды және де ғылым әлеуметтік институттардың бірі болып табылатынын баса көрсетті.
Біздің міндетіміз - басқа. Ол адамдық әрекеттің бір саласы білім берудің құрылымын, әдістерін және ғылыми таным қисынын талдаумен байланысты болғандықтан, жоғарыда өте тар шеңберде келтірілген анықтама сәйкес келмейді.
Ғылымды кеңірек мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп қарастырады. Ғылымның тек білімдерге теңестірілмеуі маңызды нәрсе. Бұл кейбіреулер айтқандай, тек жай білімдер жүйесі емес, білімдер жасау, алу мақсатындағы әрекет, жұмыс. Ғылым саласындағы әрекет-ғылыми зеттеу. Бұл ғылымның құралдары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін объектілері туралы білімдердің қалыптасуымен аяқталатын объектіні жүйелі және мақсатқа бағытталған түрде зерделейтін таным үрдісінің ерекше түрі.
Педагогикалық шынайылық - жалпы шындықтың педагогикалық әрекетке енетін бөлігі. Бұл оқушы, мұғалім, олардың әрекеттері, оқыту мен тәрбиелеу әдістері, оқулықтар мен олардың мазмұны және т.б. мұндай әрекет тек ғылымда ғана көрініс таппайды. Ғылым - қоғамдық сананың бір түрі. Шындық өмір, сондай-ақ кәдуілгі (эмприкалық-ретсіз) таным үрдісінде және көркемдік бейнелік түрде де бейнелене алады.
Ғылымды қаншалықты сыйласақ та, ол бәрін жасай алады деп есептемеу керек. Ғылыми бейне немесе көріністің басқа бір түрін жақсырақ немесе басқадан «биік» деп қарастыруға мүлдем болмайды. Шекспир формулалар арқылы ойын білдіріп, ал Эйнштейн драмалар мен сонеттер жазсын десек, екеуі де ақылға сыйымсыз болар еді. Бір жағынан, ғылымда тәжірибенің орны мен рөлін пайдалану сипатында, ал көркемдік шығармашылықта- басқа жағынан айырмашылықтар бар. Ғалым сол ғылымда жинақталған білімнен, жалпы адами тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді. Көркемдік шығармашылықтағы жалпы адами және жеке тұлғалық тәжірибе ара қатынасында жеке тәжірибенің маңызы үлкен. Жеке тәжірибені сипаттау - А.С. Макаренконың «Ұстазды дастанындағы» көркемдік бейнелік ойластырумен қосылып кеткен. Бұл бағыт басқа жазушы-педагогтардың публицистикалық шығармаларында жалғастырылады. Екі жанр арасындағы айырмашылық- көркемдік жинақталудың негізгі түрі - типтерге бөлу болса, ғылымда осы қызметті түсініктердегі, болжамдардағы, теориялардағы абстрактілі, қисынды ойлау атқарады. Көркемдік шығармашылықта типтеудің негізгі құрамы көркем бейне болып табылады.
Шындық болмысты рухани игерудің басқа түрі - ретсіз-эмприкалық таным. Педагогика танымының осы екі түрін – ғылыми және эмприкалық танымды жеткілікті деңгейде ажырата алмайтындығы, тіпті пратик-педагог өзінің алдында арнайы ғылыми мақсаттар қоймай-ақ және ғылыми танымның құралдарын пайдаланбай-ақ, зерттеушінің жағдайында болуынан көрінеді. Ғылыми білімді практикалық педагогикалық әрекет барысында ғылыми ойластырумен өзіңді қинамай-ақ алуға болады деген пікір айтылып жүр, сондай-ақ педагогикалық теория өзінен-өзі практикадан «өсіп шығады» деген де пікір бар. Бірақ бұл дәл олай емес. Ғылыми таным үрдісі- ерекше үрдіс. Ол адамдардың танымдық қызметінен, таным құралдарынан, оның нысандарынан және білімнен тұрады. Кәдуілгі таным одан мән жағынан ерекшеленеді. Негізгі айырмашылықтар мыналар.
Ғылыми танымды адамдардың арнайы топтары, ал эмприкалық танымды барлық іс-әрекетпен айналысушылар жүзеге асырады. Білімнің көзі түрлі практикалық іс-әрекет болып табылады. Бұл бір қосымша арнайы алынбаған білім. Ғылымда арнайы танымдық мақсаттар қойылады және ғылыми зерттеу жүйелі және мақсатты бағытталған сипат алады, ол ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған. Оның нәтижелері ғылымды белгілі бір олқылықтардың орнын толтырады. Зерттеу барысында танымның арнайы құралдары қолданылады: моделдеу, болжамдар жасау, эксперимент жүргізу және т.б.
Практикалық әрекеттерді ғылыми мәселелерден ажырата алу керек. Мысалы, оқушылардың оқудағы артта қалушылығын болдырмау- бұл практикалық міндет. Бұны ғылыми зерттеу жүргізбей-ақ шешуге болады. Бірақ оны ғылыми негізде шешкен жақсырақ болады. Дегенмен, ғылыми мәселе практикалық міндетпен сәйкес келмейді, екеуі бір нәрсе емес. Осы жағдайда мәселенің атын былай құрастыруға болады, мысалы, оқушыларда өзіндік танымды қалыптастыру мәселесі немесе олардың оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру мәселесі. Бір практикалық міндет бірнеше ғылыми мәселелерді зерттеу нәтижелерінің негізінде шешілуі мүмкін. Басқа жағынан, бір мәселені шешу, бірнеше практикалық мәселелерді шешуге септігін тигізуі ықтимал.
Ғылым философиясы тұрғысынан білім берудің мақсаттарының және оның субъектілерінің дамуына көзқарас. Білім беру бүкіл әлемде базалық жалпы мәдени құндылықтар ретінде қарастырылады. Демек, білім берудің мәдени-шығармашылық миссиясы - «мәдениетті адамды» қалыптастыруды қамтамасыз ету. Қазіргі білім беру әлемдік дағдарыстан шығу үдерісінің ең белсенді қатысушысы екен. Осыдан білім берудің ең басты міндеті туындайды: әрбір адамның генетикалық негіздегі қабілеттерін дамытуды барынша қамтамасыз ету, адамдарда сыни ойлауды дамыту, оларды замануи ғылым, техника, технологиядағы нақты білімдермен қаруландыру, өзгермелі табиғи жағдайда осы білімдерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру. ЮНЕСКО ның құжаттарына сәйкес замануи білім берудің мақсаттары: оқушыға танымға үйренуге, жұмыс жасауға үйренуге, өзімен өзі келісімді болуға үйренуге көмектесу.
Білім берудің мақсаттарын нақтылап, құрамдас бөліктерін ашып көрсетейік: оқушыға қоршаған дүниені тануға үйренуге көмектесу қажет. Оқушыны таным үдерісіне үйренуге көмектесу білім беру ұйымдарының міндеттерінің жүйесінде көптен қойылып жүр. Бірақ мектептерде оқушылардың жалпы оқу жетістіктері, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың тұтас жүйесі әлі күнге дейін толық құрылған жоқ. Білім берудің бірінші мақсатын орындау үшін оқушылардың ақпарат жинау, зерттеу әрекетіне және зерттеу біліктіліктерін меңгеруге қызығушылығын дамытуға жағдай жасалуы тиіс. Айталық, білім алуға үйрену үшін оның зияткерлік мәдениеті, ақпараттық мәдениеті, өзін-өзі ұйымдастыру мәдениеті, зерттеу мәдениеті дамытылады. Бұл мәдениет түрлері оқушыға өмір бойы оқып үйренуге мүмкіндік тудырады. Сонымен, «өмір бойы білім алу» шындық болмысқа айналады.
Білім берудің екінші мақсаты – оқушыға еңбек етуге, жұмыс жасауға үйренуге көмектесу. Ең әуелі, білімдерін практикада пайдалануды үйрету үшін оқушыларда жүйелі сыни ойлауды дамытуға әсер етіледі. Еңбек етуге үйрену өзінің кәсіби әрекет саласында өзін жетілдіру қажеттілігімен байланысты. Ең алдымен, білімдерін практикада қолдануға және теориялық мәселелерді шешуге үйреніледі. Бұл оқушыда жүйелі ойлауды қалыптастырады. Сондай-ақ, өзі таңдаған салада кәсіби маман болуы үшін оқушыларда көшбасшылық сапаны тәрбиелеу қажеттігі де туындайды. Көшбасшы – нақты саланың мәселелерін талдауға, сыни ойлауға, өзінің айналасындағы мәселені шешу үшін адамдарды топтастыруға қабілетті маман. Сонымен, көшбасшыны тәрбиелеу – білім беру мақсаттарының бірі.
Білім берудің келесі мақсаты – оқушыға адамдармен бірге өмір сүруге үйренуге көмектесу. Адамдармен өмір сүру үшін басқаны қабылдау мен түсінуге, оған құндылық ретінде қарауға, топта, сыныпта, отбасында, әлеуметте, әлемде өмір сүру дағдыларын меңгеруге үйренеді. Осыған байланысты балалардың әлемдегі өзара бағыныштылықты түсіну сезімін ояту және қолдау, оларды қарым-қатынаста кикілжіңнің алдын алуға үйрету аса маңызды болып табылады. Коммуникацияда ең негізгісі – басқа адамды құндылық ретінде сезіну. Басқаны қабылдау, түсіну, оған көмектесу сияқты адами сапалар коммуникативті мәдениетке тән.
Білім берудің тағы бір мақсаты – оқушыны өзімен өзі татулық сезімде болуға үйрету. Әрбір жаңа ұрпақты мәдениетке баулу қызметін білім беру атқарады. Білім беру адамзат жинақтаған әлеуметтік тұрғыдан мәнді білімдер мен тәжірибені кең ауқымда таратуға, мәдени-тарихи сабақтастықты сақтауға мүмкіндік жасайды. Бұл күрделі міндеттерді шешу үшін педагогиканың қисынды ғылыми аппараты, ғылыми әдістері, дамыған әдіснамасы болуы шарт. Оның ғылыми білімі пәндік, қайталанушылық, объективтік, эмпирикалық және теориялық тұрғыдан негізделгендіктен, логикалық дәлелділік сияқты сапаларға ие болып отыр (Т.И. Шамова және т.б.).
Бүгінгі күні адамтануда адамның адамзаттың тарихты меңгерген ақыл-парасатын, мәдениет әлемін құруға қабілетін, өмір тәжірибесін мұра етуге қабілетін атап көрсетуде. Ғалымдар адамның биологиялық табиғаты көп өзгеріске ұшырамағанын алға тартады. Әрине қазіргі адам мен оның ерте замандағы ата-бабалары арасында үлкен айырмашылық-арақашықтық бар. Бұл өзгеріске мәдени даму әсер еткен. Мәдениет – әрқашан тарихи категория. Адамның мәдени даму салдары оны үш өлшемде: өткенге, қазіргіге және болашаққа көз сала отырып өмір сүруге итермелейді. Адамның жеке өмірінде өткеннің мәдени тәжірибесін, оның қазіргі уақытта толықтырылуын және болашақта өрлеуін қайта қарастыруды талап етеді. Мәдени әлемді жасаушы адам – өзін де жасаушы. Адамның ерекше табиғаты және оның әлеуметтілігі күрделі түрде шиеленісіп қиылысқан.
Антик дәуіріндегі адам. Антик дәуірінің философтары «оқып үйренуші- адам» оқыту мен тәрбие аясында ізгілікті өмір сүру қабілетін игереді деп тұжырымдады.
Орта ғасыр және қайта өрлеу дәуіріндегі адам. Бұл тарихи дәуірде сенім арқылы тәрбиелеу педагогикасы орнықты. Орта ғасырдың діни педагогикасы білім берудің антиктік мұратын жоққа шығарды. Олар оқытуды Құдайды және жанның құдайлық мәнін танудың бірден–бір жолы деп түсінді. Ренессанс дәуіріне «гуманизм» ұғымы тән болды.
Жаңа дәуірдегі адам. Бұл дәуірдің философтары Ф. Бэкон, Р. Декарт, Б. Спиноза, Г.В. Лейбниц, Д. Юм, Дж. Локк және басқалардың еңбектерінде білім берудің адамның интеллектуалдық қабілетін дамытуда және дене күштерін нығайтуға қажеттілігін түсіну негізделеді. «Оқып-үйренуші» адам бейнесін немістің классикалық философиясы дамыта алды. Білім беру адамның өзін және әлемді жасау құралы, білім беру оның өзіндік санасын қалыптастыра алады деп пайымдалды.
Қазіргі заман адамы. ХХ ғасырда білім беру мәселелерін шешудің түрлі нұсқалары ұсынылды. Білім беру туралы ойлардың теориялық негіздеріне феноменология, герменевтика, философиялық және педагогикалық антропология, персонализм, экзистенциализм, тіл философиясы, структурализм, психоанализ, бихевиоризм, когнитивті психология және т.б. алынды.
ХХ ғасырда «оқып-үйренуші адам» білім беру үдерісінде мәдениет тілдерін пайдалануға, мәдениет мәтіндерін түсіндіруге, өзгелермен және өзімен қарым-қатынасқа түсу дағдыларын меңгеруге қабілетті адам деп танылды. Адамдарды тарихи-мәдени даму субъектісі ретінде зерделеу ғылыми білімдердің қазіргі шындық болмысты бейнелеуі туралы ғылыми деңгейдегі білімдердің дамуын қалыптастыруды талап етеді. Ғылыми білім шындық болмысты бейнелейтін жаңа деректермен толыққанда ғана өзінің өрістегенін көрсетеді. Осы деректермен толығу үдерісі зерттеудің ғылыми негізделген жаңа әдістерін пайдалануды талап етеді. Бұл әдістер, өз кезегінде, ғылымтанудағы әдіснамалық деп аталатын теориялық қағидалар жиынтығынан құрылады.
Педагогикада «білім беру» ұғымы мәні жағынан тәрбиеге өте жақын. Білім беру қоғамдық құбылысты, әрі педагогикалық үдерісті білдіреді. Ол педагогиканың объектісін жалпы әлеуметтік нысанға ендіреді, сондықтан педагогика ғылымының объектісі – білім беру деуге болады. Педагогика – бұл білім беру әрекетінің түрлі жақтарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім беру туралы арнайы ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын бірден–бір ғылыми пән.
Білім беру жүйесінің әрекетінің тиімділігі педагогика ғылымының жетістіктеріне тікелей байланысты. Әрбір келесі ұрпақты қалайша оқыту және тәрбиелеу керектігін білім беру саласына жеткізу туралы күмән жайттарды азайту үшін педагогика ұзақ тарихи кезеңді басынан кешірді. Әйтсе де, педагогика бірден өзін қалыптасқан ғылым деп атай алмады. Педагогиканың ғылымилық мәртебесін алуының ұзақ жолы – көп рет тексерілген теориялық негіздер, бұл қағидаларды тексеру және қайта тексерулер, адамзаттың мәдени және өркениеттік жетістіктерін сақтау және көбейтуге жауапты әлеуметтік институтқа қызмет ететіндей, оның шындық болмыста қайта құруға қабілетті болуын қажет еді.
Педагогика басқа ғылымдармен тығыз ынтымақтастықта дамыды. Оның үнемі өзінің ғылыми құрал-жабдықтарын, ғылыми логикасын басқа ғылымдардағы ғылыми аппаратпен, әдіс-тәсілдермен салыстыруға мүмкіндігі болды. Педагогика нақты теориялық және қолданбалы жасалымдарға қажет жалпы ғылымилық негіздерді өңдеп, терең зерделеп отырды. Педагогиканың жалпы ғылымилық негіздері оның көп ғасырлық болмысында мәнді өзгерістерге ұшырады. Демек, педагогика үшін заманауи сұрақ: бүгінгі күні педагогиканың дидактикалық және психологиялық негіздері қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет