«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет25/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Аналитикалық философия (Б. Рассел, Л. Витгенштейн, Г. Фреге және т.б.). Кез келген философиялық ілімнің екі құрамдас бөлігі бар. Біріншісінде – әлем, ондағы адам орны, адамзат тарихының даму бағыты мен мазмұны, ізгілік, жақсылық, жамандық, өмірдің мәні, адам болмысындағы әдеміліктің рөлі және т.б. дүниетанымдық түсініктер. Екіншісінде – өз ойларының шындық екендігін келтіретін ойшылдың дәлелдері, пікірлері, пайымдаулары (талдау философиясы). Сонымен, талдау философиясы пайда болды. Бұл философиялық бағыттың негізіне талдау әдістерін басым қарастыру тән. Талдауды ойша да жасауға болады. Философия үшін бұл – кең таралған әдіс. Талдау – философтардың белгілі бір типіне жататын әрекет. Аналитикалық философия өкілдері философиялық таным алдындағы міндеттерді қайта қарастырады.
Психолог баланың тілді меңгеру үдерісін зерттесе, философ «сөздерге мән не береді?» деп сұрайды. Аналитикалық философия – философиялық ойлау стилі, қолданылатын терминологияның дәлдігін бәрінен де жоғары қоятын ілім. Педагогикадағы ойлаудың дәлдігі, ұғымдық-категориялық аппараттың игерілгендігі қажет болғандықтан аналитикалық философияны зерделеу маңызды. Педагогикадағы эмпирикалық-аналитикалық бағыт теориялық педагогиканы педагогикалық білім құрылымы, педагогикалық теория мәртебесі және т.б. зерделеуге итермеледі. Эмпирикалық-аналитикалық педагогика – педагогикалық білімнің ғылымилығы талабын орындауға көмегін тигізді.
Персонализм. Персонализм – мәдениеттің басты құндылығы мен шындығы адам болып табылады деген түсінікті басшылыққа алатын XX ғасырдағы философиялық-мәдениеттанушылық бағыт. Персонализм тұлғаны абсолют ретінде түсінеді. Бұл түсінік тұлғаның еркіндігі идеясына жетелейді. Осы ұғымда тұлға үш негізгі белгімен сипаттталады: экстериоризация (адамның өзін сыртқы ортада жүзеге асыруы), интероризация (адамның жан-дүниесіне үңілуі, оның рухани әлемі) және трансцеденция (сананың жоғары, құдайлық құндылықтарға – ақиқатқа, сұлулыққа, ізгілікке бағытталуы). Персоналистер тұлғалық қарым-қатынасты адам өмірінің басты мақсаты деп санап, назарды соған аударды. Онда тұлғалық қарым-қатынастың нақты сипаты орнығады, себебі әрбір индивидтің «мақсаты өзінде, сонымен қатар басқаларда да», ол Сен мен Меннің және Біздің кездесуіміз ерекше персоналистік тәжірибені – жан дүние қарым-қатынасын қалыптастырады деп айтты.
Постмодернизм. Постмодернизм – дәл мағынасында модерннен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді. «Қазіргі заман» ұғымының нақты анықтамасы жоқ. Жаңа дәуір рационализмі, Ағартушылық дәуірінің ағымы, сондай-ақ XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет, XX ғасыр басындағы авангард та қазіргі заман ретінде қарастырылуы мүмкін. Сол себепті, осы дәуірден кейінгінің бәрін постмодернизм деп атайды. Постмодернизм термині 1917 жылдан бастап қолданысқа енгенмен, оның кең таралуы мен терең түсінілуі 1960 жылдан басталды. XX ғасырда архитектурадағы стиль атауы ретінде пайда болып, ол кейін әдебиет пен өнердегі өзгерістерді, сол сияқты әлеуметтік-экономикалық, технологиялық және саяси аймақтағы өзгерістерді сипаттау мақсатында қолданылды. Француз философы Ж. Лиотардың «Постмодернизм тағдыры» еңбегінің негізінде постмодернизм термин-ұғым мәртебесіне ие болды. Ол постмодернизм туралы пікірталасты философия мен мәдениет аймағына да таратты. Ол белгілі бір парадигманың үстемдігін жоққа шығарып, орталықсыздандыру ұстанымын орнықтырды. Сондықтан постмодернизм мәтіндердің нақтылығы мен олардың плюрализмін бекітеді. Лабиринт ұстанымы бойынша құрылып, БАҚ гипершындығын тудыратын «гипермәтін» ұғымы пайда болады. Ақпарат ағымы адамды виртуалды шындық жағдайына әкеледі деп түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет