«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет33/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Педагогиканың өз түсініктері. Оларға жататындар: “педагогика”, “тәрбие”, “педагогикалық әрекет”, “педагогикалық болмыс”, “педагогикалық өзара әрекеттестік”, “педагогикалық жүйе”, “білімдік үдеріс”,“оқыту мен білім алу”, “оқу пәні”, “оқу материалы”, “оқу жағдаяты”, “оытқу әдісі”, “оқыту тәсілі”, “мұғалім”, “оқушы”, “сабақ” және басқалар. Бұл барлық түсініктер өзара байланысты, өздері көрініс табатын болмыстың құбылыстары сияқты олар жылжымалы және икемді. Ғылыми және практикалық жұмыс барысында олардың мазмұны қайта ойластырылады, байиды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілгендей және жоғарыда келтірілгендей, білім берудің анықтамасын басшылыққа ала отырып, білім үдерісін құрайтын екі негізгі құрамдас бөліктер – тәрбие мен оқыту туралы түсініктерімізді нақтылаймыз. Педагогиканың объектісінің педагогиканы оқыту мен тәрбиені біріктіретін тұтастық деп қарастыратын анықтамасын негізге аламыз. Екеуінің де жалпы мақсаты – адамдарды қоғам өміріне баулу, яғни, адамды мақсатты бағытта әлеуметтендіру. Осы бүкіл үдеріс екі құрамдас бөліктерден немесе кезеңдерден тұратынын қарастырайық. Бірінші бөлігі – оқыту дегеніміз оқушыларды (кез келген білім алушыларды) оларға әлеуметтік тәжірибені беру арқылы өмірге даярлау, екіншісі – тәрбиелеп және оқытып отырған оқушыларымызды өмірге баулу мақсатындағы тәрбие. Шындығында, білім беру үдерісінде, әрекеттің бірлігін қамтамасыз етуге арналған арнайы жұмыстың қажеттігі туралы мәселе одан әрі талқылана береді. Осымен, бір жағынан, оқушыларды оқытудың әдістері арқылы өмірге дайындаудың, ал екінші жағынан тәрбие әдістері арқылы оларды өмірге ендірудің айырмашылықтары шартты байланысты болады.
Педагогика ғылымы үшін тәрбие мен оқыту тұтас оқу-тәрбиелік әрекеттің екі аспектісі болып есептеледі. Бірақ бұл бірлік айырмашылықтар арқылы іске асады. Оқыту тәрбиеленушіні өмірге енгізуден бөлінбейді. Бұл ретте ол оқу- тәрбие үрдісінің өмірге даярлау ісі басым бөлігінде орын алады, қанат жаяды. Өз кезегінде тәрбие оқушыны өмірге даярлаудың табиғи жалғасы болып табылады. Сонымен, оқытудағы тәрбие және тәрбиедегі оқыту бар. Шындығында, істің мәні осылай. Бірақ шындық – өмірдегі тұтас құбылыс, ғылыми талдау мақсаттарында, жеке бөліктерге, қырларға ажыратылып, қарастырылуы мүмкін. Оқытуды дидактика өзінің объектісі ретінде, бұл құбылыстың мәңгілік мәнін тану барысында оның шығуы мен дамуын, сондай-ақ басқа оқу пәндері тұрғысынан қарастырылуының түрлі қырларын есепке алу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет