«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет34/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Жалпы ғылымдық түсініктер. Ғылымның дамуы ғылыми білімнің саралануы мен кірігуінің өзара байланысты үрдісімен сипатталатыны бәрімізге мәлім. Ғылымдардың жақындасу үрдісі, кешенді тәсілді қолдану лөптеген жеке ғалымдарға тән жалпы, бірақ философиялық ұғымдардан ажыратылатын түсініктердің пайда болуына әкеп соқты. Бұндай интегративті сипаттағы ғылыми негіздеме бірнеше пәндердің әлеуетін біріктіретін түсініктерпедагогикада да кеңінен қолданылуда. Осы уақытта іргелі зерттеу жүргізу мұндай жалпы ғылымдық “жүйе”, “құрылым”, “қызмет”, “әлеуметтік”, “оңтайлылық”, “жағдай”, “ұйымдастыру”, “түрге ену”, “болжам”, “деңгей” және басқа да түсініктерсіз мүмкін емес.
Терминологиядағы жалпы мен ерекшенің бірлігі. Біз жалпы ғылыми түсініктерді өзіміздің пәнімізге қатысты ойластырсақ, педагогиканың терминологиясы “педагогикалық болмыс”, “педагогикалық жүйе”, “білімдік үрдіс”, “педагогикалық өзара әрекеттестік”, сияқты сөз тіркестерімен байиды. Олардың қысқаша сипаттамасын берейік.

Ең алдымен, бұл және басқа да педагогикалық түсініктерге түсініктеме беру үшін жүйе және жүйелілік тәсіл туралы жалпы ғылымилық түсініктерді есепке алу қажет. Қазіргі кезеңде әрбір күрделі объектінің осы бағыттарда қаралуы әбден қажет. Өйткені педагогика дегеніміз- осы әрекеттердіғ бір түрі туралы ғылым болғандықтан, оның объектісін зерделеудің ғылыми тәсілін жүйелілік- әрекеттік деп атағанымыз жөн болар. Бұл жалпы ғылымилық ұғымдар аясында жоғарыда көрсетілген үш түсінікті қарастырамыз. Жүйе дегеніміз - бір өзгеріске ұшыраса, басқалары да өзгеретін өзара байланысты элементтердің тұтас кешені. Зерделенетін объектіге жүйелі тәсілді қолдануды анықтау есепке алынатын жүйенің ең қажетті сипаттамасы: құрамы (оған енетін элементтер жиынтығы), құрылымы (олардың арасындағы байланыс) және әрбір элементтердің қызметі, оның жүйедегі рөлі мен маңызы. Өз кезегінде жүйенің элементі басқа бір кең жүйеге оның бөлігі ретінде енуі мүмкін.

Философиялық тұрғыдан әрекет мазмұныәлемді өзгерту мен қайта құру болып табылатын адамның өзін қоршаған әлемге белсінді қарым- қатынасы.

Адам әрекетінің жеке түрлері- өндірістік, эканомикалық, ғылыми этикалық, педагогикалық әрекеттер кеңірек жүйенің, мысалы, қоғамды тұтас алсақ, соның бір кіші жүйесі болып табылады. Сонымен, жүйелілік және әрекеттік тәсілдер бірігеді де, қоғамдық әрекетке, жеке алғанда ғылыми және педагогикалық әрекетке жүйелілік- әрекеттік тәсіл қолданылады.
Енді тек мұғалім жұмысымен шектелмейтін “педагогикалық әрекет” ұғымы мазмұнын нақты анықтауға болады. Жалпы әлеуметтік мағынада, өндірістік, саяси, эканомикалық және т.б. әрекеттерімен қатар әрекеттің бұл кіші жүйесінен құралатын осындай әрекет адамдарды қоғам өміріне қатысуға үйрету қызметін атқарады. Тұтас педагогикалық әрекет жүйесін құрайтын әрекеттің келесі түрлері былайша ажыратылады:
-практик-педагогтардың жұмысы; олар өздері оқытып және тәрбиелеп отырғандарға олармен тікелей қарым- қатынас барысында адамзаттың мәдени мұрасын жеткізеді, олардың қабілетін дамытады, жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етеді.;
-әкімшілік әрекет- білімдік үрдісті ұйымдастырушы; онымен көптеген білім саласы басшылары, ұымдастырушылары айналысады;
-ғылыми-зерттеу әрекеті- онымен ғылымдық- білімдік мекемелердің, яғни педагогика ғылыми- зерттеу институттары және жоғарғы оқу орындары педагогика кафедраларының қызметкерлері айналысады; ол қоғамдық институт ретіндегі ғылыми білім жасайтын қоғамдық саланың бір бөлігі болып табылады;
-педагогика ғылымы нәтижелерін практикаға жеткізу; бұған мамандық арттыру және қосымша білім мекемелері,жалпы мұғалімге әдістемелік көмек көрсететіндердің бәрі жатады;
Жүйе және әрекет туралы айтылғандардың барін есепке алсақ, педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатын “педагогикалық жүйе” терминін түсіну аса қиынға соқпайды. Бұндай жүйе өзінің құрамына, яғни оның элементтерінің мазмұнына байланысты нақты толықтырылады: оқытудың ұйымдастыру формалары немесе әдістері, білім мазмұны элеметтер жүйесі, әдістемелік жүйе, тәрбие жүйесі және т.б. Бұл жүйені жасаушыға немесе оның зерттеушісіне қойылатын басты талап - оны жүйелілік тәсіл тұрғысынан сипаттай білу, құрамын, құрылымын және қызметтерін нақты белгілеу.
Біз “педагогикалық болмыс” деген сөздерді бірнеше рет қолдандық. Оның себебі түсінікті. Педагогика кез келген ғылым сияқы объективті болмысты бейнелейді.Бұл ретте ғылым осы ғылымдарда қалыптасқан түсініктер арқылы өз зерттеу объектісін бөліп көрсетеді. Мысалы, физика физикалық шынайы болмысты зерделейді.Педагогика ғылымы назарында арнайы талдау объектісі болып педагогикалық әрекетке енгендер алынады. Сондықтан педагогикалық болмысты педагогиканың әрекет аспектісінде ғылыми қарастыруға алынған болмыс деп анықтауға болады.
Мынадай мысал келтіруге болады. Сабақ үстінде бөлмеге ұшып келген шыбын мұғалім столының үстіндегі кітапқа келіп қонды. Бұл болмыстың бір бөлігі болып табыла ма? Әрине, тек жалпы болмыстың, арнайы иедагогикалық болмыстың емес, ал ол педагогикалық болмысқа ену үшін оқулық авторы ол туралы сәйкес бөлімде әңгіме беруі керек, ал мұғалім болса, генетика заңдарын баяндай отырып, ғалымдардың кішкентай шыбындармен жүргізген эксперименттерінің мәліметтері негізінде дәлелдер айтуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет