«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


-сурет. Педагогика әдіснамасының даму кезеңдері



бет42/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

2-сурет. Педагогика әдіснамасының даму кезеңдері
кезеңдеріЭтапы развития методологии педагогики


Қазақстанда да ғалымдар педагогикалық білімнің түрлі саласында зерттеулер жүргізумен қатар әдіснамалық құрылғыларға баса назар аударды.
Білім беруді жетілдірудің қазіргі жағдайында білім беру саласындағы оның ғылыми негіздерін әдіснамалық талдау үнемі өзекті болып отырады. Сонымен бірге, педагогика әдіснамасын жаңаша түсіндіру мен пайдалану қажеттігі де сезіле бастады.
Осылайша, педагогика әдіснамасын ғалымдар мына жағдайларда пайдаланады:
- жаңа педагогикалық ойларды іздестіруде және жаңа педагогикалық теорияларды құрастыруда;
- педагогика ғылымы мен тәжірибесі арасындағы байланыстың жаңа түрлерін ашуда;
- мақсаттылықты ғылыми негіздеу үдерісінде және педагогтардың білім беру және тәрбиелеу әрекеті мазмұнын жаңартудың жолдарын іздестіруде;
- оқыту үдерісінде пәнаралық байланыстардың жаңа түрлерінің тиімділігін ғылыми түсіндіруде;
- педагогикалық жобалау мен үлгілеудің жаңа әдістерін қарастыруда;
- қазіргі педагогика әдіснамасындағы педагогикалық инноватиканың орнын анықтауда және білім беру ұйымдарындағы инновациялық іс-әрекетті әдіснамалық қамтамасыз етуде және т.б.
Педагогика әдіснамасының тарихын зерделеу, дамуының логикасы мен үдерістерін ашып көрсету педагогика ғылымының XIX ғасыр соңынан және XX ғасыр бойы төмендегі жайттарды мүмкін етуімен шартты байланыста болды:
-педагогика ғылымы мен практикасының негізіне жататын ғылыми-педагогикалық ізденістегі жаңа әдіснамалық негіздемелер мен бағдарламалардың пайда болу көздерін, олардың жаңа идеялармен немесе болжамдармен баюының көздерін нақтылау және ашып көрсету;
-ғылыми қауымдастықта танымал және мойындалған педагогикалық идеялардың, тұжырымдамалардың немесе теориялардың дамуының әдістері мен тәсілдерін жүйелеу.
Әдіснамашы ғалымдар ізденістерінің нәтижелері белсенді ғылыми-әрекет кезеңдеріне сәйкес педагогика әдіснамасының дамуының сипатына енгізілді. Бұл педагогикада әдіснамалық дәстүрлердің – педагогикалық әдіснаманың кезеңдік даму тарихының қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Педагогикалық әдіснаманың даму тарихы, педагогика саласындағы әдіснамалық білім, педагогикалық әдіснаманың құрылымы мен қызметтері педагогикалық зерттеулер сапасын бағалау мәселелері ерекше ғылыми тұрғыда талданып, Бүкілодақтық әдіснамалық семинарларда үлкен сынақтан өтіп, ғылыми кауымдастыққа ұсынылды.
Сонымен, педагогика әдіснамасы саласындағы жетістіктерге ғалымдар жаңа педагогикалық идеялар іздегенде және педагогикалық теория жасағанда, педагогика ғылымы мен практикасы байланыстарының жаңа типтерін қарастырғанда, педагогикалық жобалау мен модельдеудің әдістерін іздестіру барысына сүйенеді. Педагогикадағы әдіснамалық дәстүрді талдау 1971-1991 жылдары педагогика әдіснамасы белсенді дамыған және шын мәніндегі жүйелі әдіснаманың өрістеуіне кең жол ашты.
Соңғы жиырма бес жылдықта педагогика әдіснамасы ғылыми жүйе ретінде жинақталды, зерттеушіге тікелей бағытталған, зерттеу жұмысының әлеуетін қалыптастыратын нормативті білім кешенін жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет