«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


философия категорияларының әдіснамалық рөлін айқындау арқылы



бет38/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

-философия категорияларының әдіснамалық рөлін айқындау арқылы: қарама-қайшылық - оқу-тәрбие үдерісін дамыту көзі ретінде (М.А. Данилов, В.И. Загвязинский және т.б.); педагогиканың мәні (В.В. Краевский, А.В. Коржуев, Н.А. Вершинина және т.б.); педагогикалық құбылыстардағы қажеттілік пен кездейсоқтықтың арақатынасы (Б.П. Битинас, Г.В. Воробъев және т.б.); іс-әрекет психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нысаны ретінде, іс-әрекет түсіндірмелі ұстаным ретінде (В.В. Давыдов, А.К. Маркова және т.б.); педагогикадағы заңдар мен заңдылықтар (П.Н. Груздев, В.Я. Струминский, В.Е. Гмурман, И.Я. Лернер, А.А. Левшин, Б.С. Гершунский және т.б.); іс-әрекет жетістігі - педагогика категориясы ретінде (Ю.Н. Кулюткин, А.Қ. Рысбаева және т.б.); педагогикадағы жүйелілік тұғыр (А.Т. Куракин, Л.Н. Новикова, Н.В. Кузьмина, А.П. Ковалев, Я. Скалкова, С.И. Архангельский, В.П.Беспалько, Н.В. Бордовская, Т.Г. Галиев және т.б.); педагогикадағы жүйелілік-құрылымдық тұғыр (М.А. Данилов, Т.А. Ильина және т.б.); педагогикадағы жүйелілік-синергетикалық тұғыр (Н.Д. Хмель, З. Жанабаев, Л.Х. Мажитова, Б. Мұқышев және т.б.); педагогикадағы іс-әрекеттік тұғыр (Г.И. Щукина, В.С. Ильин және т.б.); педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі кешенді тұғыр (Ю.К.Бабанский, М.М. Поташник, И.С. Марьенко және т.б.); мәндік тұғыр (А.В. Коржуев және т.б.); өркениеттік тұғыр (Г.Б. Корнетов); құзыреттілік тұғыр (Д. Равен, А.В. Хуторской, Б.Т. Барсай, К.С. Құдайбергенева және т.б.); ақпараттық тұғыр Д.М. Жүсіпәлиева, С.Н. Лактионова, Е.Ы. Бидайбеков, Қ.М. Беркімбаев және т.б.).
-педагогикалық білімдер жүйесі дамуының қисыны: педагогиканың ғылым ретіндегі мәртебесі, педагогика нысаны мен пәні, педагогика құрылымын зерттеу әдіснамасы, педагогиканың ғылыми білім жүйесіндегі орны (М.А. Данилов, В.И. Журавлев, В.Е. Гмурман, Ф.Ф. Королев, Н.К. Гончаров, Э.И. Моносзон, Б.Т. Лихачев, Н.А. Вершинина және т.б.); педагогика ғылымының даму қайнар көздері, педагогика теориясы мен тәжірибесінің өзара әрекеті, ғылыми білім қалыптасуының қисыны (Л.В. Занков, К.Н. Волков, Х.Й. Лийметс, Ф.А. Фрадкин, Б.Т. Лихачев, В.С. Шубинский, Я.С. Турбовской, Н.В. Кухарев, Л.И. Гусев, Г.Л. Лукпанов, В.И. Гинецинский, А.А. Арламов және т.б.); педагогика ғылымын дамытушы факторлар (В.С. Ильин және т.б.); педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппаратын байыту, жүйелеу және реттеу (В.Е. Гмурман, И.М. Кантор, И.С. Марьенко, В.И. Журавлев, Н.Л. Коршунова, В.М. Полонский және т.б.); педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу барысындағы педагогикалық шынайылық туралы эмпирикалық және теориялық білімдердің жүйесін дамыту және жаңартудың диалектикалық сипаты (Н.В.Бордовская, В.И. Загвязинский және т.б.); педагогикалық зерттеу нәтижелері, іргелі және қолданбалы зерттеулер сипаты (Е.В. Бережнова, В.В. Краевский және т.б.
-педагогикалық құбылыстарды тану үдерісі: педагогикалық зерттеу әдістері, олардың ерекшеліктері мен өзара байланысы (Ю.К. Бабанский,В.И. Загвязинский, Г.В. Воробъев, А.И. Пискунов, А.В. Клименюк, Я.Скалкова, А.И. Кочетов және т.б.); сандық және сапалық сипаттамалардың арақатынасы (С.И. Архангельский, В.И. Михеев. К. Кенжеғалиев, Б.М. Қосанов және т.б.); мазмұндық және құрылымдық әдістердің арақатынасы (С.И. Архангельский және т.б.); зерттеудің қисынды және тарихи деңгейлері (Ф.Ф. Королев және т.б.); зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері (С.И. Швырев, А.Я. Данилюк және т.б.); педагогикалық болмыс туралы табиғатынан диалектикалық болып табылатын эмпирикалық және теориялық білімдер жүйесінің дамуы және жаңаруы (Н.В. Бордовская және басқалар), педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері (Ю.К. Бабанский, В.С. Шубинский, Я. Скалкова, А.С. Тотанова, В.В. Егоров, Г.М. Кертаева және т.б.); педагогикалық зерттеулер типологиясы және ұйымдастыру логикасы (В.И. Загвязинский, В.М. Полонский және басқалар); дидактикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері (Л.В. Занков, Г.И. Щукина, В.В. Краевский, Ю.К. Бабанский, В. Оконь, А.В. Хуторской, А.В. Коржуев және т.б.); салыстырмалы-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері (З.А. Малькова, Г.Қ. Нұрғалиева, А.Қ. Құсайынов, К.С. Мусин және т.б.); тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері (С.В.Бобрышев, М.В. Назаров, Г.А. Уманов, Г.М.Храпченков, К.К. Құнантаева, В.Г. Храпченков, Г.Б. Корнетов, Қ.Р. Қалкеева және т.б.); әскери-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері (И.А. Липский, А.А. Булатбаева және т.б.); әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері (И.А. Липский, Л.В.Мардахаев, Б.И. Мұқанова, К.К. Жампейісова, З.Ө.Кеңесарина, Г.Ж. Меңлібекова, А.А. Калюжный, А.Н. Тесленко және т.б.); тәрбие мәселелері бойынша педагогикалық зерттеулердің (Л.И.Новикова, В.С. Ильин және т.б.), педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың қисыны мен мәселелер типологиясы (В.В. Краевский, В.М. Полонский және т.б.); педагогикалық зерттеулердегі ғылыми ақпаратты құрылымдау (Б.П. Битинас. М.А. Галагузова, Л.В. Мардахаев және т.б.); болжамдық зерттеулердің ақпараттық қамтамасыздандырылуы (С.И. Портнова және т.б.); тәжірибелік зерттеуді үлгілеу (Э.А. Штульман және т.б.); педагогикалық эксперимент логикасы (Г.М. Меркис, А.С. Казаринов, М.И. Грабарь, С.У. Наушабаева және т.б.); қолданбалы зерттеулер (Е.В. Бережнова және т.б.); педагогикалық зерттеулердің сапасын бағалау қисыны (В.М. Полонский, С.А. Писарева, А.М. Алтухова және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет