«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Педагогика әдіснамасының мазмұны мен құрылымы және оның даму генезисі



бет39/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Педагогика әдіснамасының мазмұны мен құрылымы және оның даму генезисі: педагогика әдіснамасының нысаны мен пәні (П.Ф.Каптерев, А.С. Макаренко, Ф.Ф. Королев, М.А. Данилов, В.В. Краевский, Н.А. Вершинина және т.б.); педагогика әдіснамасының мәні мен ерекшелігі, оның қызметтері мен философиядан айырмашылығы, әдіснаманың жалпы ғылымдағы орнын анықтау (И.Я. Лернер, В.Е. Гмурман, В.И. Загвязинский, Г.В. Воробьев және т.б.); ғылыми білімнің арнайы бағыты ретіндегі педагогика әдіснамасының қалыптасу тарихы (А.И. Пискунов, С.И. Колташ, Н.И. Гребенюк, Н.В. Бордовская, В.Г. Храпченков), педагогика әдіснамасы үздіксіз өзгерістегі тарихи біртұтастылық ретінде, үнемі дамып отыратын педагогика ғылымы мен тәжірибе бірлігіне қатысты динамикалық метажүйе (М.Н. Скаткин, В.В.Краевский. В.И. Журавлев және т.б.); гуманитарлық әдіснама (А.А. Бейсенбаева, Е.З. Батталханов, Н.В. Бордовская, Е.В. Бондаревская және т.б.); педагогика тарихының әдіснамалық негіздері (В.Г. Храпченков, Н.И. Гребенюк, М.В. Богуславский, С.В. Бобрышев, Н.В. Назаров және т.б.); педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттарын жүйелеу (В.М. Полонский, Б.С. Гершунский, И.А. Липский, Г.К. Нургалиева. Н.В. Бордовская және т.б.); педагогиканың жалпы әдіснамалық мәселелері ( М.А. Данилов, Ф.Ф. Королев и др.), дидактика (В. Занков, В.В. Краевский және т.б.); тәрбие теориялары (Л.И. Новикова және т.б.); педагогикалық мәдениеттану (М.Х. Балтабаев және т.б.); педагогикалық болжау (Э.Г. Костяшкин, Б.С. Гершунский және т.б.); педагогикалық сараптама (В.С. Черепанов, А.Д. Иванов және т.б.); озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жалпылау және қолдану (М.Н. Скаткин, Ю.К. Бабанский, Я.С.Турбовской, Ф.Ш. Терегулов және т.б.); маман үлгісін құрастыру (С.Я Батышев, А.П. Сейтешев, Б.К. Момынбаев, В.В. Егоров және т.б.); этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері (К.Ж. Қожахметова, Ш.М.-Х. Арсалиев және т.б.); этномәдени білім беру (Ж.Ж. Наурызбай және т.б.); педагогикалық өлшем әдіснамасы (Н.В.Кузьмина, Н.М.Розенберг, С.И.Архангельский, Б.П. Битинас, В.М. Михеев және т.б.); халықаралық типтегі мектептердің білім беру жүйесін басқару әдіснамасы (С.С. Құнанбаева, Д.Н. Кулибаева және т.б.); білім беру идеалы (Г.К. Ахметова және т.б.); білім беру әлеуеті (Н.Э. Пфейфер және т.б.); педагогикалық деонтология (Г.М. Кертаева және т.б.); білім беру әдіснамасы (А.М. Новиков және т.б.); жалпы орта білім беру мазмұнын өңдеу (М.Н. Скаткин, М.Ж. Джадрина, Е.У. Медеуов, К.Ж. Аганина, С.Д. Мұканова және т.б.); жоғары педагогикалық білім беру (К.А. Дүйсенбаев, А.Д. Қайдарова, Б.А. Сайлыбаев және т.б.); педагогиканың әдіснамалық негіздерін зерттеушілерге үйрету (В.В. Краевский, Н.Д. Хмель, А.М. Новиков және т.б.); педагогтің әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру (В.В. Краевский, В.А.Сластенин, Ю.В. Сенько, С.Т. Каргин, Б.А. Оспанова, К. Нағымжанова, Ж.Е. Сәрсекеева, А.Н. Ходусов және т.б.); педагогика ғылымының ғылымтанулық талдау бағдарламалары, ғылым дамуының жалпы заңдарының әрекетін анықтау және сол саладағы зерттеудің категориялық деңгейін, қисынды құрамын, мазмұнының өзгеру заңдылықтарын табу әдіснамасы (В.А. Дмитриенко, В.И. Журавлев, В.И. Гинецинский, Б.С. Гершунский, А.П. Тряпицына және т.б.). Оқулықтың соңында педагогика әдіснамасы мен зерттеулердің әдістемесі мәселелері бойынша д Библиографиялық тізімд берілді (2-сурет. Педагогика әдіснамасының даму кезеңдері).
Әдіснамашы іс-әрекетінің нәтижелері педагогика әдіснамасының даму барысын нақты сипаттады.
Педагогика әдіснамасы өз дамуының қазіргі кезеңінде әдіснамалық білімнің жеке саласы ретінде айқындалады және өз әрекетімен, өз даму қисынымен көрініс табады. Н.В. Бордовскаяның пайымдауынша, ХХ ғасырдың ортасынан бастап қазіргі кезеңге дейін үш тарихи маңызды кезеңдерді атауға болады: 1960 жылдың соңы –1970 жылдың басы, 1980-1990 жж. және ХХ ғасыр соңы – ХХІ ғасыр басы. Осы үш кезеңде ғалымдар қалыптастырған әдіснамалық дәстүрлер мен педагогиканы әдіснамалау үдерісін сыни талдауды қайта қарауды қажет етеді.
Педагогиканы әдіснамалау үдерісінің бірінші кезеңі 1960 жылдардың соңы мен 1970 жылдардың басында педагогикалық әдіснаманың пәндік зерттеу аймағын аша түсу құрылымы мен қызметтерін айқындау, педагогика мен философияның өзара байланысының тиімді әдістерін анықтаумен сипатталады. Педагогика әдіснамасының педагогикалық ғылымтану құрылымында ғылыми пән ретінде қалыптасып, ғылым әлемінде өзінің мәртебесін айқындауы дидактикалық материализмнің дамуымен, сонымен қатар, педагогтардың философия мен өз ғылымының әдіснамасын талқылауға кіріскенімен байланысты.
Педагогикадағы әдіснамалық дәстүрдің қалыптасу үдерісінің екінші кезеңі 1980-1990 жылдар педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық мәселелерінің кеңею үдерісі ретінде көрсетеді.
Педагогиканың әдіснамалық дәстүрлер генезисін талдау, оның бүкіл кезеңде де екі бағыт бойынша дамып отырғанын көрсетеді, олар кейде біріне бірі қарама-қайшы болып та келген: философиялық-педагогикалық (М.А. Данилов және т.б.) педагогикалық шынайылықтың философиялық рефлексия түріне бағытталуы (тұжырымдамалық кеңістік пен уақыт, оқыту, тәрбиелеу және дамыту динамикасы; педагогиканың пәндік емес аймағында жатқан бұл үдерістердің интегралды негіздерін іздеу; әдіснамалық мәселені адамзат тұрмысының тұтас мазмұнында қарастыру және т.б.) және іс-әрекеттік-педагогикалық (В.В. Краевский) педагогика нысандарының мәндік құрамы мен ғылыми-танымдық, тәжірибелік және педагогикалық іс-әрекет байланыстарын ашу.
Әдіснамалық талдаудың аталған түрлерін педагогикаға біріктіру үрдісі Н.Д. Никандров, В.С. Шубинский және басқа да аворлардың еңбегінде сипатталды, олар зерттеу нысанының онтологиясын жүйелілік тұғырмен және іс-әрекет теориясымен синтездеу жолымен алуға талпынды. Дәл осы әдіснамалық мақсат ХХ асырдың 90-жылдары педагогика үшін өзекті болып табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет