«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет46/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Б ережнова Елена Викторовна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Ғалым өз зерттеуінде педагогтың әдіснамалық мәдениетін оны кәсіби дайындаудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Ол ғалым мен практиктің әдіснамалық мәдениетінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетті. Мұғалім әдіснамалық мәдениетті меңгеруі үшін философиялық, социологиялық, психологиялық және әдіснамалық білімдерді оқып-үйренуі қажеттігін негіздеді.
Е.В. Бережнова ғылыми зерттеулердегі іргелілік пен қолданбалықтың арақатынасын талдады. Ол ғылымдағы іргелілік пен қолданбалылық үш жерде көрініс беретінін дәлелдеді: бірінші түрі – ғылымдардың іргелі және қолданбалы болып бөлінуі, екінші түрі – бір ғылым аясында іргелі және қолданбалы зерттеулердің жүргізілуі, үшінші түрі – жеке зерттеудің іргелі және қолданбалы қызмет атқаруында.
Ғалым студенттердің оқу-зерттеушілік әрекетінің негіздерін, педагогика әдіснамасының мазмұнын, әдіснаманы ғалым В.В. Краевскиймен шығармашылық бірлестікте даярлады.
Е.В. Бережнова педагогикалық білім беру, жоғары мектеп дидактикасы, педагогика әдіснамасы мәселелерін зерттеді.
Негізгі еңбектері: Прикладное исследование в педагогике. Монография. – М., 2003. – 164 с.; Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М., 2017. –128 с. (в соавторстве: В.В. Краевский); Методология педагогики: новый этап . - М.: Издательский центр «Академия», 2008. (в соавторстве: В.В Краевский).
Н.А. Константинов пен З.Н. Равкин педагогика мен білім беру тарихы саласындағы ғылыми мектептің негізін салды.
Константинов Николай Александрович [26.05.1894, Телыпи қаласы, қазіргі Тельшяй, Литва - 18.04.1958, Москва қаласы]. 1946-1949 жылдары Жалпы педагогика институтын басқарды.
Ғылыми мектептің негізін салған академик, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Николай Александрович Константинов (1894-1958). Ол педагогика тарихының теориялық негіздерін зерделеді, оның зерттеу мәселесі мен әдістерін кеңейте зерттеді. Ғалымның тарихи-педагогикалық еңбектері терең талдауымен, салыстырмалы және сыни тұрғыларымен, зерттеуін шетел тіліндегі әдебиеттерге негіздеуімен ерекшеленеді. Николай Александрович Константиновтың идеясын дамытқан академик Равкин Захар Ильич. З.И. Равкин (1918-2004) - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Ол отандық тарихи-педагогикалық үдерістің дамуының жаңа тұжырымдамасын негіздеді. Тұжырымдаманың негізгі белгілері мыналар болды: зерделенуші тарихи-педагогикалық үдерісті бейнелеудің обьективті сипаты, бұрынғы жағымды тәжірибені өзектендіру; оны заманауи мәселелер тұрғысынан қарастыру; педагогиканың қалыптасуның гуманистік негіздерін қарастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет