«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Ғылыми мектептің теориялық және әдіснамалық негіздері



бет53/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Ғылыми мектептің теориялық және әдіснамалық негіздері.
1. Салыстырмалы педагогика – саясаттану, әлеуметтану, демография, экономика, психология, тарих және т.б. ғылымдардың қағидаларын қолданатын ғылыми білімнің пәнаралық саласы.
Салыстырмалы-педагогикалық зерттеу нәтижелерін де басқа ғалымдардың мамандары да өздерінің мәселелерін тереңірек зерттеуде пайдаланатын ғылыми білімнің пәнаралық саласы.
2. Салыстырмалы педагогиканың басты теориялық-әдіснамалық мәселесі-жаһандық пен ұлттықтың арақатынасы. Білім беру жүйесінің ұлттық өзіндік ерекшелігі-мемлекеттік тәуелсіздігі мен кез келген елдің мәдени өз құрылымы.
3. Мәселелерді зерделеудің кешендік сипаты.
З оя Алексеевна Малькова (1921-2003 ж.ж.) кеңестік және ресейлік компаративист салыстырмалы педагогиканың дамуына қомақты үлес қосты. Оның жетекшілігімен Ресей білім академиясында компаративистер ұжымы 30-жылдар бойы Еуропа, Солтүстік және Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытай және Жапония елдерінің білім беру жүйесінің даму үрдістері салыстырмалы түрде зерттелді. Бұл елдердегі педагогикалық теория мен практиканың даму үрдістері де талданды.
З.А. Малькованың жеке зерттеулері мен компаративистер ұжымының ғылыми еңбектері салыстырмалы педагогиканы сұранысы аз ғылыми саладан жалпы педагогиканың жетекші әрі ғылыми қауымдастық мойындаған бөлігіне айналдырды. 1974-1991 жылдар Жалпы педагогика институтының директоры қызметін атқарды. Ол салыстырмалы педагогика бойынша оқу бағдарламаларын және оқу құралдарын жазып даярлады. З.А.Малькова білім беру саласын бағалау өлшемдерін ұсынды, салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің әдістерін жасады. Ұлттық және халықаралық жобаларды басқарды.
Б .Л. Вульфсон (1920-2016) – салыстырмалы педагогика саласындағы танымал маман, компаративистік білімнің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан. Оның еңбектерімен Батыстағы педагогикалық ойдың философиялық және социологиялық негіздері зерттелген. Б.Л. Вульфсон педагогикалық компаративистиканың әдіснамалық және теориялық мәселелерге көп көңіл бөлді. Оның еңбектерінде еуропа елдеріндегі білім беру кеңстігіндегі жетістіктер мен қайшылықтарға сипаттама берілді. Д. Дьюи, Э. Фромм, Ж. Маритен, Ж. Фурастье, С. Френе, Дж. Брунер сияқты ойшылдардың педагогикалық тұжырымдамалары туралы мазмұнды очерктер жазды. Б.Л. Вульфсон білм саласындағы халықаралық ұйымдардың (ООН, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және басқалар.) қызметтеріне талдау жасады және олардық жеке мемлекеттердегі білім беру саясатына ықмпалын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет