«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Юрий Константинович Бабанский (1927-1987) -



бет61/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Юрий Константинович Бабанский (1927-1987) - көрнекті педагог, КСРО Педагогика ғылымдары академияның толық мүшесі (1974), педагогика ғылымдарының докторы (1974). Юрий Константинович Бабанский Ростов облысының Бірінші май селосында дүниеге келген. Ростов педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіргеннен (1949) кейін сол жерде педагогика, физиканы оқыту әдістемесінен дәріс берді (1958-59 жылдары проректор). 1973–1977 жылдары КОСРО педагогика ғылымдары академиясының жанындағы педагогикалық пәндер оқытушыларының мамандығын арттыру институтының ректоры қызметін атқарды. 1976 жылдан сол академияның педагогиканың теориясы мен тарихы бөлімінің академик-хатшысы, 1979 жылдан вице-президенті болып істеді.
Ю.К. Бабанский оқытудың ғылыми негізделген оқтайландыру теориясын жасады. Ол теория бойынша оқушылардың білім алуы мен тәрбиесінің міндеттерін табысты шешу үшін оқытуды оқтайландыру қажет екені дәлелденді. Бұл теорияны тактикалық және стратегиялық міндеттерді шешуге пайдалануға болады деп есептеді. Оңтайландыруды қолданудың әдістемелік негіздерін педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жалпы теориясының бір қыры ретінде санады. Оқушылардың сәтсіздігінің себептерін жан-жақты зерделенуге негізделген олардың үлгермеушілігі мен екінші оқу жылына қалдырылмауының тиімді формалары мен әдістерін таңдау жөнінде нақты ұсыныстар берді. Ю.К. Бабанскийдің редакциясымен педагогикалық институттарға арналған «Педагогика» (1983; 1984, Г. Нойнермен бірге) оқу құралы жарық көрді.
Академик Ю.К. Бабанскийдің идеялары бүкіл елдің, сондай-ақ Қазақстанның мектептерінің практикасына үлкен қарқынмен Ю.К. Бабанский өзінің «Проблемы повышения эффективности педагогических исследований» атты монографиясында педагогикалық үдерісті оңтайландыру бағытындағы дидактикалық зерттеудің логикасын ұсынды.
Шығармалары: Оптимизация процесса обучения. Общедидактический аспект. -М., 1977, Оптимизация пед. Процесса. (В вопросах и ответах). К., 1984 (Соавт); Методы обучения в советской общеобразовательной школе. М., 1983, Избр.пед.труды. М., 1989.
Академик Б.Т.Лихачев тәрбиенің дүниетанымдық ұстамнымдарын зерттеді. Оның «Педагогика» оқулығы «Тәрбие философиясы», «Педагогиканың әдіснамалық негіздері» атты монографиялары педагогиканың философиясы мен әдіснамасының іргелі негіздеріне айналды.
Академик Б.Т.Лихачев тәрбиенің дүниетанымдық ұстамнымдарын зерттеді. Оның «Педагогика» оқулығы «Тәрбие философиясы», «Педагогиканың әдіснамалық негіздері» атты монографиялары педагогиканың философиясы мен әдіснамасының іргелі негіздеріне айналды.
Б.Т.Лихачев тәрбиенің заңдылықтарын зерделеді. Ол «Оқытудың тәрбиелік аспектілері», «Тәрбиенің қарапайым ақиқаттары», «Оқушылардың эстетикалық тәрбиесінің теориясы» атты монографиялар жариялады. Б.Т.Лихачев оқушыларға эстетикалық тәрбие беру теориясының негізін салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет