Данилов Михаил Александрович [13 (25). 4.1899, Васильевщина деревнясы, Псков обл.,- 25.11.1973, Москва], педагог, РСФСР ПҒА корреспондент мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогиканың әдіснамасы, педагогикалық білім беру, педагогикалық зерттеулер әдістемесі мәселелерін зерделеді.
М.А.Данилов кеңес педагогикасының көрнекті дидакт-ғалымдарының бірі. Ол кеңес мектебінің жетекші ұстанымдарын ғылымилық, коммунистік идеялылық деп көрсетіп, оқушылардың танымдық қабілеттерін шығармашылық оқу еңбегін дамытуға арнады. Оқыту принциптерін оқыту үдерісінің жалпы заңдылықтарымен және оның құрамды бөліктерімен байланыстырып қарастырды.
М.А.Данилов педагогикаға П.Ф. Каптерев енгізген «педагогикалық үдеріс» ұғымына негіздей отырып, кеңес мектебіндегі оқыту үдерісінің негізін қалады. Онда ол оқыту теориясына қатысты оқыту үдерісін жалпы талдау, оқушылардың белсенді оқуына түрткі тудыру, оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауы, оқушылардың білімін бекіту және біліктері мен дағдыларын жаттықтыру, білімін өмірде қолдана білу, оқушылардың білімін тексеру және бағалау мәселелерін зерделеді. М.А. Данилов педагогикалық үдеріс: «үнемі қозғалыс пен даму барысында қарастырылған тәрбие өте күрделі, қозғалыстағы, қарама – қарсылықтағы құбылыс ретіндегі педагогикалық үдеріс болып саналады. Әрқашанда оның өз ішінде көптеген әртүрлі күштер мен ықпалдар өзара әрекеттестікте болады, олардың ішіндегі ең бастысы үдерісті бағыттаушы мұғалім мен тәрбиеленушілер ұжымы болып есептеледі» деп анықтама береді. Ол Б.П. Есиповпен авторлық серіктестікте «Дидактика» (1957), «Кеңес мектебіндегі оқыту үдерісі» (1960) еңбектерін жазды
Академик М.Н. Скаткин кеңес дидактикасының, педагогикалық тәжірибені жинақтау әдіснамасының, педагогикадағы әдіснамалық зерттеудің негізін қалады.
Скаткин Михаил Николаевич (1900-1991 жж.). К өрнекті педагог, ПҒА академигі (1985) 1900 жылы Мәскеу облысында дүниеге келген. 1919 жылдан бастауыш мектеп мұғалімі болып істеді. 1920-30 жылдары С.Т. Шацкийдің басшылығымен РСФСР халық ағарту комиссариатының Халыққа білім берудің 1-тәжірибелік станциясында жұмыс жасады. 1925 жылы сонда педагогикалық курстарды тәмамдады. 1930 жылдан 2-Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы ғылыми педагогика институтында, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді және сонымен қатар дәріс берді. 1945 жылдан ПҒА ғылыми-зерттеу институттарының дидактика мәселелерін зерделейтін бөлімдерін басқарды.
Михаил Николаевич Скаткин кеңестің көрнекті ғалым-педагогы КСРО Педагогика ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі. Оның дидактикаға ұсынған принциптер жүйесі ғылымилық пен коммунистік идеялылық, оқытуды коммунизм құрумен байланыстыру, саналылық, жеке тұлға мен ұжымның мүддесін үйлестіру болды. М.Н. Скаткиннің іргелі еңбектерінің бірі – «Қазіргі дидактика мәселелері».
Скаткин педагогика ғылымдарының әдіснамасымен, сондай ақ оқыту үдерісін, білім мазмұнын жетілдіру және тағы басқа мәселелермен айналысты. Оның дидактиканың іргелі мәселеріне арналған еңбектері (политехникалық білім беру теориялары, оқытудың ұстанымдары мен әдістері) КСРО және басқа елдерде жүргізілген зерттеулерге негіз болды. Оқу бағдарламаларын құрастыру теориясын алғашқылардың бірі болып жасады. Дидактиканың жаңа ұстанымдарының, оның ішінде, оқытудың ғылымилығы ұстанымының авторы, білім беру мазмұны және оқыту әдістерінің дидактикалық тұжырымдамаларын жасаушылардың бірі; 1960-1980 жылдары оқыту үдерісін жетілдіру жолдарын анықтаудағы ролі айрықша маңызды Скаткин дидактиканың жай-күйін және оның жеке мәселелерін жүйелеп, оларға тұжырымдамалық тұтастық сипатын берді. Скаткин бастауыш мектепке арналған табиғаттану оқулығының және оған әдістемелік басшылықтың авторы (1946-1986 жж),