«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Шағын жинақталған мектептерде болашақ кәсіби мамандар мынандай сапаларды меңгеруі қажет



бет65/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Шағын жинақталған мектептерде болашақ кәсіби мамандар мынандай сапаларды меңгеруі қажет: Ол өз пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық үрдістерді әр оқушының орнын көре білуі, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын-ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеуі; - оқушылардың құзырлығын қалыптастыруға дайындығы (құндылық бағдар, жалпы мәдениет, оқу-танымдық, коммуникативтік, ақпараттық, әлеуметтік-тұлғалық, құзырлық, т.б.); -оқушылардың адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, жан-жақты мәдениетті, экологиялық денсаулығын сақтау тәрбиесін жүзеге асыра білуі; -білімге ерекше қажеттігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру (мүмкіндігі шектеулі балалар, жетім балалар, ішімдікке, нашақорлыққа тәуелді балалар, т.б.).
Кейінгі уақыттарда қазақстандық мектептер үшін оқыту теехнологияларын дайындау мәселесімен айналысып, ғылым мен практиканы қоса алып жүрген отандық ғалымдарымыз баршылық. Деңгейлеп оқыту технологиясын (Ж.А.Қараев), жүйелік негізде оқыту технологиясын (Т.Т.Ғалиев), шоғырландырып қарқынды оқыту технологиясы (Қ.А.Әбдіғалиев, Н.Н.Нұрахметов), блоктық-модульдік технологияны (М.Жанпейісова) жатқызуға болады. Жоғарыда аталған технологиялардың қайсыларын шағын жинақталған мектептерге енгізуге болады және ол үшін оқу құрамы сыныптар жағдайында жарамды технологияларды қандай критерийлермен таңдап, іріктеп алу керек деген мәселелер төңірегінде Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы зерттеу жүргізген. Зерттеу брысында шағын жинақталған мектептерде оқыту технологияларын пайдалану нәтижесінде мол мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін төмендегідей критерийлер негізге алынуы тиіс: -өзіндік-танымдық әрекетке бағыттылығы (құрама сыныптар жағдайында оқушылардың өзіндік-танымдық әрекетін іске асыруға тиіс); -жас және жеке ерекшеліктерге бағыттылығы (әр түрлі жастағы балалардың дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс); -білім мазмұнын интеграциялауға қолайлылығы (оқу материалдарының мазмұны интеграциялануын қамтамасыз етуі тиіс).
Қорытындылай келе, ауыл мектептерінде оқыту тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа үдерістері мен ғылыми-педагогикалық әдіс-тәсілдердің неғұрлым белсенді түрде пайдалану, іздестіру, оқыту технологияларының жаңашыл түрлерін шағын жинақталған мектептердің оқу-тәрбие үдерісіне енгізу мәселелері оқу-тәрбие ісін өзекті ете түседі. Соңғы уақыттарда ауылдық шағын жинақталған мектептердегі оқыту үдерісін ұйымдастырудың және оны басқарудың жаңа модельдерін жасау, сондай-ақ оқыту технологияларынң жекеленген элементтерін сабақта қолдану бағытында алғашқы қадамдар жасалды. Алайда мұндай әрекеттер бірен-саран мұғалімдердің ғана іс-тәжірибесінен көрініп, шағын жинақталған мектептердің оқыту сапасын арттыру мақсатына сәйкес қолданыс таппай отыр. Шағын жинақталған мектепке үкімет пен қоғам тарапынан көмек берілуі тиіс, өйткені біздің болашағымыз осы мектеп мәселелерімен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет