«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


«Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде мамандар даярлауды оқу-әдістемелік, әдіснамалық және ақпараттық-технологиялық жағынан қамтамасыз ету мәселелері»



бет64/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

«Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде мамандар даярлауды оқу-әдістемелік, әдіснамалық және ақпараттық-технологиялық жағынан қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі секциясының кеңейтілген мәжілісінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша білім берудің мазмұнын жетілдіруді әлемдік білім кеңістігінде ғалымдардың әдіснамалық, теориялық қағидаларын, жоғары мектептің практикалық тәжірибелерін негізге алып ұйымдастыруды ойластырып жұмыс жүргізудің жолдарын қарастырады. Оның ішінде «Білім беру» тобы мамандықтары бойынша мемлекеттік стандарттар мен оқу-әдістемелік әдебиет даярлағанда стандарттардың тәрбиелік әлеуетін, үздік педагогикалық практика жүйесін, бейіндік оқытудың теориясы мен технологиясын, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогикалық өлшемдер» мамандықтарының мәртебесін анықтаудың ұстанымдарының сипаттамасы Ресей және Қазақстан Республикасы ғалымдарының ғылыми-практикалық мақалаларында көрініс тапты.
Шағын жинақталған мектептердің қазіргі шешілмей жатқан мәселелері әлі де жеткілікті. Біріншіден, шағын жинақталған мектептерде - мұғалімнің жетіспеушілігі. Екіншіден, қазіргі орынды мәселелердің бірі- тәрбие мәселесі. Мұғалім жеткіліксіз болса, тәрбие жұмысы төменгі дәрежеде орындалады. Осыған орай, шағын жинақталған мектептерде мұғалімнің жеткілікті не жеткліксіздігіне қарамай оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мақал-мәтелдерімен, қара сөздермен таныстырып оқыту оқушылардың дүниетанымының күшеюіне ықпалын тигізеді. Үшінші өзекті мәселе - мұғалімнің сабақ беруі, оқушылардың өз бетімен жұмыс орындап білім алуы кезінде орталықтан шығатын төл оқулықтары мен оқу құралдарының жетіспеушілігі. Сонымен бірге мұғалім тек бір сыныпқа емес, бірнеше сыныпқа сабақ беретіндіктен, мұғалімге де өте көп салмақ түседі. Мұғалім 1-3-ші , 2-4-ші сыныптарды және 6-7-ші, 8-9-шы сыныптарды біріктіріп оқытса, онда оқу бағдарламаларына жалпы орта мектептердегідей емес, өзгерту енгізу керек. Төртіншіден - шағын жинақталған мектептердің тиісті оқулықтармен және газет-журналдармен танысып, оларға жазылмауына байланысты оқушылар жуас, ұяң, ғылыми еңбек авторларының еңбектерімен танысып, ғылыми шығармашылық ізденбеуінде. Бесіншіден, шағын жинақталған мектеп үйінің сын көтермеуі. Алтыншы, шағын жинақталған мектеп мұғалімнің тұрмыстық әлеуметтік жағдайының төмен болуы. Бұл мұғалім білімінің ғылыми ізденуіне және қайта көтеруіне кері әсер етеді. Республикамызда шағын жинақталған мектептің 3 түрі бар: бастауыш шағын жинақталған мектеп (1-4 сынып); негізгі шағын жинақталған мектеп (5-9 сынып); орта шағын жинақталған мектеп (10-11сынып).
Қоғамның жоғарғы білімді педагог мамандарға қойылатын талаптары соңғы жылдары күрделенді. Жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді жасампаз, рефлексияға қабілеті жеткілікті, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі көрсету (ұмтылысы әдіснамалық қалыптасуының жоғарғы деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтілік) ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман. Мұғалім білімнің өзіндік құндылығын анық саналы түсініп, өз пәнін жетік білуі тиіс. Қазақстанда білім көздерінің жаңа технологиялармен қамтамасыз етілуі барысында шағын жинақталған мектептер де жаңа технологиялармен қамтамасыз етіліп, мектеп мұғалімдеріне жаңа талаптар мен міндеттер қойылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет