«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет60/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Негізгі еңбектері: Профессионализм личности преподавателя и мастера производственного обучения. –М., 1990.; Психологическая структура деятельности учителя и формирования его личности. - Л., 1964.; Основы вузовской педагогики: учеб.пос. - Л., 1972.


Академик Николай Кириллович Гончаров (6.12.1902, Чиркино селосы, қазір Моск. обл., - 13.12.1978, Москва). Н.К.Гончаров РСФСР Педагогика ғылымдар академиясының академик мүшесі. Оның «Педагогика негіздері» еңбегі (1947), «Педагогика мәселелері» еңбегі (1960) басылып шықты. Оның ғылыми мақалалары педагогика ғылымының әдіснамасы мен әдістері, В.И.Лениннің комсомолдың III сьезінде сөйлеген сөзі – кеңес педагогикасының маңызды қайнар көзінің бірі, Н.К.Крупскаяның педагогикалық мұралары және қазіргі мектеп, оқыту теориясы, орта мектепте политехникалық білім беру тәжірибесі мен РСФСР Педагогика ғылымдар академиясының міндеттері, мектеп дамуындағы жаңа кезең және орта мектептің міндеттері мәселелеріне арналды.
Академик Н.К.Гончаров өзінің «Методология и методы педагогики как науки» атты еңбегінде тарихи-педагогикалық ізденістің логикасының үлгісін көрсетті. Ол педагогика әдіснамасы, тәрбие мен оқыту теориясы, отандық және шетелдік педагогика мен білім беру тарихына арналған ғылыми еңбектердің, бірқатар педагогикадан оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Ф едор Федорович Королев (19.09.1898-13.6.1971) өзінің монографияларында жаңа кеңес мектебін құрудың негізгі ұстанымдарын жүзеге асыру үдерісін көрсетті. Ол ұстанымдар: жынысына, ұлтына тәуелсіз азаматтардың білім алуының қолжетімділігі, тегін оқу, ғылыми білім беру, ана тілінде оқыту. Ф.Ф. Королев коммунистік тәрбиелеу теориясы мен практикасн, балалар қозғалысын, кеңес мектебінің тарихын зерделеді. Педагогика ғылымдарының әдіснамасының және теориясының негіздерін, педагогика әдістерін зерттеді.
Ф.Ф. Королев – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик. Оның орындаған тарихи-педагогикалық зерттеулері жан-жақтылығымен, талдаудың тереңдігімен, отандық және шетелдік педагогикалық мұраға дұрыс көзқарасымен, зерттеуде логикалық пен тарихилық оңтайлы үйлесуімен, тарихи-педагогикалық деректерді, құбылыстарды, үдерістерді обьективті бағалаумен ерекшеленеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет