Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы


Нағыз байлық - білім мен өнер



бет40/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

Нағыз байлық - білім мен өнер. (халық нақылы)


Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі

Бұл тақырыпта сіздер ҚР үздіксіз білім беру жүйесімен, білім беру мазмұнын дамытудың болашағымен танысасыздар.


Мына жоспар бойынша жұмыс жасайсыздар:

  1. Педагогикалық жүйе туралы түсінік. Үздіксіз білім беру жүйесі, деңгейлік білім беру.

  2. Білім беру саласындағы ҚР мемлекеттік саясатының принциптері

  3. ҚР оқу-тәрбие мекемелері

  4. Жалпы білім беру мазмұнын дамытудың болашағы

Шығармашылық жұмыс жасайсыздар:
«Болашақ мектеп», «Болашақ мұғалім», « Болашақ оқушы моделін» құрастырасыздар.

Тірек ұғымдар: Білім туралы Заң, білім беру жүйесі, үздіксіз білім беру, деңгейлік білім беру, гимназия, лицей, колледж, академия, университет, аспирантура, магистратура, кәсіптік білім беру, мемлекеттік емес білім беру мекемелері.


Жүйе ретінде білім – бұл өзара ұштасқан білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандартының жиынтығы әрі оларды іске асырушы білім мекемелері мен білімді басқару органдарының торабы.


Еліміздегі осы заманғы білімдену жүйесі Қазақстан Республикасының 2007 жылы қабылданған «Білім туралы заңына» сәйкес құрылады. Бұл заң білім саласындағы келесідей мемлекеттік саясат принциптерін белгілеп берді:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

8) оқыту мен тәрбиенің бірлігі;


9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.

2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет