Педагогика пәнінен тестілердің кілті
№
|
1-нұсқа
|
2-нұсқа
|
3-нұсқа
|
1
|
б
|
е
|
с
|
2
|
б
|
б
|
а
|
3
|
в
|
в
|
а
|
4
|
в
|
д
|
д
|
5
|
а
|
с
|
с
|
6
|
а
|
а
|
с
|
7
|
б
|
д
|
а
|
8
|
в
|
а
|
с
|
9
|
б
|
а
|
а
|
10
|
г
|
с
|
д
|
11
|
а
|
а
|
в
|
12
|
д
|
в
|
а
|
13
|
б
|
с
|
в
|
14
|
д
|
с
|
в
|
15
|
б
|
а
|
в
|
16
|
г
|
с
|
с
|
17
|
г
|
а
|
а
|
18
|
а
|
д
|
в
|
19
|
д
|
в
|
е
|
20
|
д
|
а
|
е
|
21
|
д
|
д
|
в
|
22
|
в
|
а
|
а
|
23
|
в
|
в
|
д
|
24
|
в
|
а
|
д
|
25
|
б
|
в
|
д
|
26
|
в
|
е
|
е
|
27
|
а
|
е
|
с
|
28
|
в
|
в
|
в
|
29
|
а
|
а
|
в
|
30
|
в
|
в
|
в
|
|
|
|
|
Тест
1.Этнопедагогиканың зерттейтін мәселесі
А) этномәдениет, этнология, этнофилософия
ә)этнография,ұлт тәлім-тәрбиесі(педагогика) ұлттық сана
б)менталитет (діл), ұлттық мазмұн, салт-дәстүр, әдет-ғұрып
в) барлық жауап дұрыс
2.Тәрбие мақсаты
А) жақсы адам қалыптастыру
ә) үлкен-кішіге мейірбан адам қалыптастыру
б) өзін-өзі жетілдіре алатын жан-жақты тұлға тәрбиелеу
в)пысық, алғыр өмірде өзінің орны бар адам қалыптастыру
3. «Этнопедагогика – педагогиканың жүрегі» деп айтқан кім?
А)Л.Гумилев
Ә) Г: Волков
б)К.Қожахметова
в) С.Қалиев
4,Этнос деген ұғым:
А) мемлекет, тұтас территория дегенді білдіреді.
ә) ру, қандас туысқан тайпа ,ұлт дегенді білдіреді
б) некелесу, көбею, ұрпақ дегенді білдіреді
в) барлық жауап дұрыс
5.Жүйелі қатардағы артық сөзді тап
а)кереге
ә)шаңырақ
б) ошақ
в)уық
6..Қай сөз артық?
а)қымыз
ә)шұбат
б)қазы
в)айран
7.Қай сөз артық?
а)ұша
ә)ереулік
б)бесікке салу
в) көшазық
8.Қай сөз артық?
а)келін
ә)қайынсіңлі
б)бажа
в)абысын
г)құдағи
9.Қазақ халқының кез-келген қонаққа берер қонақасы
А)енші
ә)сыбаға
б)бөлінбеген енші
в)ерулік
10.Жол-жоралғысымен сақталатын дәм
А)наурыз көже
ә)шұбат
б)сыбаға
в)құрт-ірімшік
11.Қай шөппен асық бояған?
А)жусан
ә)шытыр
б)қына
в)алабота
12.Түйе малының көп екендігін білдіретін сөз
А)отар
ә)табын
б) келе
в) үйір
13.Ұзатылар бойжеткенге орындалатын ғұрып
А)ерулік
ә)есік көрсету
б)танысу
в)көрісу
14.Халық ғұрпында қыз айттыру қандай реттілікпен орындалған? ( ретпен сан қойып жаз)
Жар таңдау
сөз алу
қыз көру 4
қолын сұрау
қыз айттыру
ұрын бару
құда түсу
отау тігу
15. Қазақ халқының жас кезеңдеріне берген атауларды ретімен қой:
-бөпе-
-шақалақ –
-сәби—
-бөбек—-
-нәресте –-
-ұлан –
-балдырған—
-бүлдіршін—
-өрен----
-жеткіншек ---
-бойжеткен (бозбала)—
-жасөспірім
16. Қазақстанда мекендейтін ұлттар саны (шамамен):
А)112
ә)122
б)132
в) 15
17. Мына пайыздардың жанына Қазақстандағы ұлттардың көпшілігіне орай атауын жаз
52,3 %-
30%-
17,7% -
(орыс, қазақ, ұйғыр, беларус, кәріс,еврей, шешен,т.б.)
18.Салт дегеніміз...
А)өзегінде ата заңдар бар саналы түрде қабылданып, адамның санасын қалыптастыратын қағидалар
ә) өзегінде қарапайым ережелер (тиым) баланың әдетін қалыптастыратын қарымқатынас нормасы
б) әрбір адамның белгілі бір кезеңдерінде (статусы өзгергенде,кризис кездерде) орындайтын шаралары
в) белгілі бір нәрсеге жауапты , символикалық тілек, эстетикалық әрекет.
19. Дәстүр дегеніміз:
а) өзегінде қарапайым ережелер (тиым) баланың әдетін қалыптастыратын қарымқатынас нормасы
ә) әрбір адамның белгілі бір кезеңдерінде (статусы өзгергенде,кризис кездерде) орындайтын шаралары
б) белгілі бір нәрсеге жауапты , символикалық тілек, эстетикалық әрекет.
в)өзегінде ата заңдар бар саналы түрде қабылданып, адамның санасын қалыптастыратын қағидалар
20. Ғұрып дегеніміз:
а)өзегінде ата заңдар бар саналы түрде қабылданып, адамның санасын қалыптастыратын қағидалар
ә) өзегінде қарапайым ережелер (тиым) баланың әдетін қалыптастыратын қарымқатынас нормасы
б) әрбір адамның белгілі бір кезеңдерінде (статусы өзгергенде,кризис кездерде) орындайтын шаралары
в) белгілі бір нәрсеге жауапты , символикалық тілек, эстетикалық әрекет.
21. Рәсім дегеніміз:
а) белгілі бір нәрсеге жауапты , символикалық тілек, эстетикалық әрекет.
ә)өзегінде ата заңдар бар саналы түрде қабылданып, адамның санасын қалыптастыратын қағидалар
б) өзегінде қарапайым ережелер (тиым) баланың әдетін қалыптастыратын қарымқатынас нормасы
в) әрбір адамның белгілі бір кезеңдерінде (статусы өзгергенде,кризис кездерде) орындайтын шаралары.
22 «Мәңгүрттігің –білмеуіңнен.
Ал елдігің тарихыңды зерттеуіңнен басталады» деген сөз кімнің сөзі?
А) Олжас Сүлейменов
ә)Мұхтар Шаханов
Б) Жүсіпбек Аймауытов
в) Қадыр Мырзалиев
23. Этнопедагогика ғылымының қазіргі таңдағы қазақстандық моделінің басты мұраты
А) көркемдікке ұлттық көзқарас
ә) қазақстандық патриотизм қалыптастыру
б) басқа ұлттардан өзімізді айыра қарау
в) ұлттық мәдениетті қорғап қалу
24. « Этнопедагогика –наука национального спасения» деген сөзді кім айтқан?
А) М.Әуезов
Ә) Г.Волков
Б)Л.Гумилев
В)Қ.Жарықбаев
25. Кімнің сөзі? «Әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуі тиіс».
А)М.Дулатов
ә)А.Байтұрсынов
б) М.Жұмабаев
в)С.Торайғыров
Этнопедагогикадан тест материалдары Б.Өтешова, К. Қожахметова, С.Қоңырбаева
Мектеп оқушыларына этномәдени білім беру бағдарламалары атты еңбегінен алынды.
Студенттердің біліміне қойылатын талаптар
Студент меңгеруі қажет:
педагогика ғылымының адам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орнын, даму
кезеңдерін;
педагогиканың объектісін, пәнін, қызметі мен міндеттерін;
педагогиканың негізгі ұғымдарын;
педагогика ғылымының теориялық-методологиялық негіздерін, зерттеу әдістерін;
дамудың жалпы заңдылықтарын, жас ерекшелігі кезеңдеріне бөлуді, әрбір кезеңнің
даму ерекшеліктерін;
біртұтас педагогикалық процестің мәнін, құрылымын;
ҚР білім беру жүйесін;білім беру мазмұнын;
оқыту мен тәрбиенің мақсаты мен мазмұнын;
оқыту мен тәрбиенің негізгі заңдылықтары мен принциптерін, құралдары,
формалары, әдістері мен тәсілдерін;
пән мұғалімі және сынып жетекшісі жұмысының ерекшеліктерін;
оқыту мен тәрбиенің жаңа педагогикалық технологияларын т.б..
Студенттердің біліктілігіне қойылатын талаптар
Орындай алуы керек:
педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау;
педагогикалық теорияны практикалық іс-тәжірибемен байланыстыру;
педагогикалық процеске бақылау және талдау;
педагогикалық зерттеу әдістерін мақсатқа сай іріктеу;
мектептегі педагогикалық процесті жобалауды және жүзеге асыруды;
оқушыларды тәрбиелеу -оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтауды т.б.
Практиканттың есіне!
Оқушы тұлғасын зерттеудің жоба схемасы
1.Оқушы туралы мәліметтер (аты-жөні, туған жылы, денсаулығы, ұлты,т.б.)
2. Отбасы жағдайы, үй-ішіндік тәрбиесі (ата-анасының кәсібі,білім көлемі, отбасы құрамы)
3.Оқушының сабақ үстіндегі байқалатын ерекшеліктері:
а) жеке пәндерден үлгеру дәрежесі (ерекше қызығып, жақсы үлгеретін не оған ауыр тиетін сабақтар);
ә) тәртібі мен оқуға ынта-жігері;
б)сабаққа зейін қоюшылығы, жұмыс қабілеттілігі;
в)оқу материалын қабылдауы мен түсіну дәрежесі;
г)дағдысы мен икемділігінің деңгейі;
ғ)ой-пікірін ауызекі, жазбаша жүйелі етіп дәлелдей алуы, ана тілінде сөйлеу мәдениеті;
Егер оқушы сабақты нашар үлгеретін болса, оның себебін ашып көрсету керек.
4.Оқушының еңбекке ынталылығы, не енжарлығы;
а) оқушыны еңбекке даярлаудағы отбасының ролі (баланың үй ішіне тигізетін қолғабысы,тұрақты міндеттері)
5.Оқушының ерік-жігері, мінезі, сезім ерекшеліктері:
а) мақсатқа талпынушылығы, батылдығы,табандылығы;
ә) іс-әрекеті мен қылығының мотивтері мен мақсатын түсіне алуы;
б) оқушының ата-анасына, оқытушысына, құрбыларына қарым-қатынасы;
в) оқушының мінез-құлқындағы өзіндік психологиялық ерекшеліктер;
г) оның моральдық ұғымдары мен түсініктері (имандылық,достық,адалдық,сыпайылық, үлкен-кішіге қамқорлық жасау, ұстамдылық,т.б.)
6.Оқушының әлеуметтену бағыты:
а) мектеп, сынып үйірмелерінің жұмысына қатыс;
ә)өзі оқитын сынып ұжымына көзқарасы (сынып намысы үшін тырысуы,оның табысы мен сәтсіздігіне ортақтасуы т.б.);
б) сабақ үстінде, сабақтан тыс кездерде жолдастарымен қарым-қатынасы;
в) үйде сабаққа дайындалуы (оқу әдетінің қалыптасуы, сабақ дайындаудағы дербестігі, үй ішіндегілерден алатын көмегі);
г) оқушының мектептен тыс мекемелермен (музыка,спорт,т.б.)байланысы және олардың оған тигізетін ықпалы);
д)қызығулары мен бейімділіктері, арнаулықабілеттері, көркем әдебиетке, еңбек пен спортқа қызығулары, әншілік,музыкалық,сурет салу қабілеттеріт.б.
Зерттеу соңында оқушының жеке басында, мінез бітістерінде қандай кемшіліктер байқалды және оларды қалай түзетуге болатыны, қандай тәлімдік шаралар қолданылуы тиіс екенін көрсету керек.
Тәрбиеші баланың қаһарлы қожасы болмасын,, жұмсақ, талап қоя білетін жолдасы болсын.
М.Жұмабаев
Автордан студент - жастарға: Мен сіздерді жақсы көремін!
Аға ұрпақ өскелең буынға зейін қойып сын көзбен қарауға бейім. Оларды өзінің жас кезіндегі ерекшеліктерімен салыстырып,ұқсастығы мен айырмашылығын табуға әуес. Әрине, бұл түсінікті құбылыс: себебі, қазіргі жастар біздің жалғасымыз, болашағымыз. Жастарды бақылап,зерттеп, келер күндер қандай болатынын білуге тырысамыз. Бірақ, кейде жастарды танып-білу оларды сынап-мінеуге апаратын кездер болады.
Мына төмендегі төрт пікірге назар аударалықшы:
1.- пікір:"Біздің жастар сәнденуді, байлықты тәуір көреді. Олардың тәртібі нашар, тәрбиесіз. Бастықтарды мұқатып,қарттарды сыйламайды. Қазіргі жастар өктемшіл, бөлмеге үлкен кісі кіргенде тұрып, ізет етуді білмейді, ата-аналарына қарсы сөйлейді".
2.-"Мен біздің еліміздің болашағына деген сенімімді жоғалта бастадым.Себебі, бүгінгі жастар өркөкірек,төзімсіз,ұстамсыз, жалпы көргенсіз".
3.-"Біздің заман жетер жеріне жетіп, титықтап тұр. Балалар ата-ананы тыңдауды мүлдем қойды. Ақырзаман енді алыс болмас..."
4.-"Бұл жастардың рухани дүниесі өте таяз,өресіз. Олардың істегені зорлық, берекетсіздік. Бұлар өткен замандағы, не біздің кезіміздегі жастарға ұқсамайды. Қазіргі жастар біздің мәдениетімізді сақтап қала алмайды ма деген қорқынышты ой туады".
Бұлар кімдердің пікірлері деп ойлайсыз?
Осы сөздер ,шындығында біздің айтып та, естіп те жүрген сөздеріміз емес пе? Ендеше, бұлар кімдердің ойлары екен, тарихқа үңілейік.
Бірінші пікірді Сократ (б.з.д.470-399) айтса;
екінші пікір-Гесиодтікі (шамамен б.з.д. 720ж); Алайда оларға дейін де жастарға көңілі толмағандар жетіп айрылады екен.
Оған дәлел-үшінші пікірдің авторы- б.з.д.2000 жыл бұрын өмір сүрген Египет көріпкелі болса, төртінші пікір- Вавилоннан табылған 3000 жыл бұрын тас құмырада жазылған пікір екен.
Сөйтіп, мыңжылдықтар, ғасырлар өткен сайын жастар туралы пікірлер нашарлай беруде. Әйтсе де қалайша өркениет жоғалмай, мәдениет сақталып қана қоймай, небір жетістіктерге қайтіп ие болып келеміз деген ой туады. Сонда аға ұрпақтың жас ұрпақты үнемі түсінбеуі заңдылық па? Жоғарыдағы пікірлердің арасында қаншама уақыт өтсе де үндес болуы неліктен?
Меніңше, біріншіден, жастар барлығы бірдей, біркелкі масса емес.Олардың арасында жағымдысы да, жағымсызы да кездеседі.Олардың бірі белсенділікпен ізгілікке бағытталса, екіншілері тап солай белсенділікпен келеңсіздікке бет бұрады.
Екіншіден,аға ұрпақтың арасынан да неше түрлі адамдар кездеседі.Олардың бірі жастарды уақыттарын босқа жіберіп жүрген бос кеуделер деп, тек жаман жақтарын тізіп , мін тағатын болса, екіншілері өздерінің бойындағы кемшіліктерін ақтау үшін жастардың бойынан одан төмен белгілерді тауып, жазғырады. Үшіншілері-"бұрында тіпті ауа да ,су да ерекше, күн де ерекше нұрлы болатын. Қазір бәрі басқаша, қазіргі адамдардың пиғылы өзге" дейтін консерваторлар. Алайда барлық уақытта да әрбір кездің өзінің несібесі, жақсылығы бар екендігін түсінетін адамдар болған және ондай тұлғалар баршылық. Әр заманның жастары өзінен бұрынғы ұрпақтың тәжірибесін, мәдениетін өз бойына сіңіре отырып,олардан кем болмауға ұмтылады. Болашағымызға оптимистік көзқарасымыз болу аз, оларды білуге, оларға қол ұшын беруге дайын болу,олардың біздерден қандай ерекшеліктері бар екендігін білу ұрпақтар арасын жақындата түсері анық. Осыған Мағжанның "Мен жастарға сенемін" өлеңі мен Қасым Аманжоловтың: " Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ, көркіңе көз тастаймын мен таңырқап, сендіріп жер дүниені сен келгенде, жатармын мен көрпемді қырда қымтап"деген жыр жолдары жақсы мысал емес пе?
Енді қазіргі біздің студенттеріміздің тұлғалық өзгерістерін (аға ұрпаққа қарағанда) қарастырып көрейік. Олардың өзгеруіне қоғамдағы болып жатқан жағдайлар және оның өзіндік жағдайлары да себеп болады.
Біріншіден, отбасы өзгерді .Баланың санының азаюы- отбасындағы тәрбиенің, педагогикалық жағдайдың өзгеруіне әкелді. Ата-ананың балаға бөлетін уақыты, ықпалы азайды. Қазір ата-ана мамандыққа, кәсібіне көп мән береді,бала тәрбиесіне уақыты аз қалады.
Екіншіден, отбасының материалдық жағдайы жақсарды. Балалық кезеңнен бастап,ойыншық, киімге молынан ие болған бала тұрмыстық пайдалы еңбекпен айналыспайды. Соңғы кезде жоғары сынып оқушысының қажеттілігіне кететін қаржының шамасы 4 есе өскен. Бұл кейбір отбасының барлық табысына пара-пар. 11-сынып оқушысының киіміне кететін ақша анасының киіміне кеткен ақшадан 2 есе артады.Балалар тек қажет деген затқа ғана емес, байлықты,барлықты аңғартатын заттарға ие болуды талап етеді: магнитофон, фотоаппарат, ұялы телефон, видеоаппаратура,өте қымбат киімдер,т.т. Олар қай жерде, қандай жағдайда қалай киіну керек, отбасына қандай күш түсіп тұр, ойланбайды.
Колледждің студенті оқуға түскеннен кейін кейбір психологиялық өзгерістерге ұшырайды.Студенттің эмоциялық өміріне өзгеріс әкелетін мәселелер:
-өмірлік статусының өзгеруі (оқушы еді, студент болды);
-өзінің қажеті мен қажетін өтеу мүмкіншілігінің деңгейінің сай болмауы. (Алғашқы стипендиясын алған студент өзін ата-аналарынан тәуелсіз деп санап,бір-екі күнде онысын жойып алып, өзінің өмірлік орнын "түсінеді".)
-өмірлік перспективасының өзгеруі.Мақсат, мүдде, жоспар құрады. Немесе өмір ағынымен жай "жүзеді".
Колледжге 9-11 сынып бітіргендер түседі.Олардың арасында өзін мектепте көрсете алмағандар, жоғары оқуға "ілікпегендер",яғни білімдері төмендері кездеседі. 9-сыныптан келгендердің кейбірі мектепте "тәрбиелеуге көнбегендер"болып кездеседі. Яғни, бұлардың "Мен"-концепциясының әлсіздігі ("Менің қолымнан келмейді",т.б.) Өзін-өзі төмен бағалауы түрлі жағымсыз қылықтар жасауға әкеледі.(Тентек лидер балаға еріп кетуі,агрессивтік мінез-құлық,т.б.)
Оқытушылардың алдында үлкен міндет тұрады:ол әр студенттің өзін-өзі сыйлау, өзінің қадір-қасиетін сезіну сезімдерін жандандыру. Болашақ мамандығына деген көзқарас, жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Студенттер үшін өздерін сыйлайтын, түсінетін, дер кезінде қол ұшын беретін адамның қастарында болғаны маңызды.Студент ондай тұлғаның қойған талаптарына сәйкес болуға тырысады. Өйткені, 15-19 жастағы студенттердің нағыз денесінің және ақыл-ой тұрғысынан дамитын кезеңі. Бұл жасқа максимализм мен эгоцентризм тән. Өзгелердің тәжірибесіне салғырт қарап,өзінің не досының тәжірибесін артық бағалайтындығы кездеседі.
Бұл жастағы студент өте сезімтал,өзімшіл. Әділдікті белсенді түрде қорғап, бірақ өздеріне айтылған сынға төзбестік байқатады. Ата-аналарына, жалпы үлкендерге жоғары талап қояды,ал өзіне деген талабы төмен немесе солқылдақтық танытады. Өз-өздеріне кейде тым сенімді. Олардың ұстанған ұстанымдары кейде қасарыспалыққа да апарады. Егер оқытушы оның осы тұжырымының пайдалы тұсын тауып,қателескен тұсын өзіне тапқызып, студентті соңына ерте алса жақсы. Сонымен бірге жастардың өзін көрсету, ерекшелену қасиеттерін де ескеру, сыйлау керек. Өткен тарихқа көз жіберсек, стиляга, пижондар, хиппи, панк, рокер деген жастар басқа галактикадан келген қонақтар емес, сол өмір сүріп отырған кезеңде басқаларға ұқсамай, ерекшеленіп, көзге түсуге тырысқан жастар болатын. Олар сонысымен ортаға өзінің "менін" танытып, қалыпқа көнбеу, екіжүзділікке, жағымпаздыққа,бұйрықшылдыққа, құлдық психологияға қарсылық көрсетуге ұмтылған болар.
Бұл жас кезеңдері-өте құбылмалы, қауіпті кезең. Дұрыс қарым-қатынас, түсіністік, дұрыс бағыт-бағдар болса өркендеп, олай болмаса, қисайып кері кетуі мүмкін. Біздің еңбегіміздің сапасы біздің жанымыздың, рухани жан дүниеміздің сапасы . Сондықтан, "Мен студенттерімді жақсы көремін бе? Оларды барлық жетістігімен, кемшілігімен сыйлаймын ба?" деген сұраққа жауап берейікші. Өтірік емес, біз жақсы оқитын, қиыншылық келтірмейтін студентті жақсы көреміз. Оларды ғана біздің "жарқын болашағымыз" деп танимыз. Алайда, еріншек, қабілеті төмен студент те болашағымыз. Сондықтан оларға деген әділ, шынайы қарым-қатынас қалыптастырып, қолдан келген көмегімізді аямайық. Дұрыс жолға түссе ол да қабілетті, жауапкершілігі мол тұлғаға айналар.
Жолың болсын,болашағың жарқын болсын, үкілі ұрпақ!
Достарыңызбен бөлісу: |