Ашықтық
Сенім
Ынталандыру
Қабылдау
Эмпатикалық түсіністік
Өз-өзін ашуға, дамытуға, қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік беру;
Мойындау
Бейімделу
Шынайы ыңғай білдіру
Жауапкершілікті өзіне ала білу;
Коммуникативті қарым-қатынас;
Өзгеге бағыттала білу
Өзін-өзі сыйлау
Өзгенің пікірін сыйлау
СТУДЕНТТЕРГЕ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА кеңес.
Практиканттың есіне!
Оқушы тұлғасын зерттеудің жоба схемасы
1.Оқушы туралы мәліметтер (аты-жөні, туған жылы, денсаулығы, ұлты,т.б.)
2. Отбасы жағдайы, үй-ішіндік тәрбиесі (ата-анасының кәсібі,білім көлемі, отбасы құрамы)
3.Оқушының сабақ үстіндегі байқалатын ерекшеліктері:
а) жеке пәндерден үлгеру дәрежесі (ерекше қызығып, жақсы үлгеретін не оған ауыр тиетін сабақтар);
ә) тәртібі мен оқуға ынта-жігері;
б)сабаққа зейін қоюшылығы, жұмыс қабілеттілігі;
в)оқу материалын қабылдауы мен түсіну дәрежесі;
г)дағдысы мен икемділігінің деңгейі;
ғ)ой-пікірінің ауызекі, жазбаша жүйелі етіп дәлелдей алуы, ана тілінде сөйлеу мәдениеті;
Егер оқушы сабақты нашар үлгеретін болса, оның себебін ашып көрсету керек.
4.Оқушының еңбекке ынталылығы, не енжарлығы;
а) оқушыны еңбекке даярлаудағы отбасының ролі (баланың үй ішіне тигізетін қолғабысы,тұрақты міндеттері)
5.Оқушының ерік-жігері, мінезі, сезім ерекшеліктері:
а) мақсатқа талпынушылығы, батылдығы,табандылығы;
ә) іс-әрекеті мен қылығының мотивтері мен мақсатын түсіне алуы;
б) оқушының ата-анасына, оқытушысына, құрбыларына қарым-қатынасы;
в) оқушының мінез-құлқындағы өзіндік психологиялық ерекшеліктер;
г)оның моральдық ұғымдары мен түсініктері (имандылық,достық,адалдық,сыпайылық, үлкен-кішіге қамқорлық жасау, ұстамдылық,т.б.)
6.Оқушының әлеуметтену бағыты:
а) мектеп, сынып үйірмелерінің жұмысына қатыс;
ә)өзі оқитын сынып ұжымына көзқарасы (сынып намысы үшін тырысуы,оның табысы мен сәтсіздігіне ортақтасуы т.б.);
б) сабақ үстінде, сабақтан тыс кездерде жолдастарымен қарым-қатынасы;
в) үйде сабаққа дайындалуы (оқу әдетінің қалыптасуы, сабақ дайындаудағы дербестігі, үй ішіндегілерден алатын көмегі);
г) оқушының мектептен тыс мекемелермен (музыка,спорт,т.б.)байланысы және олардың оған тигізетін ықпалы);
д)қызығулары мен бейімділіктері, арнаулы қабілеттері, көркем әдебиетке, еңбек пен спортқа қызығулары, әншілік, музыкалық,сурет салу қабілеттері, т.б .**** Зерттеу соңында оқушының жеке басында, мінез бітістерінде қандай кемшіліктер байқалды және оларды қалай түзетуге болатыны, қандай тәлімдік шаралар қолданылуы тиіс екенін көрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |