Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы



бет66/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

Білуі керек.
Болашақ маман:
● Тәрбие процесіндегі өтіп жатқан ішкі және сыртқы жағдайларды талдап, бағалай алуы керек.
● Қайшылықтарды тауып, оны шешіп, жоя алуы керек.


О
сы материалды оқып, көршіңмен талда
. Ең басты 4 пікірді жаз.
Маңызды деген 4 сөйлемін ол саған айтсын. Екеуің бірігіп осы тақырыпты ашатын қысқа тезис жасаңыз.
тақырып: Тәрбиенің мәні Тәрбие мақсаты, түрлері, даму тарихы

Тәрбие – мақсаты жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатын тәрбиеші мен тәрбиеленушінің ықпалдастығына негізделген арнайы ұйымдастырылған жүйе түріндегі әлеуметтік процесс. Біртұтас педагогикалық процестің бір бағыты ретінде тәрбиенің оқумен ортақ белгілері көп, ал өзіне тән ерекшеліктеріне: мақсатқа бағыттылығын, нәтиженің бірден көрінбейтінін, көп факторлылығын, өзгермелілігін, үздіксіздігін, кешенділігін, баламалы мәнін, екі жақтылығын т.б. атауға болады. Жеке тұлға қалыптасуында өзіндік тәрбие мен қайта тәрбиелеудің маңызы зор.


Тәрбиенің қалыптасқан түрлері және даму тарихы бар:

  1. Авторитарлық тәрбие. Тәрбие дегеніміз балаларды басқару деген көзқарас ұсынып, соған сай негізгі әдістеріне бақылау, тыйым салу, бұйрық, ескерті т.б. жатқызады. Өкілі неміс педагогы И.Ф.Гербарт.

  2. Еркін тәрбие. Тәрбие дегеніміз баланың табиғи дамуына жағдай жасау деген көзқарас ұстанады. Негізін салушы Ж.Ж.Руссо.

  3. Демократиялық тәрбие. Тәрбиеге балалардың өзін өзін-өзі басқару органдарын, ұжымды қатыстырудың тиімділігін дәлелдейді. Өкілдері А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский т.б.

  4. Педалогия. Тұлға туралы жан-жақты мәліметтер жинау негізінде тәрбиені даралау (дифференциялау) принципін ұстанады.

  5. Жеке тұлғаға бағытталған тәрбие баланы дамытуға, тәрбиелеуге бағытталған жұмыстардың барлығы баланың ерекшеліктеріне сай болуы керек деген тұжырым ұсынады. Джон Дьюидің бұл идеясы А.Л.Бодалев, З.И.Малькова, Л.И.Новикова тұжырымдамаларында жалғасқан. Я.Корчак баланың құқығын мойындау негізінде қарым-қатынасты өзгерту арқылы тәрбиелеу идеясын ұсынады.

  6. Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу. Ұжымдық шығармашылық тәрбие концепциясы. Тәрбиенің басты құралы еңбек, іс-әрекет деп танып, сол арқылы еңбеккер, қоғам қайраткері, қоғам мүшесін тәрбиелеуге бағытталған А.С.Макаренко, И.П.Иванов, В.А.Карповский тұжырымдамалары жас ұрпақты тәрбиелеу процесінде басшылыққа алынып отыр.

  7. Р.Штайнер, Л.Колбергтің адамгершілік тәрбие бағытындағы ой-пікірлері Вальдорф мектебінің негізгі бағытына айналған.

  8. Л.С.Выготскийдің тәрбие мен оқытуды баланың болашақ даму аймағына бағыттау теориясы тәрбиенің басты қағидаларының бірі болып отыр.

Қорыта айтқанда, тәрбие заңдылықтары мен қағидаларын ескере отырып, қазіргі заман талабына сай ұрпақ тәрбиесін жетілдіруге бағытталған ізденістер көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет