Әбу Насыр әл-Фараби.
Сөйтіп, тәрбие процесі мақсатты, ұзақ та үздіксіз жүретін, нәтижесі бірден көрінбейтін, екі жақты, басқаруға қиын, өмірге келгеннен ақтық демге дейін жүретін, тәрбиеленушінің тәрбие объектісі де субъектісі де болатын, тәрбиеленушінің белсенділігін қажет ететін процесс екеніне көзіміз жетті. Осы процестің негізінде адам өзіне, өзгеге, табиғатқа, көркемдікке, мәдениетке, отанға,еңбекке деген мазмұнды дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырады.
Тәрбие процесі арқылы адам қарым-қатынасқа үйренеді. Ұлттық негізде тәрбиеленген бала биязы, әдепті, ұстамды, т.б. ұлттық нышанды қарым – қатынас жасауға үйренеді.
Тәрбие арқылы балада қазақстандық патриотизм қалыптасуы керек. Кез келген ұлт өзі өмір сүріп отырған елін құрметтеп, қадірлеп, отанын сүю, өзін осы ел азаматымын деп санауға үйренуге тиіс.
Табиғатқа көзқарас - табиғилық принципі жүзеге асқанда толық қалыптасады. Табиғи орта, адам табиғаты – ұлды ұлша, қызды қызша тәрбиелеу, ұлттық табиғи болмысты ескеру.
Артық етпес білгенің... Ұлттық тәрбие- тәрбие негізі
Ел президенті Н. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" халыққа Жолдауының "Қазақстан мұраты" бөлімінде былай айтылған: "...Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы жағдайға лайықты, күллі әлемге сыйлы, өз елінің патриоттары болады... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны -Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге,... әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру..."
«Ұлтының қамын ойламаған адамның қамын-ұлты да ойламас болар» (Р.Ғамзатов)
Достарыңызбен бөлісу: |