Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы


Тәрбие мазмұны төмендегі идеяларды негіз етеді



бет78/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

Тәрбие мазмұны төмендегі идеяларды негіз етеді:



  1. Тәрбиенің мақсатының айқындылығы. Қазіргі айқын мақсатымыз – адамның өзінің қабілеті мен дарынына сүйене отырып, әр жақты дамыту. Қойылған мақсатқа жету құралы – адамның мәдениеттің негізін игеруі. Осыдан келіп, жеке тұлғаның «мәдени негізі» деген тәрбие мазмұнының тірек ұғымы анықталады. Бұл адамның өзіндік өмірлік бағыт-бағдарын айқындаушы мәдени негіздер.Олар: адамның еңбек және экономикалық мәдениеті, саяси, демократиялық,құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық, эстетикалық және дене мәдениеті, жанұялық қарым-қатынастар мәдениеті.

  2. Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеттері. Тәрбие процесінде баланың белсенді позициясын қамтамасыз ететін жоғары адамгершілік үлгі-өнегесіне, рухани мәдениет құндылықтарға негізделген, солардың негізінде өз құндылықтарын қалыптастыратын, іс-әрекеттерді табу.

  3. Өзінің өмірлік орнын табу. Дамыта тәрбиелеу мақсаты - өзіндік тұрақты сенім-ұстанымы бар, демократиялық көзқарасы қалыптасқан, өмірлік позициясы жетілген адам қалыптастыру. Яғни тәрбие мазмұнындағы ең үлкен элемент-өзінің өмірлік орнын айқындау мәдениеті. Бұл түсінік кең - адамның өз - өзімен гармониялық үндестікте, азаматтық, кәсіби, адамгершілік тұрғыда қалыптасуын аңғартады.

  4. Тәрбиенің жеке тұлғалық бағыттылығы. Тәрбие істерінің негізгі бел ортасында бағдарламалар, іс-шаралар, әдіс-тәсілдер мен формалары тұрмауы керек, бұл тәрбие ісінің негізі болып – бала, жасөспірім, жеткіншек тұруы керек. Міне, осы тұлға педагогикалық ықпалдың басты мәні де мақсаты да болса ғана нәтиже дұрыс болады. Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, оның қызығуларын, мінез ерекшеліктерін, өзіндік сана - сезімін қалыптастыру – басты мақсат болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет