«Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет56/71
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#76580
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71
Байланысты:
6f937c3d-39bc-11e3-9713-f6d299da70eeПедагогикалық мамандыққа кіріспе

Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процессі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас).
Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас).
Қарым-қатынастың нәтижелері оны ұйымдастыру орнына {сынып іші, аудитория, дала, табиғат, мейрамхана т.б.), өткізілу уақытына (таңертең, түсте, кешке, түнде) адамның жас ерекшеліктеріне, мінездеріне байланысты әр түрлі болады. Осыған орай қарым-қатынас жасауда онын орны мен уақытынын алатын рөліне байланысты мынандай мысалдарды қарастырайық. Мысалы АҚШ-та көптеген ірі компанияларда кабинеттердің есіктері бәрі шыныдан жасалған. Олар бәріне ашық, міне біз жұмыс үстіндеміз дегендей. Ал немістер ондай жерде жұмыс істей алмайды. Олар ашық есікті де ретсіздік деп санайды.
Сонымен қатар қарым-қатынасты ұйымдастыруда әңгімеге қатысушылардың үстел басында орналасулары да, тыңдаушылар мен баяндаушы арасындағы ара қашыктық та дұрыс ескерілуі керек. Тым алыс отырған тыңдаушының зейінінің шоғырлануы төмендеп сейіле бастайды. Ал егер баяндаушы да, тьңдаушылар да өзара жақын, салыстырмалы түрде бірдей қашықтықта орналасса олардың тығыз қарым-қатынастары тиімді нәтижеге жеткізетіні анық. Бір үстел басында отырған адамдардың қарым-қатынасы күштірек болатынына байланысты кейбір манызды семинар, мәжілістердің «дөңгелек үстел» басында өткізілу себебі де осы идеяға негізделген.
Мұғалімдер тәжірибесінде әр жастағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Өзімен бірге істейтін әр жастағы әріптестері, оқушылар, олардың ата-аналары, ата-әжелері педагогтың
коммуникативтік қабілеттеріне деген талапты күрделендіре түседі. Жас мұғалімдер үшін аталып отырған адамдар категориясында әсіресе оқушылармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық-педагогикалық негіздері мен сан-алуан тәсілдерін жан-жақты меңгеру қажет.
Аксиалды қарым-қатынас ретиалды қарым-қатынасқа қарағанда анағұрлым қарапайымырақ, себебі бір адаммен сөйлесу бір топ адаммен сөйлесумен салыстырғанда әлде қайда жеңіл.
Бір адаммен сөйлескенде оған "не қызыкты, ол неге еліктейді соны анықтап алған жөн. Бұндай қарым-қатынасты өзіңді мазалайтын нәрседен емес, тыңдаушыңды қызықтыратын мәселеден бастаған жөн. Аксиалды қарым-қатынас барысында тек өзінің пікірін ғана дұрыс деп санайтын адамдар да жеткілікті. Ондай адамдармен дауласудын қажеті жоқ. Тек нақты фактілер, нақты аргументтер арқылы логика заңдарына негізделіп өз пікіріңіздің дұрыстығын сабырлықпен, достық қарым-қатыиасты бұзып алмайтындай дәлелдеген абзал. Ал керісінше, кейбір жағдайларда сіздің барлық пікіріңізбен келісіп мақұлдай беретін адамдармен әңгімелесудің өзі қызықсыз болып қалады. Ондай адамдардың жеке пікірін білу үшін оларға тікелей сұрақтар қойып отыруға тура келеді.
Егер сізге айтылып отырған ақпаратты сіз бұрыннан білетін болсаңыз, «Мен оны білемін» - деп кесіп айтудың қажеті жоқ. Керісінше ол адамның сол мәселе жайлы білімдерін өз білімдеріңізбен салыстырып көріңіз, бәлкім сізге қызықты жаңалықтар айтылатын шығар. Аксиалды және ретиалды қарым-қатынастар барысында сөйлеп тұрған адамды тыңдай алудың өзі өнер. Аксиалды қарым-қатынастағы диалогтың нәтижесі адам көңілін барлық алаңдатқыштардан (уақыттың тығыздығы, ұялы телефонның үнемі шырылдай беруі т.с.с.) алшақтатуына байланысты өзгеріп отырады.
Вербалъсыз қатынас - мимика, ым-ишара, пантомимика аркылы сөзсіз қарым қатынас.
Мимика - адам бетінің бүұшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі.
Ым-ишара (жест) - қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары
Пантомимика - қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы.
Бір қарағанда сөзсіз карым-қатынастың болуы мүмкін емес сияқты, бірақ айналаға зейін қойып көңіл бөлсек ақпараттармен алмасудың қаншама сөзсіз тәсілдері қолданылатынын аңғаруға болады. Біз ана тілімізден басқа бірнеше тілдерді үйренуге талпынамыз, компьютер тілін үйренеміз, солармен қатар барлық халықтарға белгілі ым-ишара, іс-қимылдар тілдері белгілі. Бұл тілді меңгеруде өмірдің өзі көптеген сабақтар береді, бірак кеп назар аудармағандықтан біз барлығымыз оларды бірдей толық меңгере бермейміз,
Мысалы, ақпараттармен алмасудағы семафор әліппесі шартты белгілер, жалаушапар арқылы), Сэмюэл Морзе әліппесі (1837ж) (тақылдату немесе жарық сигналдары арқылы), Луи Брайль әліппесі (1843ж. Франция) (соқыр адамдардың арнайы сипап сезілетін релъефтік-нүктелер комбинациялары арқылы оқу-жазу әліппесі), Шарль Мишель де Л' Эпее эліппесі (1775ж. Франция) {саңырау және мылқау адамдардың алақан мен саусацтардың қимылдары арқылы сөйлесу әліппесі) сияқты көптеген әдіс-тәсілдері өмірде орын алып жатыр.
Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-қатынастан көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге қарағанда адам көру аркылы көбірек ақпарат алады екен. «Мың рет естігенше бір рет көргенім артық» деген мақал осыған байланысты айтылған. Белгілі профессор Альберт Мерабиан вербальсыз қарым-қатынас жайында жасалған бақылаулары бойынша қарым-қатынастағы негізгі үш фактордың маңыздылығына тоқталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет