Байланысты: Педагогиканы оқыту процесінде білімдерді бақылау түрлері мен формаларымен таныстыру
Бақылау-ізденіс кейде өз-ара байланыстағы ауқымды педагогикалық тұтастай жүргізілсе, кейде бір обьектіден екіншісіне көшу ретімен жүргізіледі. 4. Бақылаудыұйымдастыру. Зерттеу әдісі терминімен қоса зерттеу әдістемесі деген терминнің пайдаланатынын атап өту керек. бақылау әдістемесі туралы айтқанда эксперименыт әдістемесі, әдеби бастаулармен жұмыс істеу әдістемесі деген ұғымдар туралы да әңгіме болады. Сонымен қоса бақылау техникасы және эксперимент техникасы деп жіктеледі. Бұл көрсетілген терминологиялардың бірлігі болмауы мұмкін жалпы қабылданған мынандай ұғымды еске ұстау керек: әдіс дегеніміз педегогикалық актіні тану тәсілі, ал әдістеме осы тесілдерді жүзеге асыру үшін қолданылатын жүйе. Ал техника болса ізденістің құрамы болып табылатын жеке ұғым. Бақылау әдісін жүзеге асыратын жалпы жағдайлар ден қоялық. Бақылау әдістемесі, оның құрылымы, жүйесі, түрі, мазмұны, техникасы көптеген жағдайға тәуелді болады, ең бастысы зерттелетін проблеманың мәні мен ерекшелігіне, зерттеудің түпкі мақсаты мен міндеттеріне, обьектінің сипатына, зерттеу затымен зерттеушінің жұмыс істейтін жағдайына, қосалқы құрлымдармен жабдықталуына, бақылау жүргізушінің тәжірибесіне, басқа да жеке қасиеттеріне, зерттеу жұмысына қатысушылардың санына және ең соңынан, осы зерттеудегі басқа әдістердің ішінде осы бақылаудың алатын орнына байланысты болады.
Жоғарыда айтылған жағдайлардың бәрі ескеріліп, бақылаудың мүмкіндіктері ойластырылып, оның түрлері іріктелгеннен кейін, бақылаудың жоспары жасалады. Онда бақылаудың обьектісі, мақсаты, уақыты, ұзақтығы, шығуға тиісті нәтижесі қарастырылады және зерттеуші бақылаудың көмегімен анықтайтын сұрақтар болады.[14]
Бақылаудың белгілеу техникасы ойластырылады. Оларды жазу әр-түрлі болады. Оның ішінде көрініс берген нәрсенің берін тіркейтін хаттамалық жазу, аса қажетті деген элементтерді көрсететін іріктеп жазу, күнделікті жазу, егер бақылау ұзақ уақытқа созылса үзілісті жазу болады. Сондай-ақ белгіленген схема бойынша мәліметтер жазылатын қалыпты үлгіде пайдаланылады. Бақылау шараларында мынандай көрсеткіштерді белгілеу міндетті: жұмыстың дәл уақыты, мектеп, сынып, бақыланатын педагогикалық процеске қатысушылар, іс-әрекеттің орны, шарты, процестің барлық деталдары туралы дәл хабарлама ( ол алдын ала жасалған болжамға сай келуі, немесе келмеуі мүмкін ), оз жағдайы туралы ескертпелер, бақылаудың барысы және жазба тәсілі туралы анықтамалар.