Педагогиканы оқыту процесінде білімдерді бақылау түрлері мен формаларымен таныстыру



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі29,59 Kb.
#89463
  1   2   3
Байланысты:
Педагогиканы оқыту процесінде білімдерді бақылау түрлері мен формаларымен таныстыру


Педагогиканы оқыту процесінде білімдерді бақылау түрлері мен формаларымен таныстыру.
Өз еркімен жүрген және бақылаудағы адамның мінез-құлықтары өздерін сезінуі әр-түрлі болады, егер адам айналасындағылардың өзіне қандай баға беретіндігіне мән берсе жағдай тіпті күрделенеді. Бұдан бұрын бақылау жағдайын қалыпқа түсіру үшін үйренісу кезеңі болуы қажеттігі айтылған. әйткенмен мұндай үйренісу кезеңі балалардың мінез-құлқындағы жасандылық элементін толығымен жояды, олар басқалардың қатысуы үстінде өздерін табиғи жағдайда ұстайды деп толық сеніммен айту қиын. Оның үстіне бөтен адам келген кезеңде жағдайды тәртіпке келтірудің жалпыға ортақ дәстүрін оқушылар меңгеріп алады. Анкета ( мұғалімдер сабаққа басқа адамдардың қатысуына қалай қарайды? Деген сауалға жауап береді). Бұл жағдайға ешкімнің оң көзқараспен қарамайтынын көрсетті. Сондықтан ашық бақылаудың мәліметтерін жасандылық элементтерін түзетіп барып қабылдаған жөн.
Жасырын бақылау. Қайшылықты, бірақ аса құнды зерттеу әдісі болып саналады. өздерінің бақылаудан тыс жүргеннін сезінетін оқушылардың іс-әрекетін назарға алу процестің нақты бейнесін береді деп айтуға болады. әрине, көрінбейтін бақылау, әсіресе педагогтың сабақ үстіндегі іс-әрекетіне әсер алу, бір қарағанда этикаға жатпайтындай болып көрінеді. әйткенмен мұғалім сабақ үстінде жалғыз болмайтынын ескеруіміз керек. оған ұдайы балалар қарап отырады. бақылау астында екенін сезіну мұғалімге тән қалыпты жағдай. Теле және бейне камералар арқылы жасырын бақылау өндірісте, медициналық мекемелерде кеңінен қолданылады. Мұндай жабдықтарды ғылыми мақсат үшін мектептеде пайдалануға болады.
Үзіліссіз және дискреттік (үзілісті) бақылау. Бақылау құбылысы толық аяқталған күйде, яғни, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын сипаттайтындай болса ол үзіліссіз бақылау түріне жатады. Аталған жағдайда, үздіксіз нақты педагогикалық процестің ұзақтығын оны зерттеуге кеткен уақытпен бірдей болады. [12]
Егер зерттеушінің бақылау аймағына тек обьектінің даму барысы ғана емес сонымен бірге бақылауға алынатын процестің пайда болуыда көрініс табатын болса бақылаудың бұл түрі генетикалық деп аталады. Мысалы: практиканыт-студеніттер ересек сынып оқушыларының ұйымдастыру тапсырмаларын шешу циклына көп мәрте бақылау жасалады. Бастамашылар тобы нақты сыныптан тыс шараны жобалай отырып оның схемасын ұжымдасып жасайды және онан кейін оқушыларға жүктелетін барлық іс-әрекеттерді белгілейді. Сөйтіп, бақылаушының көз алдында “ күзгі бал”, “ еңбек операциясы”, “жастардың ән-кеші” тәрізді идеялар нақты жоспарға ие болып кейіннен жүзеге асырылатын міндеттер жүйесіне айналады. Оларда тура міндеттерге қоса жаттығу ұйымдастырыуының тәрбиелік мәні болады. Педагогикалық құбылысқа үзіліссіз бақылау орнату сол құбылыс жедел және үзіліссіз жүрген уақытта сәтты болады. Айталық, үйге берілген тапсырманың әдістемесі зерттелетін болса, бұл жұмыстың шағын уақыт ішінде өтіуі бақылаудың да аз уақыт ішінде жүргізілуіне мүмкіндік береді. Мысалы, сабақтың құрылысын зерттеу үшін үзіліссіз бақылау жүргізіуге 45 минут уақыт кетеді. Бұдан кейін басқа сабақтарға бақылау жүргізу операцияның қайталануы болып табылады. Оларда тұтас педагогикалық құбылыс толық аяқталған күйде жаңадан көрініс тауып отыраді.
Егер процестің басталуы мен аяқталуының арасы ұзақ уақытқа созылып кететін болса оны зерттеу үшін дискреттік бақылауға жүгінуге тура келеді. Педагогикалық процесс жасырын, бақылаушының назарына белгілі бір ситуациядағы көрінісіне ғана ұшыраған жағдайда да дискіреттік бақылау қолданылуы мұмкін. Оқушының мінез-құлқы, шешімі, іс-әрекеті, белгілі жағдайда жасалады, оған алдын ала мүмкіндік беріледі. Жағдайға жол беріп немесе оны әдейі ұйымдастыра отырып зерттеуші процестің жекелеген кадрларын бақылайды.[13]
Монографиялық және мақсатты бақылау. Монографиялық бақылау өз-ара түрлі жағдайға байланысқан құбылыстарды мүмкіндігінше мол көлемде қамтиды. Монографиялық бақылау барысында көптеген құблыстардың дамуына, олардың қарым қатынасының орнауына және өз-ара әсерлік сипатына, негізгі зерттеу процессіне ықпал жасауына зер салу мүмкіндігі туады. Мұндай ғылыми ізденісті ұйымдастыру мысалы ретінде Новсибир педагогика институты педагогтары мен ғалымдар ұжымын алуға болады. Топ 5жыл бойы белгілі бір оқушыларға және солармен қатарлас жастағы балаларға, бірақ әр-жылдары монографиялық бақылау жүргізгін. Аталған жағдайда бақылау көптеген көрсеткіштер бойынша жұргізіліп зерттеу аймағына оқушылар барынша мол тартылған. Осының натижесінде оқушылардың рухани қажеттілігінің өзгеру тенденциясы ( үрдіс) обьективті тұрде көрініс табады.
Бақылау белгілі бір мәселеге ғана зер салатын мақсатты болуы мүмкін. Мұндай арнаулы бақылау зерттеуге тиісті бір құбылысты бөліп алып тек соның ғана әсер ету аймағына зер салуды айтады. Құбылыстың негізін білу, оны саналық құрамын сипаттау үшін осы бақылауды пайдаланады. Бұл жерде зерттеушіні бір бағытқа жетектейтін талдамалы мақсат басым болады.
Бақылау - ізденіс .
Бұл өзіндік ерекшелігі бар бақылау. Зерттеуші педагогикалық процестің ішінен өзін қызықтыратын құбылысты, фактіні табу үшін осындай бақылау тұрін жүргізеді. Сөйтіп, ол оқушылар мен мұғалімдер іс-әрекетінің көп бағыттарына зер салады, нақты жағдайдың барынша күрделі және жеңіл тұстарын анықтауға ден қояды. Жасөспірімдердің өздеріне сын көзімен қарауы қашан пайда болады? Олар қандай жағдайда көрініс береді? Бұл сауалдарға жауапты тек бақылау-ізденіс қана жауап бере алады. Бұл үшін оқушылардың жиналысына, кеңесулеріне, талқылауларына, қортынды шығаруларына, яғни, өздеріне, өз істеріне баға беретін процестерге қатысу керек. әр-бір жиын үстінде оқушылардың өз істеріне талдау жасауы, сын көзімен қарауы бола бермейді. Сондықтан мұндай сәтті күту үшін көп уақыт кетеді. Бақылаушы-зерттеуші осындай жағдайды балалар ұжымының өміріне қатысты, бірақ негізгі тақырыптан ауытқитын көптеген процестерды бастан кешуіне тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет