Педагогтердің аттестациядан өту қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер



бет1/52
Дата14.11.2022
өлшемі243,03 Kb.
#158069
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
?@8;>65=85 07 2


Бұйрыққа қосымша


Педагогтердің аттестациядан өту қағидасы


1-тарау. Жалпы ережелер



  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді аттестаттаудан өткізу тәртібін, сонымен қатар, педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) рәсімін айқындайды.

  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) апелляция - педагогтің сұрау салуы бойынша ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
2) аттестаттау - педагогтің кәсіби қызметіне қажетті кәсіби құзыреттерін айқындайтын біліктілік санатын беру (растау) жөніндегі рәсім;
3) аттестаттау комиссиясы - педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі - комиссия);
4) апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – республикалық апелляциялық комиссия) – педагогтер ұлттық біліктілік тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайтын білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;
5) біліктілік санаты – кәсіби құзыреттер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келетін педагогтің кәсіби біліктілік деңгейі;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен немесе өтініш жасамай жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
8) педагог - тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, «Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығына сәйкес көрсетілген лауазымдарды атқаратын тұлға (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 15 сәуірде №141759 болып тіркелген);
9) Ұлттық біліктілік тестілеуі (бұдан әрі – біліктілік тестілеу) – білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет