Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары



бет6/35
Дата11.02.2022
өлшемі193,65 Kb.
#131510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары №561бұйрық

11) педагог – тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіби қызметін жүзеге асыратын тұлға;

12) ұлттық біліктілік тестілеуі (бұдан әрі – Біліктілік тестілеуі) – осы Қағидаларға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім.


4. Тиісті саланың уәкілетті органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттау үшін осы мемлекеттік органдардың бірінші басшысының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін комиссиялар құрылады:
"педагог" білім беру ұйымдарында;
"педагог-модератор", "үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе " басшы-ұйымдастырушы", "екінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе " басшы-менеджер", "педагог-модератор" – әдіскерлер үшін – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімі органдарында;
"педагог-сарапшы" және "педагог-зерттеуші", "бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-көшбасшы", "педагог-сарапшы", " педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" – әдіскерлер үшін – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органдарында; "педагог-шебер" – білім беру саласындағы уәкілетті органның жанында


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет