Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі



бет5/14
Дата15.12.2021
өлшемі111,21 Kb.
#100804
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
192 бұйрық-конвертирован (1)

2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі


  1. Біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын алатын педагогтер осы Қағидалардың

  1. тармағының

талаптарына сәйкес келеді және № 83

бұйрыққа


сәйкес ұлттық

біліктілік тестілеуін тапсырады.

  1. Біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын алуға мынадай санаттағы адамдар қатысады:

    1. "педагог-модератор" біліктілік санатына:

жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін білім беру ұйымдарына алғаш рет жұмысқа қабылданған, педагогикалық практикаға оң баға алған, диплом бойынша орташа балы:

жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом - GPA көрсеткішінің 3 балынан төмен емес;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом - GPA көрсеткішінің 4,5 балынан төмен емес.

пәнді (пәнді) ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, ағылшын тілін С1 (CEFR шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес білетінін растайтын сертификаты (куәлігі) бар адамдар;



    1. "педагог-сарапшы" біліктілік санатына:

қалалық (аудандық) деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған адамдар; қалалық (аудандық) деңгейдегі кәсіби конкурстардың жеңімпаздары болып

табылатын адамдар;

облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және астана) деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған адамдар;

ағылшын тілін С1 (CEFR шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;

жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;

білім беру ұйымдарына өндірістен, бейінді ұйымдардан педагогикалық жұмысқа ауысқан, мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар;

бейінді пән бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылатын адамдар.


    1. "педагог-зерттеуші" біліктілік санатына:

облыстық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларды дайындаған адамдар;

облыстық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылар болып табылатын адамдар;

республикалық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған адамдар; ғылым кандидаты/доктор немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде үш

жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;

кәсіпорыннан, бейінді ұйымнан педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар адамдар.


    1. "педагог-шебер" біліктілік санатына:

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларды дайындаған адамдар;

республикалық деңгейдегі кәсіби конкурстардың жеңімпаздары немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылар болып табылатын адамдар;

педагогикалық практикада ғылыми негізделген әдістерді, сондай-ақ Республикалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен оқыту мен тәрбиелеудің авторлық технологияларын жүйелі түрде пайдаланатын халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған адамдар.


  1. Комиссияның педагогтің біліктілік санатын мерзімінен бұрын беру бойынша шешім қабылдау жөніндегі жұмыс тәртібі осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9, 14, 15, 16, 17- тармақтарында реттелген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет