Біліктілік санатын беру сараптамалық кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, Комиссияның шешімімен қабылданады:
"педагог-модератор" біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
"педагог" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибе жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
"педагог-сарапшы" біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
"педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар ұйымдастырылған оқу әрекетін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларына ие, білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды, аудандық/қалалық деңгейде тәжірибе жинақтайды, аудандық/қалалық деңгейдегі олимпиадаларға, конкурстарға жарыстарға қатысушылары бар;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде төрт жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
"педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті айқындайды, облыс/республикалық
маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибе жинақтайды ( республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға
, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша талаптар қоюсыз, оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың республикалық сараптамасына қатысқан адамдар.
"педагог-шебер" біліктілік санатына:
тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
"педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған авторлық бағдарламасы бар немесе уәкілетті орган бекіткен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби қоғамдастық желісін облыс деңгейінде дамытуды жоспарлайды, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын даярлаған.
Педагогтерге біліктілік санатын беру педагогтердің біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру рәсімі білім берудің келесі деңгейлерінде жүргізіледі:
"педагог-модератор" біліктілік санаты - мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ( бұдан әрі - білім беру ұйымдары);
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты - аудандардың (қалалардың) білім бөлімдерінде, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органдарында;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда ( республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органдарында;
"педагог-мастер" біліктілік санаты - республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда ( республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органдарында.
Білім беру ұйымы біліктілік санатын беру үшін педагогтердің тізімдік құрамын ( қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде) аудандардың (қалалардың) білім бөлімдеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларына, республикалық ұйымдар - білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органына ұсынады.
Әрбір педагог бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін шығарады:
өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді;
өтініш берілген біліктілік санатынан бір саты төмен санатқа сәйкес келеді.
Комиссияның шешімі осы Қағидаларға ресімделеді.
6-қосымшаға
сәйкес хаттамамен
Комиссия "өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді" деген шешім қабылдаған кезде біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Комиссияның педагогтерге біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Біліктілік санаты педагогтердің өтініші негізінде, бірақ келесі жағдайларда үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады:
"Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен (
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне сәйкес педагогтің уақытша еңбекке жарамсыздығы;
жүктілікке және босануға, бала күтіміне байланысты демалыста болу;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қызметтік іссапарда, мамандығы бойынша оқуда (тағылымдамада) болу;
біліктілік санаты берілген лауазымдағы жұмысты тоқтату себептеріне қарамастан қайта бастау;
Қазақстан Республикасының шегінде жұмыс орнын ауыстыру;
білімі, еңбек өтілі және біліктілік санатын растайтын құжаттары болған жағдайда жақын және алыс шетелдерден Қазақстан Республикасына келген адамдардың педагогикалық қызметті жүзеге асыруы;
білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысу.
Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген және жұмысқа шыққан педагогтерге біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін білім беру ұйымдары Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
біліктілік қағидаларының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысанда);
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады);
білімі туралы дипломның немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлау туралы құжаттың көшірмесі;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжаттың көшірмесі;
педагогтің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
кезекті біліктілік санаттарын беру туралы куәліктің көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаты жоқ педагогтерден басқа);
біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат.
Комиссияның біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі отырысы өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Тиісті деңгейдегі біліктілік санатын беру туралы бұйрық ағымдағы жылдың 15 шілдесінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмей шығарылады. Тиісті бұйрықтың
негізінде білім беру ұйымы осы Қағидаларға туралы куәлік береді.
8-қосымшаға
сәйкес біліктілік беру
Төменде көрсетілген біліктілік санаттары берілген педагогтерде біліктілік санаттары берілген кезден бастап лауазымдарының мынадай біліктіліктері сақталады немесе беріледі, сондай-ақ теңестіріледі:
"екінші санат" - "педагог-модератор"; "бірінші санат" - "педагог-сарапшы";
"жоғары санат" - "педагог-зерттеуші" және "педагог-шебер".
Біліктілік санатын беру туралы куәліктерді беруді Комиссиялардың шешімдері мен тиісті бұйрықтар негізінде білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
Педагогтерге біліктілік санатын беру туралы куәліктерді беру осы Қағидаларға 9
-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерді
тіркеу және беру журналында тіркеледі.
Қазақстан Республикасының шегінде педагогикалық салада жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде педагогтердің қолданыстағы біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Біліктілік санатының қолданылу мерзімі өткен жағдайда жасына байланысты зейнетке дейін төрт жылдан аспайтын уақыт қалған педагогтерге біліктілік санатын кезекті беруден (растаудан) босату туралы өтінішіне (еркін нысан) сәйкес оларда бар біліктілік санаттары зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы бұйрықты білім беру ұйымының басшысы шығарады.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жалғастырушы зейнеткерлік жастағы педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) рәсімі жалпы негізде жүргізіледі. Жалпы негізде біліктілік санатын беру (растау) рәсімінен бас тартқан жағдайда біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді.
Педагогтерге біліктілік санатын беру білім туралы дипломда немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) сәйкес жүзеге асырылады.
Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқытқан жағдайда, біліктілік санатын беру оқытатын пәнді/пәндерді (таңдау бойынша) көрсете отырып, негізгі лауазым бойынша жүргізіледі және негізгі лауазым бойынша санат беріледі.
Шағын жинақты мектептердің педагогтері үшін дипломда көрсетілмеген пәндерді оқыту жағдайында кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру курстары (кемінде 72 сағат) немесе пәнаралық (аралас) пәндер бойынша тиісті біліктілік бере отырып қайта даярлау туралы құжат болған жағдайда атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
Педагог жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пәндерді оқытқан жағдайда, онда бұрын алынған санат сақталады; кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру туралы тиісті құжат болған кезде жалпы негіздерде жүргізіледі.
Арнайы білім беру ұйымдарында сабақ беретін педагогтерге кезекті біліктілік санатын беру дипломға сәйкес, бейіні бойынша немесе қайта даярлау туралы құжатқа сәйкес, білім беру ұйымдарындағы тиісті бейін бойынша жүргізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне кезекті біліктілік санаты оқытатын бейініне сәйкес беріледі.
Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне (әдіскерлеріне) біліктілік санаттары диплом бойынша және атқаратын лауазымы ескеріле отырып беріледі.
Білім беру ұйымынан әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға ауысқан немесе білім беру қызметін ұйымдастырған кезде педагогте қолданыстағы " педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады (теңестіріледі).
"Өзін-өзі тану" пәнін оқыту кезінде педагогте біліктілік санаты "Өзін-өзі тану" пәні бойынша біліктілікті арттыру курстары туралы құжат болған жағдайда бұрын оқытқан пән бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Кезекті, мерзімінен бұрын біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде "Өзін-өзі тану" пәні бойынша педагогтер дипломындағы мамандығы бойынша немесе "Өзін-өзі тану" пәні бойынша ұлттық біліктілік тестілеуінен өтеді.
Бейініне сәйкес келмейтін педагогикалық білімі бар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша біліктілікті арттыру (немесе қайта даярлау) курстары туралы құжат болған жағдайда біліктілік санаты беріледі.
Психологиялық, диагностикалық (білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін айқындау бөлігінде), түзету, әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагогтерге дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес немесе біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау курстарынан өтуді ескере отырып, " педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-мастер" біліктілік санаты беріледі.
"Көркем еңбек" пәні бойынша педагогтерге кезекті біліктілік санатын беруде " Технология", "Бейнелеу өнері", "Сызу" мамандықтары бойынша диплом, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатын ескере отырып, кәсіптік оқыту негізге алынады.
Арнайы білім беру ұйымдарында немесе арнайы сыныптарда (топтарда) білім туралы дипломда көрсетілгеннен басқа мамандық бойынша қызмет жүргізген жағдайда кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру курстары немесе қайта даярлау курстары туралы құжат негізінде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
Арнайы білім беру ұйымдарында дипломда көрсетілген пәндерді оқытатын педагогтерге кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру курстары немесе қайта даярлау курстары туралы құжат негізінде оқытатын пәндері бойынша жүргізіледі.
Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептерде сабақ беретін педагогтерге кезекті біліктілік санаты дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес беріледі, бұл ретте портфолиода ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жүргізілген жұмыстар бойынша материалдар көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |