Педагогтің кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық Қазіргі мектептегі тәрбиенің мазмұны



Дата21.01.2022
өлшемі410,01 Kb.
#113032
Байланысты:
Педагогика СЛАЙДд


Педагогтің кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық

Қазіргі мектептегі тәрбиенің мазмұны

Тәрбие-қоғамның негізгі қызметтерінің бірі,жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру процесі,аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп,сана- сезімін,жағымды мінез-құлқын дамытушы.

Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені , білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді .

Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті , іскер адам дарды дайындауға бағытталуы қажет

Тәрбие үдерісінің айтарлықтай ерекшелігі - узақ мерзімділігінде, яғни адам тәрбиесі - өмір бойы тоқталмайтын іс. 

К.Гельвеций: "Мен әлі үйренудемін, менің тәрбием біткен емес. Ал ол қашан бітеді? Тәрбиеленуден қалған күні, яғни мен өлгеннен соң. Менің бүкіл өмірім, шынын айтсам, біртұтас ұзақ тәрбие". Адам санасында мектептегі тәрбиенің қалдыратын ізі аса бедерлі, себебі адамның жас шағындағы жүйке жүйесі өте икемшіл әрі қабылдағыш келеді. 

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - оқушының тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған және сонымен бірге оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруінің негізі болып табылатын мұғалімнің тәрбиелеуші және оқытушы ықпалы болып табылады.

Педагогикалық кәсіби іс-әрекет мақсатының негізгі объектісі -тәрбиелеуші орта, тәрбиеленуші іс-әрекеті, тәрбиелеуші ұжым және тәрбиеленушілердің жеке дара ерекшеліктері болып табылады.

Педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің мақсатын жүзеге асыру әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешумен байланысты, атап айтқанда тәрбие ортасын қалыптастыру, тәрбиеленуші іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбие ұжымын құру, жеке тұлғаны дамыту.

Тәрбие процесінің мәні – баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру , педагогикалық жағдайлардың тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау , жоспарлау жұмысын реттеу ; тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру ; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу ; қорытынды , есепке алу және бақылау .

Тәрбие - екі тарапты үдеріс. Мұның тосындылығы үдерістің екі бағытта бірдей –

-тәрбиешіден тәрбиеленушіге;

-тәрбиеленушіден тәрбиешіге қарай жүруінде.

Үдерісті басқару, негізінен, кері байланыс арқылы орындалады, яғни тәрбиеленушілерден келіп түскен ақпараттар негізінде оқу, тәрбие нәтижесі анықталып барады.

Кері байланыс ақпараттары неғұрлым көп болса, тәрбиешінің тәрбиелік ықпалы соғұрлым күшті болады.

Қорытынды:Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, оқушыларға үлгі болуы керек.



Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті кәсіби іс-әрекеттің негізгі субъектісі болып табылады. Мұғалім оќушыларды оқыту сапасына, олардың білім және тәрбие деңгейіне жауапты екендігі белгілі. Мұғалімнің жұмысы, оның жеке тұлғасының негізгі сапаларының кәсіби іс-әрекетінің сипатына сай келген жағдайда ғана табысты болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет