Жас мұғалімдердің қызметіндегі дидактикалық қиындықтар негізінен олардың мынандай іс-әрекеттерінен байқалады: -ұстаздық қызметінің мазмұны мен құрылымдық, жағына байланысты іс-әрекетінде; -оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудағы іс-әрекетінде; -дарынды балалармен,үлгермейтін оқушылармен дара жұмыс істеу әрекетінде. Жас мұғалімдердің ұстаздық қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін жете меңгере алмағандығын өмір көрсетіп отыр.Оғвн мыналар жатады: -ұстаз қызметіндегі мақсат қоя білу ісі; -білімнің мазмұнын игеру ісі; -оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психлологиялық ерекшеліктерін анықтау ісі; -сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі; -сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі; -оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасай білу ісі; -оқушыларды білімге ынталандыру қызықтыру іс-әрекеті; -оқушылардың білім дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті; Жас мұғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар: -оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық әрекетін,логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиындықтар; -оқушылардың оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар:дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жұмыс істеудегі қиындықтар. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Нәтижеге бағдарланған білім беру сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған «Жаңа формация маманы болу – білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беруді түрлендіруде, білім процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі болып табылады. Бүгінгі күнде экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды
Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.
Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.