Қызылшаның жеңіл түрінде
интоксикация белгілері айқын емес , дене қызуының 2-3 күн бойы 38,0С дейін
жоғарылауымен, жеңіл жөтелмен, мұрынан серозды бөліністің бөлінуімен және конъюнктивитпен сипатталады.
Бельский-Филатов-Коплик дақтары 30% науқастарда байқалады. Дақты және дақты-папулезді бөртпе сырқаттығ 4-5-ші
күндерінде пайда болады, қосылу үрдісі әлсіз. Аяқтардағы бөртпелер әдетте көп емес немесе болмайды.
Қызылшаның ауыр түрі
40,0С-қа дейінгі гипертермиямен, сананың бұзылуымен нерв жүйесінің зақымдануымен,
(тырысу алды және тырысуы белгілерімен) адинамиямен сипатталады. Катаральды құбылыстар айқын, Бельский-
Филатов-Коплик дақтары барлық науқастарда кездеседі. Бөртпелер мол, дақ-папулезді бөртпе қосылуға бейім, кейде
геморрагиялық сипатқа ие. Бөртпе кезеңі сақталады. Басқа түрлерге қарағанда, ОЖЖ және бронх-өкпе жүйесі
тарапынан асқынулар байқалады.
Асқынуы
Тыныс
алу
мүшелері
жағынан
(пневмониялар,
ларингиттер,
ларинготрахеиттер, бронхиттер, бронхиолиттер, плевриттер);
Ас қорыту жүйесі
(стоматиттер, ауыз қуысындағы терең немесе кең жаралар,
энтериттер, колиттер);
Жүйке жүйесі
(энцефалиттер, менингоэнцефалиттер, миелиттер);
Көру
мүшелері
(конъюнктивиттер,
кератиттер,
блефариттер,
кератоконъюнктивиттер);
Есту мүшелері
(отиттер, мастоидиттер );
Зәр шығару жүйесі
(циститтер, пиелонефриттер);
Тері
(пиодермия, абсцесс, флегмон).
Лабораторлы зерттеу
ҚЖА:
-катаральды кезеңде (лейкопения, нейтропения );
-бөртпе кезеңінде (лейкопения, эозинопения, тромбоцитопения болуы мүмкін);
-бактериялық асқынулар дамыған жағдайда-лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ
үдеуі ·
Достарыңызбен бөлісу: |