Рахит диспансеризация: рахитпен ауырған балларды 3 жылға диспансерлеу керек,әр тоқсанда 1 рет бақылап тұрады.Диспенсерлеудің алғашқы 2 жылында олар жүйелік емдік шаралар жүргізуді қажет етеді.Олардың жүйке-психикалық дамуында ата-аналар жағынан мұқият ынталандыруды талап етеді.Зерттеу көлеміне қанды Са тексеру,несепті Сулкович реакциясы арқылы тексеру жатады.Рахит бар балларға сақтандыру егугелерін жасауға болады,тек ем аяқталған соң.
Гипотрофия диспансеризация: гипотрофиямен ауырған балдарды бөлімшелік педиатр 2 аптада 1 рет,ал жеке мамандар көрсеткішіне қарай бақылайды.Қосымша зерттеуге айына 1 рет антропометрия,қан мен зәр анализі.Салмақ,бой өсу көрсеткіші қалпына келген соң ғана есептен шығарады.
28. Балалардағы туа және жүре пайда болған жүрек ақаулары. Диагностикасы. Ажырату диагностикасы. Диспансерлік бақылау, амбулаторлы-емханалық кезеңде жүргізу. Бұл термин жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуын білдіреді. Осындай нормадан ауытқыған өзгерістер қан айналымының нашарлауына алып келеді. Нәтижесінде ішкі ағзаларға оттектің дұрыс түспеуіне және тыныс алу жүйесінің іркілуіне алып келеді.
Жеңіл жағдайда ақаудың белгілері білінбеуі немесе уақыт өте келе күшеюі мүмкін. Ауыр жағдайларда сәби дүниеге келе салысымен ота жасату қажет болады.
Көбінесе туа пайда болған (бала құрсақта жатқанда пайда болады) жүрек ақауы диагнозы қойылады. Ол аяғы ауыр әйел УДЗ-ға түскенде, сәби туыла салысымен және бала өмірінің алғашқы жылдарында анықталады.
Баладағы туа біткен жүрек ақауларының (ТБЖА) себептері Баланың жүрек және ірі қан тамырларының жүйесі баланың құрсақта жатқан алғашқы екі айында дамиды. Осы кезеңде ананың ағзасына жағымсыз факторлардың әсер етуі көбінесе жүрек құрылымы мен жүрекке қан апаратын қан тамырларының ауытқуына алып келеді.
ТБЖА көбінесе төмендегілердің салдары болып саналады:
Жүкті әйелдің тұрып жатқан жеріндегі жағымсыз экологиялық жағдайлар;
Бірқатар дәрі-дәрмектер ішу. Антибиотиктер, сульфаниламидтер, вирусқа қарсы дәрілер жүрек-қан тамырлары жүйесіне уытты әсер етеді;
Цитомегаловирус, қызамық вирусы мен ұшық сияқты инфекциялық патологиялар;
Рентген сәулелерімен сәулелендіру;
Ішімдікке тәуелділік және темекі шегу.
35 жастан асқан әйел адамдардың балалары жиі жүрек ақауымен туылатыны байқауға болады. Сондай-ақ қауіп-қатер тобына түсік тастаған және бұрынырақ бірнеше рет түсік жасатқан емделушілер кіреді. Тұқымқуалаушылыққа бейімдіктің де маңызы бар.