Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик



бет1/68
Дата23.05.2022
өлшемі4,78 Mb.
#144745
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
ГРЛЗ педиатрия


Педиатрия
Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик
26.Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытын анықтау. Іріңді-қабыну ауруы, құрсақішілік инфицирлену қаупі тобындағы балаларды диспансерлік бақылаудың ерекшеленген тактикасы.Денсаулық шектері:
1.Анамнезінде ауытқулардың бар-жоқтығы (генеалогиялық,биологиялық,әлеуметтік)
2. Дене дамуы және оның гармониялық дәрежесі
3. Жүйке іс-әрекетінің дамуы және оның гармониялық дәрежесі
4. Мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайы
5. Резистенттілігі мен реактивтілігі
6. Туа пайда болған ақаулар мен ұзақ ағымды,созылмалы аурулардың бар жоғы
Іріңді - қабыну аурулардың ағымы және нәтижесі көптеген әсерлерге байланысты: организмнің қарсыласу мұршасы, инфекцияның вируленттілігі, емдеудің дер кезінде өткізілуі мен дұрыстығы және т.б. Балалардың жас ерекшеліктерін білудің маңызы үлкен. Тромбофлебит, гидроаденит, бурсит, карбункул сияқты кейбір аурулар нәрестелерде мүлдем кездеспейді. Сонымен қатар, ересектерде асқынусыз өтетін шектелген жергілікті процесс, өсіп келе жатқан организмде зақымдалған ағзаның қызметін бұзады (эпифиздік остеомиелиттен кейінгі аяқ-қолдың деформациясы, маститтен кейін сүт безі қызметінің бұзылуы және т.б.). Бала неғұрлым жас болса іріңді процесс соғұрлым өте қауіпті болып саналады. Емізулі балаларда, әсіресе жас нәрестелерде болатын жергілікті іріңді инфекцияның жеңіл түрінде кейде ауыр токсикосептикалық жағдайлар дамиды. Емдеудің сипаты мен көлемін осы ерекшеліктерді ескере отырып шешу қажет.
Іріңді инфекциялық процесті емдеудегі негізгі мәселелердің бірі организмнің иммунобиологиялық қасиеттерін тұрақтандыру және күшейту. Ол үшін антиденелерді түзейтін және иммунитетті жақсартатын дәрілік заттар қолданылады. Бала өмірі үшін қауіпті және ауыр өтетін перитонит, остеомиелит, өкпе және плевраның іріңді аурулары, нәресте флегмонасы сияқты жедел іріңді процестер міндетті түрде толық көлемде стационарда емделеді. Ал іріңді инфекцияның кейбір созылмалы түрлерін (фурункул, фурункулез, лимфаденит, баяу жазылатын жара, созылмалы остеомиелит және т.б.) емхана жағдайында арнайы емдік шараларды қолданып емдеуге болады. Оларға ең алдымен пассивті және активті иммунизация жасау жатады. Пассивті иммунизация 3 мл-ден 2-3 рет, 1-2 күн сайын арнайы гипериммунды гамма-глобулин егу арқылы іске асырылады. Активті иммунизация үшін анатоксиндер және аутовакциналарды қолданады. Соңғы жылдары іріңді ауруларды емдеу үшін стафилококкты анатоксин кеңінен қолданылуда. Әдетте препаратты аралығы 2-3 күнде мөлшерін арттырып: 0,05; 0,07; 0,1; 0,3; 0,5; 0,7; 1,0; 1,5; 1,7; 2 мл. 10 рет егеді. Егер анатоксин еккенде реакция байқалса, мөлшерін жоғарылатпайды. Активті иммунизацияны 6 айдан асқан балаларға ғана жасайды.
Іріңді инфекциясы бар науқастың организмінде зат алмасу процестері күшеетіндігінен витаминдердің көп мөлшері қажет. Балаға В тобының (В1 – 30 мг, В2 – 5 мг, В6 – 8 мг дейін) және “С” витаминдері (тәулігіне 300 мг-ға дейін) беріледі.
Макроорганизмге әсер етіп оның десенсибилизациясын жою үшін керекті мөлшерде антигистаминді препараттар тағайындалады.
Микроорганизмге әсер ету (антибактериальді терапия) антибиотиктер мен сульфаниламидті препараттарды қолдану арқылы іске асырылады. Соңғы жылдары антибиотиктерді тиімді қолдану мәселесі қайта қарастырылып жатыр. Соған қарамастан емдеу барысында өзгермейтін принциптер бар:
- антибиотиктерді өрескел (шаблонды), “алдын-алу” мақсатында тағайындамау қажет;
- антибиотикограмманы алып, оны қатаң қадағалау керек, 5-7 күнде 1 реттен кем болмауы шарт. Антибиотикограмманы алғанға дейін грам теріс, грам оң флораға әсер ететін кең спектрлі препараттар қолданылады;
- тағайындалған антибактериалды препарат флораға тұрақты болмауы шарт. Бактериостатикалық антибиотикті қолданған кезде міндетті түрде тағы бір бактериолитикалық препарат тағайындалады. Ең тиімдісі: гентамицин цепоринмен немесе карбенициллинмен; оксациллин ампициллинмен; пенициллин гентамицинмен және оксациллинмен. Созылмалы процестерде жеткілікті мөлшерде сульфаниламидтер қолданылады. Антибиотиктерді диоксидинмен үйлестіру өте нәтижелі, тиімді;
- емдеу барысында қанда және жергілікті ошақта антибиотиктердің жеткілікті концентрациясын ұстап тұру керек. Сондықтан антибиотик енгізудің арасы өте үлкен болмау керек (4-6 сағаттан аспайды);
- антибиотиктермен емдеу 5-7 күннен кем болмауы қажет және жасына, салмағына байланысты есептелген жеткілікті мөлшерде жүргізіледі.
Антибиотикпен емдеген кезде әртүрлі кері көріністер (дерматит, уртикарлы бөртпе және т.б.) байқалуы мүмкін. Организм аллергизациясының бұл көріністері препаратқа, сонымен қатар микроорганизмнің ыдырау өніміне байланысты. Сондықтан антибактериалды ем тағайындаудың алдында анамнезді мұқият жинайды. Аллергиялық реакциялардың көріністері байқалса сульфаниламидтерді қолданумен шектеледі.
Жергілікті процеске әсер ету негізгі екі мақсатты көздейді: а) іріңді ошақтың санациясы; б) қабыну процесін және некроз ошағын шектеу.
Емдеудің алғашқы кезеңдерінен бастап іріңді ошақты барынша тазалайды, яғни айтарлықтай кең етіп ашады (тіледі). Хирургиялық манипуляция жасаудың алдында хирург ошақтың орналасуын, бала жасын, жансыздандырудың ерекшеліктерін, маңызды анатомиялық құрылымдардың зақымдану қаупін объективті дұрыс бағалап, іс-әрекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Егер сәл күмән туатын болса науқасты ауруханаға жатқызылу қажет. Ал егер манипуляция емханада жасалған болса, ошақтан іріңнің еркін ағуы қамтамасыз етіледі. Ол үшін жараға резеңкелі немесе дәкеден жасалған дренаждар қойылады. Балаларға дөрекі дәрілік тампондар қолданылмайды, себебі олар тіндердегі некротикалық өзгерулердің көлемін үлкейтеді. Алғашқы күндерден бастап іріңнің бөлінуі тоқтағанға дейін натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісімен жараны таңып қояды.
Қабыну процесін және некроз ошағын шектеу үшін ең алдымен зақымдалған дене бөлігінің тыныштығы қамтамасыз етіледі (иммобилизация). Процестің өту сатысына байланысты әртүрлі қосымша емдеу шаралары өткізіледі. Зақымдану ошағының айналасында фибринді азайту мақсатында жергілікті жерде антикоагулянттарды енгізуге болады. Іріңді ошақты антисептикалық және антибиотик ерітінділерімен тұрақты жуу тәжірибеде кеңінен қолданылады. Ол ошақтағы флораның ғана емес, сонымен қатар іріңді қабыну өнімдерінің де жойылуына әсерін тигізеді. Емдеу кезінде жылулық және физиотерапевтік шаралардың орны ерекше.
Жылу процедураларын (жылытушы компрестер, жергілікті жылы ванналар, парафинді және лай аппликациялары) ірің түзілмей тұрғанда, қабынудың инфильтративті сатысында қолданады. Жылу процедуралары активті гиперемияны күшейте отырып, инфильтраттың сіңірілуін қамтамасыз етеді, тін трофикасын жақсартады, тамырлардың тарылуын жояды және қабыну ошағындағы қышқыл өнімдерінің құрамын азайтады. Осыған байланысты ауру сезімі айтарлықтай төмендейді.
Физиотерапевтік процедуралар (кварцтық сәулелер, УВЧ, электрофорез) жергілікті процеске әсер ету жүйесіне жатады. Кварцтық сәулеленудің бактерицидті әсері бар, сондықтан беткей қабыну процестерінде қолданылады (тілме, терінің кейбір іріңді қабынулары). Ол тітіркендіргіш әсер етедіде беткей – активті гиперемия туғызады. Эпителизацияны жылдамдату, грануляцияны тездету мақсатында кварц қолданылады. УВЧ - терапияны терең орналасқан ошақтарда, оның ішінде лимфадениттерде қолданған дұрыс. Электрофорез арқылы ошақ аймағының антибиотиктермен, антикоагулянттармен және басқа да дәрілік препараттармен жергілікті қанығуы қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет