Диспансеризация
Дистрофиямен ауырған балдарды бөлімшелік педиатр 2 аптада 1 рет,ал жеке мамандар көрсеткішіне қарай бақылайды.
Қосымша зерттеуге айына 1 рет антропометрия,қан мен зәр анализі. Салмақ,бой өсу көрсеткіші қалпына келген соң ғана есептен шығарады.
Қауіпті топқа» жататын балалар:
1-топ- Орталық нерв жүйесі зақымдалған балалар;
2 топ- аллергиялық реакциялары бар балалар;
3-топ- тыныс алу жолдарымен жиі ауыратын және басқа да аурулары;
4-топ- егуге патологиялық реакциялары бар және анамнезінде вакцинадан кейінгі асқынулары бар балалар;
Диспасеризация : педиатр бірінші айында 4 тен кем емес ; невролог 2 айға дейін,ары қарай кварталына бір рет. Ай сайын неврологиялық статусты бағалау,бас айналымын өлшеу. Екпелер идвидуальды жоспар бойынша жүргізілу невролог рұқсатымен.1 жасқа келгенше ОЖЖ жағынан өзгерістер анықталмаса дб дан шығарылады.
44.Белсенді иммунизация. Алдын ала егу бөлмесі: жұмысының ұйымдастырылуы, алдын ала егуді жоспарлау, вакциналарды сақтау.
Белсенді иммунизация-екпелер арқылы арнайы иммунитет қалыптасады.Бұл кезде ағзаға арнайы дайындалған антигендер енгізіледі.Антиген ретінде анатоксин мен вакциналар алынады.Иммунизация мақсаты-аурулар жағдайларының санын азайту.Мақсаттық инфекцияларға қарсы вакцинациямен балаларды қамту декреттелген жастарда 95 кем болмау керек.Яғни,қамту деңгейінің жоғарылауы мен жоғары сапалы вакциналарды қолдану кезінде аурулар саны азайып,вакцинация тиімділігі-артады.
Егу кабинетінде болуы керек:
вакцина сақталатын тоңазытқыш;
дәрілік заттар мен құрал-жабдықтарға арналған шкаф;
залалсыздандырылған материалдар салатын бикстер;
баланы орайтын стол;
кушетка;
вакцинаны дайындауға арналған стол;
құжаттарды сақтауға арналған стол;
залалсыздандыратын сұйық құйылған ыдыс;
әрбір екпені жүргізуге арналған нұсқаулар (вакциналық препараттардағы нұсқауларды қатаң сақтап, екпені көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерге сәйкес жүргізу);
жедел және шокқа қарсы терапияның жиынтығы, оларды қолдануға нұсқаулар (вакциналардан кейінгі асқынулар дамыған жағдайда);
құжаттар.
Достарыңызбен бөлісу: |