Кабинетте келесі құжаттар болуы керек:
Балаларды есепке алу (переписи) журналы. Бөлімше бойынша балалар тізімінің (от 0 -дан 18 жас) журналы
Екпенің жылдық (сандық) журналы
Әрбір бөлімшеде проф. екпенің айлық жоспарының ( аты –жөні бойынша) журналы, онда екпенің орындалуы мен уақытша шегереуі белгіленген.
Ерекше есепке алу журналы (туберкулезге қарсы егілмеген, туб.вираж, вирусты гепатиттен кейінгі реконвалесценттер, екпеге тұрақты немесе ұзақ уақытқа қарсы көрсеткіштері бар балалар)
Вакциналардың қозғалысы бойынша (форма 064-2/у) журнал
Инфекциялық аурулар, жедел тағаммен улану, егуге айрықша реакция болу жағдайы туралы жедел хабарлама (форма 058/у)
Профилактикалық егулер картасы (форма 063/у), ол әрбір жаңа туған балаға немесе жаңадан тіркелген балаларға толтырылады.
Егуді жүргізуді үйымдастыру келесі жағдайларға негізделген::
Осы аймақта тұратын балалардың нақты және толық тізімі;
Әрбір баланың медициналцқ құжаты (бала даму тарихы-форма 112/у, профилактикалық егу картасы-форма 063/у, МДМ немесе мектепке баратын баланың медициналық картасы- форма 026/у);
Егу күнтізбесіне байланысты жоспарлы балаларға егу жүргізу;
Емдік профилактикалық мекемелерде сапалы вакцинамен қамтамасыз ету;
Егу алған және алмаған балалардың тізімі қатаң қадағалау керек;
Есеп (айлық, тоқсан және жылдық), балаларға иммунизация жүргізу сапасына байланысты.
Вакцинация жүргізу ережелері:
Алдын алу екпелерін жүргізудің алдында медициналық бике имунизацияға жататын балаларды, олардың ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ауызша немесе жазбаша түрде хабарландырылады.
Профилактикалық екпе жүргізілетін күні бала үлескелік дәрігермен мұқият қаралады, міндетті түрде дене температурасы өлшенеді. Анамнез жинау барысында, баланы қарау кезінде ауру белгісінің бар-жоғына назар аударылады, бұрын жүргізілген екпелерді қалай көтергендігі, аллергиялық реакциялардың болуы ескеріледі. Алдын алу екпесін жүргізуге берілген рұқсат бала дамуының тарихына (112/у формасы) жазылады. Міндетті түрде екпенің атауы жазылады!!! Егер бала МДМ немесе мектепке баратын болса, баланың медициналық картасына (026/у формасы) тіркеледі.
Дәл профилактикалық екпе жүргізу алдында екпе бөлмесінің медбикесі вакцинаның сапасын тексереді: флаконның (ампуланың) бүтіндігі, жарамдылық мерзімі, белгіленуі, вакцинаның еріткішке және ұсынылған нұсқауға сәйкес келуі. Алдын алу екпелерін жүргізуге тек Қазақстан Республикасында ресми тіркелген медициналық иммунобиологиялық препараттар ғана қолданылатынын айта кету керек.
Алдын алу екпелері 2 жолмен жүргізіледі: парентеральды – өздігінен бұзылатын шприцтердің көмегімен және пероральды – ішке қабылдау арқылы.
Екпе алғаннан кейін бала вакцинадан кейінгі реакциялар мен асқынулар дамуы жағдайында шаралар қолдану үшін 30 минут бойы жаңа ғана вакцина қабылдаған медициналық ұйымда бақылауда болу керек.
Жүргізілген егу туралы мәліметтер (вакцинаны дайындаған мекеменің аты, егу жасалған күн, ай, жыл, вакцинаның жарамдылық мерзімі, сериясы, номері, енгізілген мөлшері, егуге болған реакция сипаты) келесі медициналық есепке алу формаларына тіркеледі:
Профилактикалық егу картасына (форма 063/у),
Баланың даму тарихына (форму 112/у),
Балаланың медициналық картасына (форму 026/у),
Егу паспортына
Вакцина қозғалыс журналына (форма 064-2/у)
Вакциналарды сақтау:
- Вакциналар мен басқа да медициналық иммунобиологиялық препараттарды сақтауға арналған үй-жай (қойма) бөлек тұрған ғимаратта немесе ұйымның ғимаратының бірінші қабатында, жеке есігі бар, басқа үй-жайлардан оқшау орналасуы тиіс. Қойманы үй-жайлары жақсы жарықтандырылған, тез желдетілетін болуға тиіс. Қойманың құрғақ желдетілетін жертөле үй-жайында орналастыруға болады. Жылу, желдету жүйесі, жасанды және табиғи жарықтандыру қолданыстағы құрылыс нормасы мен ережелердің талаптарына сай болуы тиіс.
- Қойманың жанында жүк артатын-түсіретін алаң мен автокөлікке арналған кіріп-шығар жол қарастырылуы тиіс.
-Қоймада вакциналар мен басқа да МИБП-ны сақтауға, оларды ашуға және орауға, мұздату элементтерін, ыдыстар мен басқа да орау материалын сақтауға арналған үй-жай болуға тиіс.
-Вакциналар мен басқа да медициналық иммунобиологиялық препараттарды сақтауға арналған үй-жай (қойма) бөлек тұрған ғимаратта немесе ұйымның ғимаратының бірінші қабатында, жеке есігі бар, басқа үй-жайлардан оқшау орналасуы тиіс. Қойманы үй-жайлары жақсы жарықтандырылған, тез желдетілетін болуға тиіс. Қойманың құрғақ желдетілетін жертөле үй-жайында орналастыруға болады. Жылу, желдету жүйесі, жасанды және табиғи жарықтандыру қолданыстағы құрылыс нормасы мен ережелердің талаптарына сай болуы тиіс.
-Қойманың жанында жүк артатын-түсіретін алаң мен автокөлікке арналған кіріп-шығар жол қарастырылуы тиіс.
- Қоймада вакциналар мен басқа да МИБП-ны сақтауға, оларды ашуға және орауға, мұздату элементтерін, ыдыстар мен басқа да орау материалын сақтауға арналған үй-жай болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |