Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик


Вакцинация жүргізу ережелері



бет65/68
Дата23.05.2022
өлшемі4,78 Mb.
#144745
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
ГРЛЗ педиатрия


Вакцинация жүргізу ережелері:

Алдын алу екпелерін жүргізудің алдында медициналық бике имунизацияға жататын балаларды, олардың ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ауызша немесе жазбаша түрде хабарландырылады.
Профилактикалық екпе жүргізілетін күні бала үлескелік дәрігермен мұқият қаралады, міндетті түрде дене температурасы өлшенеді. Анамнез жинау барысында, баланы қарау кезінде ауру белгісінің бар-жоғына назар аударылады, бұрын жүргізілген екпелерді қалай көтергендігі, аллергиялық реакциялардың болуы ескеріледі. Алдын алу екпесін жүргізуге берілген рұқсат бала дамуының тарихына (112/у формасы) жазылады. Міндетті түрде екпенің атауы жазылады!!! Егер бала МДМ немесе мектепке баратын болса, баланың медициналық картасына (026/у формасы) тіркеледі.
Дәл профилактикалық екпе жүргізу алдында екпе бөлмесінің медбикесі вакцинаның сапасын тексереді: флаконның (ампуланың) бүтіндігі, жарамдылық мерзімі, белгіленуі, вакцинаның еріткішке және ұсынылған нұсқауға сәйкес келуі. Алдын алу екпелерін жүргізуге тек Қазақстан Республикасында ресми тіркелген медициналық иммунобиологиялық препараттар ғана қолданылатынын айта кету керек.
Алдын алу екпелері 2 жолмен жүргізіледі: парентеральды – өздігінен бұзылатын шприцтердің көмегімен және пероральды – ішке қабылдау арқылы.
Екпе алғаннан кейін бала вакцинадан кейінгі реакциялар мен асқынулар дамуы жағдайында шаралар қолдану үшін 30 минут бойы жаңа ғана вакцина қабылдаған медициналық ұйымда бақылауда болу керек.
Жүргізілген егу туралы мәліметтер (вакцинаны дайындаған мекеменің аты, егу жасалған күн, ай, жыл, вакцинаның жарамдылық мерзімі, сериясы, номері, енгізілген мөлшері, егуге болған реакция сипаты) келесі медициналық есепке алу формаларына тіркеледі:
Профилактикалық егу картасына (форма 063/у),
Баланың даму тарихына (форму 112/у),
Балаланың медициналық картасына (форму 026/у),
Егу паспортына
Вакцина қозғалыс журналына (форма 064-2/у)
46.Вакцинациядан кейінгі ерекше реакциялар мен асқынулар: жіктелісі, клиникалық көріністері, туындау себептері, емі және алдын алуы.
Вакцинациядан кейінгі реакциялар жергілікті және жалпы болады.
Жергілікті реакциялар:

  • Жергілікті гиперемия, гипертермия;

  • Ісіну;

  • Тығыздалу;

  • Ауырсыну;

  • Кейде крапивница (крапива шөбі тиген кездегідей аллергиялық реакция), екпе салған жерге жақын жатқан лимфа түйіндерінің ұлғаюынан;

Тері зақымданған кезде және организмге бөтен субстанция енгенде сол жерде қабыну процессі пайда болады. Кейбір вакциналар, құрамындағы компоненттерге байланысты, әдейі осы қабыну процессін туындатуға негізделген. Бұл адамның иммунды клеткалары вацинаның антигеніне қарсы антиденелерді шығаруға негізделген. Бұлар тірі вакциналар болып табылады. Ондайларға АКДС, АДС, гепатит А және В қарсы вакциналар.
Жалпы реакциялар:

  • Дененің көп бөлігінің бөртуі;

  • Дене температурасының көтерілуі;

  • Баланың мазасыздануы;

  • Ұйқының бұзылуы;

  • Тәбеттің жоғалуы;

  • Бас ауру, бас айналу;

  • Сәбилерде жылауының ұзарып, сипатының өзгеруі;

Асқынулар:

  • Анафилактикалық шок;

  • Коллапс;

  • Қан қысымының күрт төмендеуі;

  • Судороги;

  • Неврологиялық бұзылыстар;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет