Педиатрия негіздері
№12.Жүйке жүйесінің гигиенасы
Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы.Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі- аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасушасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған. Адамның барлық іс-әрекеті жүйке жүйесіне байланысты болғандықтан, оның гигиенасын сақтауға бәріміз міндеттіміз. Жұмыс кезінде ағзаның қажуы алдымен мидың қажуынан басталады. Аурудың қандай түрі болмасын жүйке жүйесінің қажуынан болады. Адам ауырмай әрқашан сау жүру үшін жүйке жүйесінің гигиенасын сақтау керек.
Ой еңбегі - тікелей үлкен ми сыңарлары қыртысындағы жасушалардың жұмысымен байланысты.Ұзақ еңбектену - тез шаршатады. Шаршамас үшін: ой еңбегінен кейін жаттығулар жасап, таза ауада жүріп қайту; арасында дене еңбегімен шұғылдану да артық емес. Окушылардың негізгі ой еңбегі- оқу. Жүйке жүйесінің гигиенасын сақтау үшін мына ережелерді орындау керек:
- Үй тапсырмасын бір мезгілде орындауды әдетке айналдыру;
- Мектептен келген соң бірден үй тапсырмасын орындамай,тынығу;
- Тапсырманы алдымен жазбаша жұмыстан бастау;
- Орташа қиыннан бастап,қиынға,сонан соң оңайға көшу;
- 35-40 минуттан соң 5-10 минут үзіліс жасау;
-Оқыған материалды таңертеңгілік қайталау;