Педиатрия негіздері №12. Жүйке жүйесінің гигиенасы



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі24,98 Kb.
#96957
1   2   3
Байланысты:
жүйке ж.гигиенасы
массаж үйірмесі, массаж үйірмесі
Көру гигиенасы. Балаларда ең жиі кездесетін көру кемшілігі жақыннан көру қабілеті. В. Ф. Уткин (1971) мен Э. С. Аветисовтың (1975) зерттеулеріне қарағанда мектеп жасына дейінгі балалардың 1-2%, 7-10 жаста 4,%, 11-14 жаста 10,5%, 15-18 жаста 21,5%, 19-25 жаста 28,7%-да жақыннан көру қабілеті байқалады. А. А. Сукачевтың (1980) зерттеуі бойынша көзге күш көбірек түсетін мектептерде, айталық математика, шет тілі мамандықтарына көп көңіл бөлетін мектептерде бұл көз кемшілігі оқушылардың 25%-нда байқалады. Әсіресе балаларды көру гигиенасымен, партада дұрыс отыру ережелерімен таныстырмаған жағдайда бұл кемшілік көбейіп кетеді. Осыған байланысты мұғалімдер өздері де, олардың оқушылары да көру гигиенасын жақсы біліп, бұл кемшіліктің алдын алғаны жөн.
Көру гигиенасының талаптары:
Кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см. Баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері 150-300 люкс шамасында. Жарық баланың сол жағынан немесе үстінен және алдына қарай сол жақтан орналасуы қажет. Жарық сәулелерінің әсері баланың көзіне тура түспеуі керек. Жарық кездерінің сыртында жарық сәулелерін шашатын сәуле сейілдіргіштері, айталық, плафон, абажур, пластинка болуы тиіс. 1.Үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек. 2.Жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды. 3.Теледидар көрсетулерін қарағанда ең кеміңде 2,5-3 м қашықта отырған жөн (теледидардың экраны 62 см болу керек). Баланың жасына лайық жазу, оқу еңбектерінің, теледидарды қарау ұзақтығын, ескерсе көзге күш түсіретін еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадағалаған жөн. Баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау. 1.6-7 жаста - 10 минут, 2.7-10 жаста - 15 минут, 3.10-12 жаста -20 минут, 4.12-15 жаста - 25 минут, 5.5-18 жаста - 30 минут ,Яғни осы көрсетілген уақыттан соң аз да болса, көзді демалдырып отыру қажет немесе көз талмайтын жұмыспен айналысқан жөн. Көздің тазалығын сақтау керек: көзді таза қол орамалмен сүрту, әр адамның өз бет орамалының болуы, шаң-тозаңнан сақтау, көз еттерін жаттықтыру, жалпы организмді шынықтыру, жұқпалы аурулардан сақтау, оларды асқындырмай мезгілінде емдеу, дұрыс тамақтану, гигиеналық талаптарды сақтау арқылы көздің өткірлігін сақтап, жұмыс қабілетін ұзартып, организмді шаршатпауға тырысу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет