Жасырын қанға нәжісті зерттеу реакциясы: теріс.
Эзофагогастродуоденоскопия: өңештің төменгі үштен бір бөлігінің аймағы гиперемияланған, ісінген, көлденең ішектің артқы қабырғасында «алауланған от» типті гиперемиясы бар. Артқы қабырғасында 0,3 см-ге дейінгі ірі эрозия бар, кардия толық жабылмайды, көкеттің өңештік тесігінен төмен орналасқан. Қарында өт бар, антральды бөлімнің клегей гиперемияланған, орташа ісінген. 12-елі ішектің және постбульбарлық бөліктің клегейі өзгермеген. Гастро-эзофагальды рефлюкс
Іш қуысы мүшелерінің УДЗ-і: Бауыры ұлғаймаған, паренхимасы гомогенді, эхогендігі әдеттегідей. Өт қабы 52x30, оның ішіндегі гомогенді, қабырғасының қалыңдығы 1 мм. Ұйқы безі ұлғаймаған, контуры тегіс, эхогендігі қалыпты. Қалыпты
3 электродты зондпен қуысішілік рН- метрия: өңештің төменгі 1/3 бөлігінде ашқарынға РН-6,3, кезеңді қысқа уақытта (15-30 сек.) 3,3-3,0 дейін төмендеген. Қарын денесінде 1,7, антрумда- 3,8. Гистаминнің 0,1% ертіндісімен (0,008 мг/кг) стимуляциялағаннан кейін, өңеште РН-6-6,5, 30-40 секундтан кейін 2,8-3,3-ке дейін төмендеген. Денесінде- 1,3 антрумда -3,6. Рефлюкс-эзофагит
НР- инфекцияға биопсиялық тест (де-нол тест): теріс.
К/Д: Гастро-эзофагальды рефлюкс,терминальды эзофагит,өршу сатысы, +созылмалы гастрит
№59 ЕСЕП
12 жастағы қыз бала, 2 жылдан бері ішінің ауырсынуына шығымданады, шаншу тәрізді басталады, сол жақ қабырға астына және эпигастрий аймағына таралады. Тамақтан кейін 10-15 минуттан соң басталады. Диета және тамақтану тәртібін сақтамайды.
Бала жетіліп туылған. 9 айға дейін табиғи тамақтанған. Анасында созылмалы гастрит, әкесінде 12 елі ішек жара ауруы, әжесінде (шешесі жағынан) гастрит бар.
Қарау: терісі таза, бозғылт- қызғылт. Іші ұлғаймаған. Беткі және терең пальпацияда эпигастрий және пилородуоденальды аймақта бұлшық ет керілуі және ауырсынуы анықталады. Сонымен қатар ауырсыну Мейо- Робсон нүктесінде, бауыр- қабырға доғасы деңгейінде ауырсыну байқалады. Басқа мүшелері бойынша өзгеріссіз.
Достарыңызбен бөлісу: |