Жалпы зәр анализі: түсі ашық сары, мөлдір, РН- 5,7, тығыздығы 1020, белок жоқ, қант жоқ, эп.кл. аздаған мөлш., л-1-3 к/а, эр- 1 к/а, кілегей- аздаған, тұздар, бактериялар жоқ. Қалыпты
Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок 79 г/л, АлАТ- 30 Б/л (норма 10-120), тимол сынамасы- 4Б, билирубин 17 мкмоль/л, оның ішінде байланысқаны 3 мкмоль/л. Қалыпты
Копрограмма: түсі қоңыр, қалыптасқан. рН- 7,3, бұлшық ет талшықтары аздаған мөлшерде, клетка ішілік крахмал – аздаған, иодофильді флора- аздаған, өсімдікті клетчатка – орташа мөлшерде, кілегей- аздаған, лейкоциттер 1-2 к.а.
Зәр диастазы: 32 бірлік. Қалыпты
Іш қуыс мүшелерің УДЗ-і: бауыр- шеттері тегіс, паренхимасы гомогенді, эхогенділігі күшейген, тамырлық тор кеңеймеген, портальды вена өзгермеген. Өт қабы 85х87 мм (норма 75х30), қабырғалары қалындамаған. Холедоха 3,5 мм (норма 4), қабырғалары қалындамаған. Өт жүргізетін астан соң- от қабы 10%- ке қысқарды.
К/Д: Биллиарлы жолдардың дисфункциялық дискенезиясы.Гипотониялық түрі.
№55 ЕСЕП
Ер бала, 13 жасар. Ауруханаға эпигастрий аймағында орналасқан, тамақ қабылдағаннан соң 15-20 минуттан соң пайда болатын және 30 минуттан бірнеше сағаттарға созылатын ішінің ауыруы, тәбетінің төмендеуі, жүрек айнуы, аузында ашқылтым сезім білінетіне шағымданып түсті. Осыдан 2 жыл бұрын, жоғарыдағы шағымдары пайда болған, бірақ ем қабылдамаған. Стационарға түскенге дейін 2 апта бұрын, балада абдоминальды синдром дамып, ауруханаға жатқызылған.
Анасы 40 жаста, созылмалы холециститпен ауырады. Әкесі 42 жаста, 12 елі ішек жара ауруы анықталған. Әжесінде (анасы жағынан) калькулезды холецистит, ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы).
5 жасында бала ішек инфекциясымен ауырған. Ретсіз тамақтанады. Кептірілген, қуырылған, майлы тағамдар, торттар жиді.
Қарау: Кеудесі мен арқасының тері жамылғыларында бірен саран тамырлы жұлдызшалар элементтері бар. Іші ұлғаймаған, терең пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады.
Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы, жұмсақ, эластикалы, аздап ауырсынады. Ортнер симптомы теріс (-). Басқа мүшелер бойынша өзгеріссіз.
Достарыңызбен бөлісу: |