Жалпы қан анализі: Нв-124 г/л, т/к- 0,88, эр-4,2x10 /л, лейк-6,6x10 /л,, т/я-4%, с/я- 51%, э-3%, л-36%, м-6%, ЭТЖ-12 мм/сағ. Қалыпты
Жалпы зәр анализі: түсі ақшыл сары, мөлдір, рн-6,0, меншікті салмағы -1021, белок жоқ, қант жоқ, л-2-3 к/а, эр-жоқ. Қалыпты
Биохимиялық қан анализі: жалпы белок- 78 г/л, альбуминдер -52%, глобулиндер: α -5%, α -14%, β -13%, γ -16%; сілтілі фосфатаза- 140 Б (қалыпты 70-140), амилаза-120 Б (қалыпты 10-120), тимол сынамасы -3 мкмоль/л, СРБ(+) α глобулин жоғары, СРБ(+)
Несеп диастазы: 128 Б (қалыпты 32-64).
Іш қуыс мүшелерінің УДЗ: бауыры ұлғаймаған, паренхимасы гомогендік, эхогенділігі қалыпты, бауырдың қан тамырлары кеңеймеген. Өт қабы 58х35 мм (қалыпта 50х30), мойын аймағында иілу, қабырғалары қалындамаған, құрамы гомогендік. Өт қабы ұлғайған
Ұйқы безі: басы 2,2 мм (қалыпты 16), денесі 18 мм (қалыпты 14), құйрығы 26 мм (қалыпты 18), гиперэхогенді қосылыстары бар, ұйқы безінің капсуласы тығыздалған. Панкреатит
Ретрограттық холепанкреатография: бауырдан, тыс және бауырішілік түтіктері кеңеймеген. Өт қабының түтігі ұзындығы және диаметрі өзгермеген. Вирсунг түтігі дилатацияланған, кеңейген, жалпы өт түтігімен жалпы ампуласы бар.
К/Д:Созылмалы холецистит,реактивті панкреатит
№58 ЕСЕП
Ер бала 11 жаста, ауырғанына 1 тәулік болған. Мектепте үзіліс кезінде ішіне тепкеннен кеңеттен, ұстама тәрізді ішінің ауырсынуы пайда болды, ауырсыну арқасына беріледі, түнде бірнеше рет қайталап құсу, жүрек айну болған. Іш бүлігі диагнозын хирург теріске шығарып, осы бөлімге аударылды.
Жанұяда бірінші бала, мерзіміне жетіліп туылған, өсуі мен дамуы жасына сай, алдын ала егулерін уақытында алған, аллергоанамнезі ерекшеліксіз.
Жанұялық анамнез: Ата аналарының дені сау, атасы тік ішектің қатерлі ісігінен қайтыс болған.
Қарау: Бала мазасыз, аяқтары бүгілген. Терісі боз, сұр түсті. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ минутына 100 рет. АҚҚ 95/60 мм, іші кепкен. Кіндік аймағында, Дажарден, Мейо- Робсон нүктелерінде, Шоффар зонасында, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі бар. Бауыры ұлғаймаған.
Достарыңызбен бөлісу: |