Жалпы қан анализі: Нв-125г/л, эр-4,1x10 /л, ТҚ-0,9, лейк-9,8x10 /л, т/я-5%, с/я-63%, э-3%, л-21%, м-8%, ЭТЖ-13мм/сағ. қалыпты
Жалпы зәр анализі: түсі ақшыл сары, мөлдір, РН- 6,0; меншікті салмағы -1023; эр жоқ; тұздар –аз мөлшерде, оксалаттар. қалыпты
Биохимиялық қан анализі: жалпы белок- 75 г/л, альбуминдер- 52 %, глобулиндер: α -4%, α -14%, β -13%, γ -17%, сілтілі фосфатаза- 120 Б (қалыпты 70-140), АлАТ-24 Б, АсАТ- 29 Б. Амилаза -250 Б (қалыпты 10-120), тимол сынамасы- 3, жалпы билирубин -14 мкмоль/л, байланысқаны 2 мкмоль/л, СРБ(+).а2 глобулин,амилаза,СРБ оң мәнді
Несеп диастазы: 256 Б (қалыпты 32-64). 256 Б (қалыпты 32-64) деңгейінің жоғарылауы сілекей бездерінің және ұйқы безінің,құрсақ қуысы мүшелерінің зақымдануының белгсі болып табылады.
Іш қуыс мүшелерінің УДЗ-і: бауыры ұлғаймаған, паренхимасы гомогенді, эхогенділігі қалыпты, бауыр тамырлары кеңеймеген. Өт қабы алмұрт пішінді 53х32 мм, денесінің ортаңғы 1/3 аймағында иілу, құрамы гомогендік. Асқазан ішінде құрамы гомогенді құрылым бар, қабырғасы қалындамаған. Бауыры қалыпты,өт қабының иілуі,өт жолында ұйындылар
Ұйқы безі: басы-29 мм (қалыпты 18), денесі-21мм (қалыпты 15), құйрығы- 28 мм (қалыпты 19), эхогенділігі төмендеген. ұйқы без қабыну белгілері байқалады,басының,денесінің, құйрығының ұлғаюы, эхогенділігінің төмендеуі.Панкреатит
К/Д: посттравматикалық панкреатит,холецистит,өршу сатысы
№43 ЕСЕП
9 жасар қыз бала, бел аймағының ауырсынуы, зәр шығаруының жиілеуіне шағымданады.
Ауруына салқындап қалуы қосылған. Келесі күні басы ауырады. Дене қызуы 39ºС дейін көтеріледі, адинамия, ішінде және сол жақ бел аймағында ауырсыну байқалады. Катаральды көріністері болмаған. Келесі 4 күн бойына жоғары қызбалануы жалғасқан, поллакурия байқалған, зәрі ылай болған. Стационарға түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозғылт, ісіктері жоқ, дене қызуы- 38ºС, Пастернацкий симптомы екі жағында да оң, әсіресе сол жақта. Сол жақ бүйрек пальпациялағанда ауырсынады. Зәр шығаруы жиі.
Достарыңызбен бөлісу: |