Білім, білік, іскерлік, дағдыны тексерудің әр түрлі тәсілдерін қолдану;
Бағаның әділ қойылуы;
Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
Бағалау-бақылау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне, көңіл күйінің жақсы болуына көмектесу;
Қазақстанда оқушылардың білімін бағалаудың жаңа тәсілі енгізіледі
Қазақстанда оқушылардың білімін бағалаудың жаңа тәсілі енгізіледі
Бұл туралы Үкімет отырысында "Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы" баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
Функционалды сауаттылықты дамыту білім-түсіну-қолдану-жүйелеу және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап ететіндігін баса айтқан ол: "Біз мұндай жүйені әлемдік тәжірибені жан-жақты зерттеу арқылы енгіземіз", - деді.
Бұл орайда Б.Жұмағұлов қазіргі уақытта елімізде мектеп оқушыларының білім деңгейін бағалауда қолданылып жүрген жүйедегі 5, 4 және 3 бағалары не үшін қойылатындығы нақты анықталмағандығын баса айтты. "Сондықтан да біз мектептердегі барлық сыныптар үшін барлық пәндерде әртүрлі деңгейдегі бақылау тапсырмалары жүйесін құруды қолға алдық", - деді министр.