Жаңа материалды меңгерту сабағының құрылымы: І Ұйымдастыру ІІ Оқушыларға сабақтың мақсат-міндетін хабарлау ІІІ Жаңа оқу материалын беру ІҮ жаңа білімді пысықтау, бекіту Ү Сабақты қорытындылау , бекіту ҮІ Үйге тапсырма беру ҮІІ Оқушылар білімін бағалау Білім, білік, іскерлік, дағдыны бекіту сабағы Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы, әрі берік меңгеру мүмкін емес. Сондықтан білімді бекіту сабағы құрылымы жағынан алуан түрлі болып келеді.Мұғалімнің түсіндіруімен қатар, оқушылар тәжірибелік- зертханалық жұмыстарында тәжірибе жүргізіп, көрнекі құралдарды көрсету жұмыстары қоса атқарылады.Сабақтағы жұмыстардың алуан түріне қарамастан, мұғалімнің сөзі жетекші рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |