Жаңа сөздермен жұмыс жасау. Мұғалім балаларға компьютерді қосып слайдтар көрсетеді. Слайдтарда жемістер және олардың түстері көрсетілген. Мұғалім балаларға түстердің суреттерін көрсетіп, сұрайды:
What color is it? – Бұл қандай түс?
(Балалар өздері жауап беруі керек, егер балалар қиналса, мұғалім көмектесіп, бірнеше рет қайталайды).
Мнемосызба арқылы түстер туралы тақпақ жаттау.
Мұғалім бірінші тақпақты балаларға айтып береді, осыдан кейін мнемосызба арқылы көрсетіп, тағы айтып береді.
I see yellow, I see green,
I stand up! I sit down!
I see red! I see blue!
I see you and you and you!
Екі бала тақтаға шығып тақпақты мнемосызба арқылы айтып береді.
Тапсырма орындау.
Балаларға гүлдің суреті таратылады. Бұл суретті балалар әр түрлі түстерге бояу керек. Мұғалім түстерді ағылшын тілде атап беріп, балалар сол уақытта мұғалім атаған түсті тауып, бояу керек.
Сергіту сәті. (Physical training)
Балалар Спот бізбен жаттығу жасағысы келеді,ортаға шығып саусақтарымызыд демалтып, сергіп алайық.
Мұғалім теледидардан сергіту сәтін видео арқылы өткізеді:
Daddy finger, daddy finger
Where are you?
Here I am, here I am
How do you do?
2. Мұғалім мен балалар бірге ағылшын тілінде іс-әрекеттерін атап тұрып, қимылдарын көрсетеді.
-Hands up!
- Hands down!
- Bent right! Bent left!
Sit down! Stand up!
1,2,3 hops! 1,2,3 stop!
Sit down, please!
-. Балалар, бізде алда қандай мереке келе жатыр?
Балалар өз жауаптарын айтады. Мен келе жатқан жаңа жылға арнап шырша сатып алдым.Балалар,сендер енді Спотқа шыршаны безендіруге көмектесіңдер.
Балалардан қандай түс ұнайтыны сұралады:
Who likes red/yellow/green/blue/orange color?
Балалар «I like» құрылымын қолданып жауап береді.
–I like red, yellow, blue, green, orange деп сұрақтарға жауап бере отырып,балалар ұнатқан түсті шырша ойыншығын үйлестіреді.
-Міне, балалар, біздің шыршамыз әдемі болып кетті. Very good! It’s beautiful!
Достарыңызбен бөлісу: |