Ойынды ойнау. (Let’s play!) Гүлді жинау.
-Балалар енді біз Спотқа сыйлық жасайық, оған гүл жасап берейік.
Мұғалім балаларға әр-түрлі түсті қағаздан қиылған гүлдердің күлтелерін көрсетіп, ойынның шарттарын түсіндіреді. Балалардың барлығы кезекпен бір-бірден тақтаға шығады. Мұғалім үстелге гүлдердің күлтелерін қояды да, ағылшын тілінде түстердің біреуін атайды. Бала естіген күлтелерді тауып алып, тақтаға жабыстырады. Мұғалім қалған балалармен бағалайды. Сол ретінде барлық балалар бірнеше гүл тақтаға жабыстырады.
(Бұл ойында есту қабілеттері дамиды.)
Қорытынды бөлімі.
- Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?
- Бүгін сабаққа кім жақсы қатысты деп ойлайсыңдар?
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Мен сендерге кішкентай сыйлықтарды дайындадым.
(Балаларға шарлар таратылады).
Балалар, Спот өте қуанышты, біздің сабағымыз оған өте ұнады!
Good bye, children!
Good-bye, teacher! Good-bye, Spot! Сау бол Спот!
«Павлодар қаласы №33 бала-бақша» МҚКК
Ашық сабақ жоспары
Тақырыбы:
Өткізген: ағылшын тілі пәні
мұғалімі Касимова А.А.
2013-2014 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |