Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар Тақырыбы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Дата02.05.2023
өлшемі2,07 Mb.
#175916

Пән:
Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар
Тақырыбы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жоспар:
  • АКТ-ның анықтамасы.
  • АКТ пәні және оның мақсаты.
  • АКТ-ның рөлі.
  • АКТ құралдары.
  • Білім берудегі АКТ.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық, кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) – бұл есептеу техникасы құрылғыларын, сондай-ақ телекоммуникация құралдарын қолданып жүзеге асырылатын ақпараттармен өзара әрекеттесу процесстері мен әдістері.
Ақпараттық-коммуникациялық технология – ол ақпараттарды түрлендіруге және өңдеуге бағытталған технология.
АКТ әр түрлі механизмдерді, құрылғыларды, алгоритмдерді, мәліметтерді өңдеу тәсілдерін сипаттайтын жалпы ұғым болып табылады.
АКТ-ның негізгі мақсаты – білім алушының қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни білім алушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу:
  • ұқыптылыққа;
  • нақтылыққа;
  • берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына;
  • басты мәселеге назар аудара білуге;
  • өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға; дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

АКТ-ның маңызды заманауи құрылғылары:
  • қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған компьютер;
  • ішіне қажетті ақпараттар енгізілген коммуникация құралдары.

Білім беру жүйесінің ақпараттық ортасы үшін АКТ-ның негізгі құралы – ол қажетті жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандырумен, сондай-ақ аспаптық құралдармен жабдықталған дербес компьютер.
Заманауи қоғамда:
  • мәтіндік процессорлар;
  • презентациялар;
  • электрондық кестелер;
  • графикалық пакеттер;
  • органайзерлер;
  • мәліметтер қоры және т.с.с. әмбебап қолданбалы бағдарламалар мен АКТ құралдары кеңінен қолданылады.

Ғаламдық компьютерлік желі көмегімен қас-қағым сәтте әлемдегі ақпараттық ресурстарға:
  • электрондық кітапханаларға;
  • файлды сақтау қорларына;
  • мәліметтер қорларына және т.б. жетуге болады.

  • Желі басқа да кеңінен таралған АКТ-ны қолдану мүмкіндігін береді, оларға жаңалықтар тобы, электрондық пошта, чаттар, тізімдер, таратылымдар жатады.

Онлайн (нақты уақыт режимінде) хабар алысу:
  • cеанс орнатылғаннан кейін мәтінді, дыбысты, бейнені және әр түрлі файлдарды жіберу;
  • әр жерде орналасқан қолданушылар компьютерімен біріккен байланыс орнату, аудио және бейне конференция ұйымдастыру мүмкіндігін береді.

Телекоммуникациялық желілерде тиімді іздестіруді ұйымдастыру үшін автоматтан-дырылған іздестіру бағдарламалары қолданылады.
Оның мақсаты ғаламтордың әр түрлі ресурстарынан мәліметтерді жинау және қолданушыға оларға жылдам қол жеткізуді ұсыну.
Іздестіру жүйелері құжаттарды, мультимедиялық файлдарды, адамдар мен ұйымдар туралы адрестік ақпараттарды, бағдарламалық қамтамасыз етулерді табуға болады.
АКТ қолдану:
  • оқу, әдістемелік және ғылыми ақпараттарға қол жеткізу;
  • кеңестік көмек беруді жедел ұйымдастыру;
  • ғылыми және зерттеу қызметтерін модельдеу;
  • нақты уақыт режимінде виртуалды сабақтарды (дәрістерді, семинарларды) жүргізу;
  • қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

  • мүмкіндіктерін береді.

Электрондық оқу басылымы барлық оқытылатын ақпарат көлемін сақтау және беру мүмкіндігін беретін маңызды технология болып табылады.
Оларды желі арқылы және оптикалық тасушылар арқылы таратуға болады.
Электрондық оқу басылымы ақпараттарды графиктік динамикалық түрде ұсыну мүмкіндігін береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет