Ауыспалы осы шақ істің, қимылдың дағдылы түрде болып тұруын көрсетеді. Ауыспалы осы шақ түбірге көсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары мен жіктік жалғауының жалғануынан жасалады. Мысалы, жаңбыр жау-а-ды, күн күркіре-й-ді, мен айт-а-мын, сен кел-е-сің, мен келіспе-й-мін, орында-й-мын, тапсыр-а-мын, т.б.
Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған мезгілден кейін орындалатынын білдіреді. Келер шақтың үш түрі бар: 1) болжалды келер шақ, 2) мақсатты келер шақ, 3) ауыспалы келер шақ. Болжалды келершақ іс-қимылдың орындалуын болжам түрінде көрсетеді.Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р және болымсыз етістікке -с жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, қуан-ар-сың, жет-ер-сің, тоқы-р-сың, айтпа-с, сындырма-с, келтірме-с, өкпелетпе-с, т.б.
Мақсатты келер шақта іс-қимылдың орындалуы мақсатты түрде айтылады. Мақсатты келер шақ -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, тапсыр-мақ, үйрен-бек, келіс-пек, ақылдас-пақ, сұран-бақ, келтір-мек, т.б.
Ауыспалы келер шақ іс-әрекеттің орындалуын бірде осы шақтық, бірде келер шақтық мағынада көрсетеді.Ауыспалы келер шақ сол сөйлемдегі мезгіл мәнді сөздер арқылы айқындалады. Мысалы,