Мен дос туралы шығарма жазамын. Біз қала сыртына тал егеміз. Жаңбыр жауады.
Мен ертең шығарма жазамын. Біз көктемде қала сыртына тал егеміз. Кешке жаңбыр жауады.
Өткен шақ істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын орындалғанын көрсетеді. Өткен шақ мағынасына және тұлғалық белгілеріне қарай үшке бөлінеді: 1) жедел өткен шақ, 2) бұрынғы өткен шақ және 3) ауыспалы өткен шақ. Жедел өткен шақ іс-қимылдың таяу уақытта орындалғанын білдіреді. Етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, жаз-ды, көр-ді, жаттық-ты, тербет-ті. Бұрынғы өткен шақ іс-қимылдың сөйлеп тұрған уақыттын бұрын орындалғанын тұжырымды түрде көрсетеді. Бұрынғы өткен шақ -ған,-ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, оқы-ған, жеткіз-ген, жаттық-қан, тербет-кен, т.б.Бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрі үш түрлі жолмен жасалады:
1. Болымсыздық мәнді -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жеткіз-бе-ген, орында-ма-ған, үйрет-пе-ген, т.б.
2. Өткен шақтық етістіктен соң жоқ, емес көмекші сөзінің тіркесуі арқылы: тапсырған жоқ, көрген емес, т.б.
Ауыспалы өткен шақ іс-қимылдың бірде осы шақта, бірде өткен шақта орындалуын көрсетеді.Ауыспалы өткен шақ -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалады: хабарлас-атын, түсіндір-етін, қоста-йтын, т.б.
Цифрлық білім беру ресурстары: https://bilimsite.kz/bastaush/3736-etistik.html
Қалиев Ғ., Оралбаева Н., т.б. Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. А., 1997.
Білім бақылау тапсырмалары: 1-тапсырма. Етістік шақтарын ажыратып, морфологиялық талдау жасаңыз Шоқанды Көкше өзінің сұлулығымен әрдайым таң қалдырушы еді. Бұл жолы да Көкше кербез сол маңғаз қалпында қарсы алды. Оның тіп-тік найза шыңдары, биік құздары бұрынғысынша көкке қол созды. Олардың арасында Оқжетпес ерекше көзге түседі.
Шоқан Алатау, Сарыарқа саяхатынан іштей байып, жаңарып, түлеп қайтты. Ел тіршілігімен, қазақ сахарасының өзі бұрын білмеген көлеңке жақтарымен танысты. Аңдамай келген сан алуан ғажайып дүниелерді аңдады.
Бүгін, міне, осының бәрін ойша шолып, қорытындылап отыр.
Шоқан туған халқы туралы осылай ойлап отыр. Сапардан оралған соң ол генерал-губернатор Гасфортқа барып не істеп, не қойғанын баяндады. Ұлы Шоқанның атқарған жұмыстарына риза болды. Әрине, ол қазақ халқы жайындағы соны мәліметтер менің ел билеу жұмысыма пайдасы тиеді деп қуанды. Қуанғаны сонша, Шоқанның лауазымын бір саты жоғары көтеру үшін тиісті орындарға қағаз жөнелтті. Кешікпей Шоқан поручик атағын алды (Н.Баяндин).
2-тапсырма. Етістік шақтарын табыңыз, жасалу жолдарын кестемен сызып түсіндіріңіз. Баланы жыға алмаған тай ақыр аяғы, ала қашып, шаба жөнелген. Жұрттың бәрі де ығысып бөгелеңдеп қалды. Оспан тайын бұрып, көптен сытыла бергенде, ақ тай тұра қалып, мойнын ішіне алып, шыңғырып жіберіп, жаман мөңкіді. Абай Оспанды аяп: «Мерт бола ма?»,-деп қорықты. Жалғыз-ақ Оспан пішініне көзі түскенде, қайран болды. Баланың үлкен көздері от шашып, өрттей жанып алыпты. Асаумен алысқан арпалысты жаны сүйгендей. Бұл кезде Оспанның балалық жындылығы, ұр да жықтылығы біржолата жоғалғандай. Ол Абай көзінде алыс-жұлыстың бір балуаны сияқтанады. Жұрттың бәрі амалсыз иіріліп тұра қалып, ақ тай мен Оспанның арпалыс майданына қарады. Тағы бір сәтте ақ тай оқыс шапшып қап, таласқан иттей қос аяқтап шаншылып еді. (М.Әуезов).
Кері байланыс: Өтілген тақырыпқа қысқаша сөйлемдер арқылы кері байланыс берсеңіз: