а) Грамматиканы еске ала отырып, етістік туралы алған білімдерін пысықтау және етістіктің шақтарын жаттығуларды орындау арқылы бекіту.
ә) Жаттығу жұмыстары арқылы тыңдау, сөйлеу, сұраққа жауап беру дағдыларын дамыту. Жұмбақтар жасырып, шешу арқылы ой -өрістерін дамыту, шапшаңдыққа баулу.
б) Табиғатты аялауға, еңбексүйгіштікке, жан-жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Сұрақ-жауап, ұжымдық, жеке жұмыс , Блум таксономиясы
Сабақтың түрі
Жарыс сабақ
Көрнекілігі
СТО стратегиялары, кесте, слайдтар, графопроектор, смайликтер
Сабақтың барысы:
I.Білу
Психологиялық ахуалды қалыптастыру
- Сыйлап сәлем береміз, Ұстаздарды көргенде. Ізетпен бас иеміз, Бізге қонақ келгенде. -Қош келдіңіздер, қонақтар! Төрден орын алыңыздар! Топқа бөліну үшін жұмбақтарды шешіп, соның жауабына байланысты өз тобын тауып отыру.
Рефлексия. Өзін-өзі бағалау парағы арқылы топ басшылары бағалайды. Жарыс сабақ болғандықтан жинаған смайликтерін санау арқылы жеңімпаз топ анықталады. Смайликтерді қою арқылы әр оқушы өзін бағалайды.